Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандуға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды 7-SU.KZ ақпараттық порталы.
Қазақстан Президенті Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елге бейбіт өмір мен өсіп-өркендеу тіледі.
Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Молдова арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және екі ел байланысын нығайтуға дайын екенін атап өтті.





