ҚАНАТ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Уақыты: 20.07.2018
Оқылды: 1165

Жақында Индонезияның астанасы Джакарта қаласында  мүгедек спортшылар арасында  үстел теннисінен Индонезияның ашық біріншілігі өткізілді. Оған 13 мемлекеттен  140-тан  астам  спортшы  қатысып, жүлделі орындар үшін таласқа түсті. 

Бұл байрақты бәсекеде Алматы облысының  шағын ракетка шебері Қанат  Үсенов  өзінің  жақсы ойын өрнегімен  көзге түсті. Жерлесіміз кездесулерінің бәрін жинақы  әрі табысты өткізіп, бірнеше  қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірді. Тек бір кездесуде ғана  тәжірибелі теннисшіге  жол  беріп, жүлделі  үшінші  орынға ие болды. Мұндай бәсі жоғары ірі халықаралық жарыста қол жеткізген қола жүлденің өзі алтынмен пара-пар десек, артық айтқандық болмас. Біз Қанатты жоғары жетістігімен құттықтаймыз.

Шора БАТЫРБАЕВ