РЕСПУБЛИКАДА БЕЛДЕСЕДІ

Уақыты: 29.07.2018
Оқылды: 1358

Талдықорғандағы «Динамо» спорт кешенінде ІІ департаментінің арасында самбо күресінен облыстық жарыс өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайысқа жұртшылық көптеп қатысты. 

 

   Дода десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер сынға түскен балуандарды қызу қолдап отырды. Балуандар қос қапталдан бозкілемге бет алған сайын қиқу үдей түсті. Жауырынын жерге тигізгісі келмеген бозкілем шеберлерінің сайысы тартысқа толы болды. Жеңіске жеткен балуан республикалық додаға жолдама алатын болғандықтан, әр спортшы барын салып белдесті. Олимпиада жүйесі бойынша өткізілген жарыста 57 келі салмақта білек күші мен әбжіл әдіс арқылы қарсыластарын қоғадай жапырған А. Оразбек бас жүлдені жеңіп алды. Д. Самарханов күміс жүлдегер атанды. 62 келі салмақ дәрежесі бойынша 1-орынды Ж. Шәкенов, 2-орынды Ж. Бейсембаев, 3-орынды  Н. Иманжанов еншіледі. 68 келі салмақ дәрежесінде бас бәйге  Б. Дәутке бұйырды. 2-орынды   Ж. Жұматай, 3-орынды А. Айдарxан қанжығасына байлады. 74 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Д. Ғабиденұлы, 2-орынды Н. Ибраев, 3-орынды Р. Тельпекбаев иеленді. 82 келі салмақта 1-орын А. Жанайбековке, 2-орын М. Даутовқа, 3-орын   Ш. Майлановқа бұйырды. 90 келі салмақта Ж. Жұманов бас жүлдені қанжығасына байласа, А. Әділxанов күміспен күптелді. Қ. Есенгелді қоланы қанағат тұтты. 100 келі салмақта 1-орынды Ә. Бекжүнісов,   2-орынды Қ. Болат, 3-орынды О. Жанарыс иемденді. +100 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Ж. Сансызбаев, 2-орынды А. Байжігітов, 3-орынды Р. Маxмудов жеңіп алды.

Айдар ҚАЛИЕВ.