Талдықорған: +15°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көмірді жазда сатып алу ұсынылды

16 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Көмірді жазда сатып алу ұсынылды

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының көмір қоймаларына қатты отын кестеге сай жеткізіліп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда аймаққа тәулігіне орташа есеппен 9 вагон көмір түседі. Жылдағы жылыту маусымына облыс халқының қажеттілігі 375 мың тоннаны құрайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, аймақта 46 көмір түйығы мен қойма бар. Қазіргі сәтте оларда 32 мың тонна қатты отын қоры сақталған.

Мамыр айынан бастап теміржол қатынасы арқылы 24 мың тонна отын тасымалданды. Көмірдің «Шұбаркөл» және «Қаражыра» маркалары жеткілікті мөлшерде түсуде. Маман Әділет Хасенов күзгі-қысқы айларда сұраныстың артуына және кезектердің алдын алуға байланысты тұрғындарды қамдануға шақырды. Қолайлы ауа райында көмір сатып алу тасымалдау мен жеткізудегі кедергілерді сейілтеді.

Жылыту маусымына дайындық аясында жылу және электрмен жабдықтау кәсіпорындары жөндеу жұмыстарын атқаруда. Маусым басталғанға дейін 2 турбина мен 15 қазандық жөнделеді. Сонымен қатар 10,4 км жылу желісі, 558 км электр желісі және 52 трансформаторлық қосалқы станция жаңартылады. Талдықорған қаласында ұлттық жоба аясында 4,9 км жылу желісін модернизациялау көзделген.

Облыс орталығының Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында қуаты 49 Гкал/сағ болатын кварталдық қазандық пен жылу желілерін салу жалғасуда. Нысанды аяқтау қазан айына белгіленген. Талдықорған мен Текелі қалаларында жеке инвестиция есебінен жалпы жылу қуаты 118 Гкал/сағ және электр қуаты 137 МВт болатын газтурбиналық станциялар іске қосылады.

Өңірдегі газдандыру деңгейі бүгінде 67,2% көрсеткішке жетті. Қазіргі уақытта Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарындағы 16 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жобалар жыл соңына дейін аяқталмақ. Нәтижесінде Жетісу облысындағы газдандырылған елді мекендер саны 126-ға жетіп, 500 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді. Қатты отын қорын ертерек қамдау – қысқы маусымдағы тұрмыстық жайлылықтың кепілі.

Қатысты жаңалықтар

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Бүгін, 14:20
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Бүгін, 14:14
Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Бүгін, 14:07
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Исабеков Рысхан Көбегенұлы

Бүгін, 14:05
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеубаев Айрат

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тлеубаев Айрат

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.