ТОЛАҒАЙЛАРДЫҢ ТАУЫ ШАҒЫЛМАСЫН

Уақыты: 10.09.2018
Оқылды: 1047

   Газетіміздің өткен санында Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатының жабылу салтанатын берген едік. Апта бойы Жетісу жерін дүбірлеткен жарыста Алматы облысының ерлер командасы жалпы командалық есепте екінші орынды алса, қыздарымыз да жеңіс тұғырынан қол бұлғады.

 

   Жалпы бұл сында жерлестеріміз 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды. Жарыстың ерекшелігі сол – үлкен спорттан шеттетілген зілтеміршілеріміздің қайта оралуы және дүбірлі додаға Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы, бірнеше рекордтың иегері Сергей Филимоновтың қонақ болып қатысуы. 
   Спорттан тысқары қалған талантты ауыр атлетшінің жарыстан бой көрсетуі көптің қызығушылығын тудырды. Қарапайым ғана тірлікпен шұғылданып, күн кешіп жүрген Сергей чемпионатты басынан аяғына дейін тамашалады. Кім біледі, бұрнағы кәсібін сағынып жүрген болар. Өзінің айтуынша, қазақстандық зілтеміршілерге қолдау білдіруге келген. Көргені мен түйгені, білімі мен білігі көп ауыр атлетшіні бапкерлік жолына шақырту жасаса, болашақ чемпиондарға көмегі тие ме деген ой қылаң береді. 
   Иә, ол бөлек әңгіме. Ендігі ойды Илья мен Зүлфияға бұрайық. Әрине, спорттан қол үзіп, қайта оралу оңай емес. Оның үстіне негативті дүниелер жүйкеге кері әсер тигізетіні бар. Осындай қиын-қыстаудан психологиялық тұрғыда сынып қалмай, жігерін қайта жинап, үлкен спортқа оралған екі спортшымызды қаһарман деуге болады. Сонымен, екі зілтеміршіміз жарыс жолына шықты. Алғашқы өнер көрсетулері жақсы болғанымен, зілтемірдің салмағы ауырлаған сайын қиындық тудыра бастады. Екінші мүмкіндіктеріне шамалары жетпей, үшінші кезеңін бағындырып жатты. Мықтыларымыз бабына әлі келмеген секілді. Зүлфия жас, тез бейімделіп кетер. Ильяның жасы да біразға келіп қалды. Ол да кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұрынғы шапшаңдық пен алып күш иесі бұл жолы байқалмады. Мүмкін арнайы сондай тапсырма ма деген ой да жоқ емес. Жарыс алдында мүлде техникамды өзгерттім деген. Расымен де өзгерткенін көрдік. Бұған дейін қызылордалық ауыр атлетші серпе көтеруде бір аяғын алдыға созып барып көтеретін еді. Бұл жолы екі аяқты жанына алшақ қойып, тік көтеру техникасын таңдаған екен. Ол өзіне қазір ыңғайлы болып тұр. Әлем алпауыттарымен сайысқанда қалай болады екен? Әлем рекордын жаңартқанда 242 келіні бағындырған. Одан да ауыр салмақты дәл қазіргідей көтеретін болса, қолдың сынып кетуі ықтимал. Оның үстіне бұрынғыдай емес, жылдамдық та азайған секілді. Тек чемпионымызға сәттілік серік болсын деп ті-лейік! 
   Бұл – ел чемпионаты кезінде көрген көрінісім және түйген ойым. Әйтсе де, Илья ел чемпионы атанды. Ол жеңісіне өте қатты қуанды. Жанкүйерлердің қолдауын сезінді, содан ләззат алды, рухтанып, зілтемірді басына көтерді. Ендігі арманымыз әлемдік сында тауы шағылмай, маңдайы жарқырасын деген тілегіміз бар. Сенім селге кетпей, үміт ақталсын. Илья жерге қаратпайды деп ойлаймыз.

Ал республикалық чемпионатта жеңіске жеткен спортшыларымыздың нәтижесі төмендегідей: 

Ерлер
55 келіде:
1 орын: Арли Чонтей (110+130)
2 орын: Руслан Фирсов (84+110)
3 орын: Али Толеков (83+103)
61 келіде:
1 орын: Азамат Төлеген (99+128)
2 орын: Игорь Вовчук (100+125)
3 орын: Нұрсұлтан Омаров (99+117)
67 келіде:
1 орын: Фархад Харки (128+163)
2 орын: Бексұлтан Айтбай (106+150)
3 орын: Ринат Баширов (105+135)
73 келіде:
1 орын: Анатолий Савельев (137+170)
2 орын: Еламан Сейітқазы (131+162)
3 орын: Васильев Владимир (132+160)
81 келіде:
1 орын: Айдар Қазов (148+191)
2 орын: Нижат Рахимов (150+185)
3 орын: Нұрғиса Әділетұлы (149+184)
89 келіде:
1 орын: Уланов Денис (160+200)
2 орын: Антропов Артём (148+197)
3 орын: Сейітказы Алишер (142+190)
96 келіде:
1 орын: Рүстем Сыбай (171+207)
2 орын: Шыңғыс Сағындықов (145+190)
3 орын: Нұржан Кеңесбек (142+184)
102 келіде:
1 орын: Илья Ильин (172+208)
2 орын: Алишер Оразбек (130+160)
3 орын: Эльдар Сембаев (105+140)
109 келіде:
1 орын: Александр Зайчиков (175+212)
2 орын: Ибрагим Берсанов (170+190)
+109 келіде:
1 орын: Ердос Сайлау (152+196)
2 орын: Евгений Колесников (125+150)
Әйелдер
45 келіде:
1 орын: Юлия Потасова (60+75)
2 орын: Айнұр Әбдіқалықова (50+61)
3 орын: Елена Переяславская (47+59)
49 келіде:
1 орын: Наталья Бедрик (62+75)
2 орын: Александра Лачкова (55+70)
3 орын: Диана Абдуллаева (52+63)
55 келіде:
1 орын: Зульфия Чиншанло (87+115)
2 орын: Ақмарал Ергешбаева (58+76)
3 орын: Камиля Острикова (58+73)
59 келіде:
1 орын: Сәуле Садуакасова (86+112)
2 орын: Ануфриева Лидия (81+99)
3 орын: Гульнура Ыбрай (76+95)
64 келіде:
1 орын: Әсем Садықова (101+127)
2 орын: Карина Горичева (97+111)
3 орын: Гүлдана Жүніс (79+102)
71 келіде:
1 орын: Надежда Лихачева (110+135)
2 орын: Екатерина Столяренко (90+120)
3 орын: Софья Лоос (74+92)
76 келіде:
1 орын: Быкова Екатерина (87+116)
2 орын: Нұрлыбекова Арай (86+107)
3 орын: Чалкарова Анжела (87+105)
81 келіде:
1 орын: Мешітханова Раушан (105+115)
2 орын: Есжанова Айым (76+102);
3 орын: Сүмбембаева Анелия (72+93)
87 келіде:
1 орын: Ахмерова Дарья (95+127)
2 орын: Базаркина Мария (73+85)
+87 келіде:
1 орын: Аборнева Александра (105+143)
2 орын: Муптильда Айзада (109+138)
3 орын: Ковальчук Любовь (92+118)

 

Ришад ТҰРҒАНБАЙ.