ӘСКЕРИЛЕР БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫСТЫ

Уақыты: 23.11.2018
Оқылды: 1076

Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында әскери бөлімдер арасында бильярдтан жарыс өтті. Оған Талдықорған гарнизонында орналасқан әскери полиция, 54380, 18404, 21751, 48386, 18386, 15603, 5514 әскери бөлімдерінің қызметшілері қатысты. Ойыншылар командалық және жеке дара рейтнигісі бойынша бақ сынасып, шеберліктерін шындады.

Талдықорған гарнизоны бойынша әскери полиция бөлімінің капитаны Ерлік Несіпбаев:

- Жарыс салауатты өмір салтын ұстануға, әскери бөлімдер арасында достық байланысты нығайтуға бағытталған. Әскери полиция бөлімінің беделін көтерген майор Н. Рахметов, майор С. Молдаханов, капитан Н. Әміровтың кәсіби шеберліктерін ерекше атап өткен жөн, - деп алмыш сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынын айтты.

Бәсеге қорытындысы бойынша командалық есепте 1-ші орынға Әскери полиция бөлімі шықса, 2-орынды 21751 әскери бөлімі иемденді, ал 54380 әскери бөлімінің қатысушылары 3-орынды қанағат тұтты. Жеке дара рейтингі бойынша Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің офицері, майор С. Молдаханов бірінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар арнайы кубок және грамоталармен марапатталды.

 

Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі