ГОЛОВКИН РИНГКЕ ҚАШАН ШЫҒАДЫ?

Уақыты: 28.11.2018
Оқылды: 1190

"Boxingnews24.com" электронды сайтының журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы жоспары жайлы нақты ақпараттарды жариялады. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі "Sports.kz" басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Головкин 2019 жылдың алғашқы жартысында, дәлірек айтсақ, наурызда немесе сәуірде рингке шығады. Әзірге Головкиннің қарсыласы туралы ештеңе айтылған жоқ. Дегенмен, GGG бапкері Абель Санчес орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы Роб Брантты айтып отыр. Олар 2019 жылдың басында осы жігітпен кездеспек ойы бар», - деп жазады Шон Джонс.

Еске сала кетейік, 20 қазанда Роб Брант (24-1, 16 КО) жапон боксшысы Риота Муратаны (14-2, 11 КО) жеңіп, WBA «тұрақты» чемпионы атанған. Головкиннің командасы 2019 жылы Жапонияда Муратамен мегафайт ұйымдастырмақ болған еді. Жапон боксшысының осы жеңілісі олардың ойын өзгертіп жіберді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"