Талдықорған: +36°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
ЭКОНОМИКА
Қара жолдың қамқоршысы
WhatsAppTelegramFacebook

ӨРКЕНИЕТТІҢ күретамыры – жол. Қай елдің дамуын алсақ та алдымен оның жол сапасы мен қатынас мүмкіндігі көзге түседі. Ал сол жолдардың әрбір шақырымында маңдай тері мен қажырлы еңбегі жатқан жандарды барлық аймақтан кездестіруге болады. Олар – жол жөндеушілер. Жаздың аптабы мен қыстың аязына қарамастан ел игілігі үшін тынымсыз еңбектеніп жүрген мамандық иелері көбіне тасада қалып қоятыны рас. Дегенмен олардың атқарған істерін – әрбір жүріп өткен жайлы да қауіпсіз жолдың өзі аңғартады. Осы мақалада біз 20 жыл бойы жол саласында табан аудармай қызмет етіп келе жатқан қарапайым да тәжірибелі жұмысшы – Күмісбек ШУДАБАЕВТЫҢ еңбек жолын әңгіме өзегіне айналдырмақпыз. 

Үлкен жауапкершілік

ЖАЗ айларында еңбек көрігі қызып, жол құрылыстары қарқын алады. Ауаны шаң басып, ауыр техникалардың гүрілі алыстан естіледі. Осындай қарбалас сәттің дәл ортасында біз жол саласының тәжірибелі маманы Күмісбек Бекбосынұлын жолықтырдық. Байқағанымыздай, ол жұмысшылардың әрбір ісін бақылап, атқарған жұмыстарына мұқият ден қойып тұр. Сәтін пайдаланып, сол жерде оны әңгімеге тарттық. Сөзінен түйгеніміз, кейіпкерміздің бұл саланы кездейсоқ таңдамағанын бірден аңғартты. Айтуынша, жол құрылысы – тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік.

КҮМІСБЕК Бекбосынұлы «Талдықорған жолдары» ЖШС-де біраз жылдан бері құрылыс жетекшісі қызметін атқарып келеді. Содан бері еліміздің біраз түкпірінде еңбек етіп, талай маңызды жол құрылысы жобаларына қатысқан. Отбасынан алыстап, Ақтөбе, Ақтау, Атырау сияқты аймақтар мен Жаркент, Үштөбе, Талдықорған – Өскемен тасжолдарын салып, күрделі учаскелерде жұмыс атқарды. Кейіпкеріміз бүгінде осындай іскерлігінің арқасында әріптестері арасында сыйлы маман.

Жол салу – тек техника жүргізу немесе асфальт төсеу ғана емес, бұл – есеп пен сапаны, қауіпсіздік пен уақытты қатар алып жүруді қажет ететін күрделі сала. Тәжірибелі маман осы талаптың бәрін терең меңгере жүріп, жастарға өз білгенін үйретіп келеді. Бір жылдары ол шалғай ауылдардағы жолдарды жаңарту жұмыстарына да қатысып, тұрғындардың қуанышын еселеуге күш салды. Себебі, жақсы жол – қатынасты жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің дамуына да серпін береді. Жол жөндеушілердің маңдай терінің арқасында бүгінде көптеген елді мекендер жаңа жолдың қызығын көріп отыр.

ЕҢБЕК адамының басты байлығы – тәжірибе мен адалдық. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген азамат қай аймақ, өңірде еңбек етсе де өзіне жүктелген іске асқан жауапкершілікпен қарауды міндет деп ұқты. Оның еңбегі – кейінгі жас мамандарға үлгі.

Жастар неге қызықпайды?

ҚАЗІРГІ таңда еліміздің инфрақұрылымын дамытуда жол саласының маңызы зор. Дегенмен, осындай маңызды салаға жастардың қызығушылығы төмен екені жиі айтылып жүр. «Жол саласына жастар келмейді» деген пікірдің қалыптасуына нендей себеп бар? Біз мұның да жауабын тәжірибелі жаннан сұрап білдік.

БІРІНШІДЕН, бұл сала көбіне ауыр еңбекпен байланысты. Жол құрылысы далада, ауа райының әртүрлі жағдайында жүргізілетіндіктен физикалық тұрғыдан төзімділікті қажет етеді. Ал қазіргі жастардың басым бөлігі жеңіл жұмыс пен кеңсе қызметін артық көреді.

ЕКІНШІДЕН, ақпараттың аздығы да әсерін тигізеді. Көптеген мектеп бітіруші жол құрылысы инженериясы, прорабтық немесе геодезия сияқты мамандықтардың мүмкіндіктерін толық білмейді. Ал бұл салада жоғары білімді мамандарға сұраныс өте жоғары.

ҮШІНШІДЕН, еңбек жағдайы мен жалақы мәселесі де маңызды фактор. Кейбір жастар бастапқы кезеңде еңбектің ауырлығына сай келетін табыс деңгейі жеткіліксіз деп есептейді. Бұл да олардың таңдауының өзгеруіне кері әсерін тигізеді.

Десек те соңғы жылдары мемлекет тарапынан бұл салаға инвестиция көбейіп, жаңа технологиялар енгізілуде. Сандық жобалау, автоматтандырылған техника қолдану сияқты жаңалықтар жастар үшін тартымды бола бастады.

Сондықтан жол саласына жастарды әкелу үшін кәсіби бағдар беруді күшейту, еңбек жағдайын жақсарту және заманауи технологияларды кеңінен енгізу маңызды. Сонда ғана мұндай ерекше салаға қызығушылық артып, білікті жастардың саны көбейеді.

«Мен сүйікті Отанымыздың игілігі үшін барлық салада табысты еңбек етіп жүрген мықты азаматтар туралы мәліметтерді көбінесе газеттерден аламын»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Заманауи техника еңбекті жеңілдетті

КҮМІСБЕК Бекбосынұлының сөзінен түсінгеніміз, бұрынғы мен қазіргі жұмыстың айырмашылығы жер мен көктей. Мәселен, бұрын жол салу жұмыстары қиын болып, көп іс қол еңбегін қажет етті. Жұмысшылар жазғы күннің аптабы мен желіне қарамай, асфальт төсеу, топырақ тегістеу, тас тасу секілді жұмыстарды қолмен атқарды. Ал бүгінде технология дамып, заманауи техникалардың көмегімен ауыр жұмыс біршама жеңілдеді.

Біраз жылдан бері жол саласында еңбек етіп келе жатқан кейіпкеріміз осы өзгерістердің куәсі. Заманауи техникалар уақытты үнемдеп, сапаның артуына пайдасын тигізуде.

Расымен, бүгінде жол құрылысына арнайы асфальт төсегіштер, ауыр катоктар, автоматтандырылған грейдерлер мен заманауи зертханалық құрылғылар кеңінен қолданылады. Бұл техникалар жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, жол сапасының жақсаруына ықпалын тигізді.

Тәжірибелі маман техника дамығанымен адам жауапкершілігінің бірінші орында болуы тиіс екенін алға тартады. Себебі, сапалы жол салу үшін әр іске мұқият қарап, талапқа сай еңбек ету қажет. Заманауи технология мен тәжірибелі мамандардың бірлескен еңбегі елдегі жол сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік туғызып отыр.

Еңбек адамының бір күні

ТАҢ атпай қала шетінде орналасқан жол жөндеу бригадасының базасында тіршілік қыза бастайды. Таңғы алтыда тұратын жол жөндеуші алдымен ауа райына көз салып, күннің жағдайын бағамдайды. Жаңбыр, ыстық немесе суық – бәрі жұмыстың сапасына тікелей әсер етеді.

Сағат жетіде бригада жиналып, күндік жоспар талқыланады. Әр жұмысшыға нақты міндет бөлінеді. Біреулер асфальт төсейтін жерді дайындайды, келесісі техниканы тексереді, ал тәжірибелі мамандар жұмыс барысын бақылайды. Күмісбек Бекбосынұлы көбіне қадағалау мен күрделі учаскелерді басқарумен айналысады.

Нағыз еңбек жолға шыққаннан кейін басталады. Ескі жабындыны алу, тегістеу, қиыршық тас төсеу, асфальт құю, тағы басқалары – бәрі бірізділік пен дәлдікті талап етеді. Түскі үзіліс қысқа ғана. Жол жиегінде отырып, жұмысшылармен бірге тамақтанып, біраз демалады. Осы сәтте тәжірибелі мамандар жас әріптестеріне кеңес беріп, жұмыстың қыр-сырын үйретеді.

Күн еңкейген сайын шаршау білінсе де жұмыс тоқтамайды. Кейде жұмыс түнге дейін созылады. Бірақ жол жөндеуші үшін ең бастысы – таң ата басталған істі кешке дейін сапалы орындау.

Кешке бір күннің нәтижесіне көз жүгіртіледі. Түзелген жол, қауіпсіз қозғалыс – жұмысшылар еңбегінің көрінісі.

Үйге қайтарда бір ғана ой бар. Ол – ертең тағы бір жол, тағы бір жауапкершіліктің күтіп тұрғаны. Осылайша, тәжірибелі қызметкердің бір күні ауыр еңбекпен, бірақ үлкен жауапкершілікпен, мақтаныш сезімімен өтеді.

Тату-тәтті отбасы

ТӘЖІРИБЕЛІ маман Күмісбек Бекбосын- ұлының Мәрияш есімді өмірлік серігі, жан жары, қолдаушысы әрі сенімді жолдасы бар. Екеуі бірге қиындықты да, қуанышты да бөлісіп, берекелі отбасының берік іргетасын қалаған. Отбасындағы шаттықтың басты көрінісі – олардың балалары. Үлкені – Марал, одан кейінгі қызы Зүлфия бүгінде тұрмыста, өз ошақтары бар. Ал кішісі Жансая студент. Әрқайсысы өз жолымен жүріп, өмірдің бар жақсылығын алуға талпынып жүр.

Үйдің кенжесі әрі жалғыз ұлы – Әмір. Ол әкесінің ісіне қызығып өсіп келеді. Жол салу саласының қыр-сырын кішкентайынан көріп, еңбекке деген құрметті бойына сіңіріп жүр. Әкесінің табанды еңбегі оған үлгі. Кейіпкеріміздің отбасы – еңбек пен бірліктің, сыйластық пен түсіністіктің жарқын көрінісі. Ол үшін ең үлкен жетістік – салған жолдарының сапасы ғана емес, сол жолдармен бірге өсіп келе жатқан тату-тәтті отбасы.

Маман не дейді?
Күмісбек Шудабаев:
– Қазір автокөлік көп. Тасжолдан жүріп өтетін ауыр салмақты техникалар да аз емес. Қыстың қары, көктем мен күздің жаңбыр суы, жаздың аптабы, яғни, ауа райындағы барлық өзгерістің салдары жолдың тез тозуына, асфальттың ойылуына, әр жерден шұңқырдың пайда болуына, жол жиектерінің бұзылуына әкеп соғады.

Мұндай кемшіліктер көлік қозғалысына қауіп төндіріп қана қоймай, жүргізушілер мен жолаушыларға қолайсыздық туғызады. Осындай жағдайды көпшілік кейде дұрыс түсінбей, «жол салушылар сапасыз жұмыс атқарады» деп реніш білдіретін кездері де бар. Жолдар жабылып, жөндеу жұмыстары жүргенде халық шыдамсыздық танытады. Әрине, көпшіліктің ренішін есту оңай емес. Сондықтан жол құрылысына қойылатын талап қатаң, сапа әрдайым басты назарда болуы маңызды.

Жол салуға қолданылатын материалдардың сапасы да шешуші рөл атқарады. Мәселен, қиыршық тас, құм, битум мен асфальт талапқа сай келмесе, жол ұзақ уақытқа шыдас бере алмайды. Ал сапалы материалмен жасалған жол көлік қозғалысына төзімді болып, ұзақ уақыт қызмет етеді. 

Айгүл БАЙБОСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026
Жетісуда ұрланған автокөлік апатқа ұшырады

Жетісуда ұрланған автокөлік апатқа ұшырады

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.