Талдықорған: +34°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

16.07.2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

Әлеуметтік желіден

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қара өлеңінің алыбы М.Мақатаев:

Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!

Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!

Шырылдаған үніңнен айналайын,

Шыныменен өмірге келгенің бе?! – деп тебіреніспен жырлаған екен. Осылай аңсап күткен сәби өмірге келген сәттен бастап анасына ақыл айтатын да, жөн сілтейтін де жандар көбейеді. Әсіресе, бала күтіміне қатысты «былай істе», «өйтпе», «біз осылай өсірдік» деген кеңестің көптігі жас ата-ананы кейде тығырыққа тірейді. Қуантарлығы, бүгінде мұндай кеңестердің орнын біртіндеп дәрігерлердің ғылыми негізделген ұсынымдары мен дәлелді медицинаға сүйенген ақпараты басып келеді.

Адамның өмірі құрсақтан бастау алатыны бәрімізге белгілі. Адам болу – табиғатың, ал Абай айтқан «адам» болу үшін жан саулығымен қатар тән саулығының да мәні зор.

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде…

Сәби күтімі – ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибе мен ұлттық құндылықтың бір бөлігі. Дегенмен, заман өзгерген сайын бала күтіміне қатысты көзқарас та жаңарып келеді. «Заманына қарай амалы» дегендей, бұрыннан қалыптасқан түсініктердің бүгінгі медицина талаптарына қаншалықты сай келетіні ойландырады. Бүгінгі жас аналар бала күтіміне қатысты кеңесті кімнен алады? Дәстүрге сүйене ме, әлде дәрігер кеңесіне жүгінгенді жөн көре ме?

Осы мәселе төңірегінде қала тұрғыны, жас ана Дильназ Тұрарова өз тәжірибесімен бөлісіп, ана атанғанға дейін дұрыс деп қабылдаған кейбір түсініктерінің шын мәнінде қате болғанын айтқан еді.

«Мен жас ана ретінде сәбиім өмірге келген сәттен бастап көп нәрсеге жаңаша қарай бастадым. Кез келген ана сияқты оның рухани да, физикалық тұрғыдан да дені сау, мықты тұлға болып өскенін қалаймын. Сол үшін бала күтіміне қатысты көптеген ақпаратты оқып, маман кеңесіне жүгіндім. Сонда түсінгенім, ең маңызды мәселенің бірі – баланың ұйқысы екен.

Көпшілік арасында сәбидің түнде тыныш ұйықтауы үшін оны күндіз әдейі шаршату керек деген пікір бар. Бұл – қате түсінік. Баланың психикасы мен ақпаратты қабылдауы ересек адамнан өзгеше. Керісінше, шамадан тыс шаршау баланың мазасызданып, ашушаң болуына, тіпті агрессиясының күшеюіне әсер етуі мүмкін. Осыны барлық ата-ана білгенін қалар едім».

Сәби күтіміндегі миф пен шындық

Анығында, бала күтімі мен тәрбиесінде негізінен үш бағытқа сүйенеміз: діни таным, халқымыздың салт-дәстүрі және ғылыми зерттеулерге негізделген заманауи медицина. Көп жағдайда әр ана өзінің тәрбиесіне, өмірлік ұстанымына және алған біліміне қарай осының біріне ден қояды. Дегенмен, ең дұрыс жол – осы үшеуінің өзара үйлесімін табу. Кейде дәстүрге жүгінсек, кейде ғылымға сүйенеміз, ал адамгершілік пен жауапкершілікке қатысты мәселеде діни құндылықтар бағыт береді.

Осы тұста Қадыр Мырза Әлидің:

«Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра…» деген өлең жолдары ойға оралады. Өйткені бала тәрбиесінде де тепе-теңдікті сақтау аса маңызды.

Бұл пікірді Талдықорған қаласының дәрігер-педиатры Назерке Әбішева да қолдайды.

«Бала күтімі мен тәрбиесіне қатысты кеңестің көпшілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Десе де, олардың барлығы бірдей ғылыми дәлелге негізделген деу қиын. «Баланың жауырыны жабысып қалған», «Қырық күнге дейін далаға шығармау керек», «Жыласын, өкпесі ашылады», «Қатты байлап, құндақтау» «Шашты көп алсаң, қалың болып өседі» деген секілді түсініктер бүгінге дейін айтылып келеді. Алайда, бұлардың ғылыми негізі жоқ. Керісінше, кейбірі баланың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан сәби күтімі дәлелсіз пікірге емес, ғылыми негізделген ұсынымға сүйенуі тиіс», – дейді дәрігер.

Осы тақырыптан тарайтын тағы бір толғам – бесікке бөлеу салты. Сан ғасырдан бері «Бесік баласы бес түлейді» деп келген халыққа бүгінде оның бала дене бітіміне, денсаулығына зиян жағы да барын мамандардың дабыл қағып айтуы оңай соқпады, білем. Алайда, уақыт өтеді, ағыс өзгереді, бүгінгі ойлап табылған тың дүниеге де басқа бір қырынан қарайтындар табылады. Бұл – заңдылық. Бұл – өсу. Дей тұрғанмен, бесікке бөлеу ұлттық тәрбиеміздің бастауы, құндылықтың бір парасы екені өзгермес ақиқат.

Мәселен, Финляндияда жаңа туған нәрестені шалқасынан жатқызу қауіпсіз ұйқының негізгі қағидасы ретінде ұсынылады. Бұл тәсіл көптеген елдің педиатриялық қауымдастықтары тарапынан да қолдау тапқан. Демек, бесіктегі өмір – қауіпсіз өмір. Бастысы, асырасілтеушілікке бармау қажет. Себебі, бала бас сүйегі қалыпты жетілуі үшін бір бағытта ұзақ жатпауы керектігі дәлелденген.

Өз кезегінде маман сәби өмірге келгеннен кейінгі алғашқы үш ай ана мен баланың бір-біріне және жаңа өмір ырғағына бейімделу кезеңі екенін атап өтті. Сондықтан жас аналарға артық үрей мен уайымға бой алдырмай, өз денсаулығына да көңіл бөлудің маңызын ескертеді. Өйткені сәби саулығымен қатар ананың физикалық және психологиялық жағдайы да ерекше мәнге ие.

Ас тұрған жерде…

Жапонияда ата-аналар бала өмірінің алғашқы айларында ана мен сәби арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Мамандар мұның нәрестенің эмоциялық дамуына оң әсер ететінін атап өтеді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өмірінің алғашқы алты айында нәрестені тек ана сүтімен қоректендіруді ұсынады. Сонымен қатар ана сүтін мұрын қуысы ауруларын емдеуге қолданудың немесе оның «қоюлығы аз» деген желеумен басқа сүтпен араластырудың ғылыми негізі жоқ екенін ескертеді.

Нәрестенің тамақтануы көбіне ана сүтімен болатындықтан, бір қарағанда қарапайым процесс көрінуі мүмкін. Дегенмен, бұл тұста ауқаттану уақыты, мөлшері, анасының тамақтану рационы секілді дүниелер ескерілгені жөн. Себебі, сәби денсаулығындағы өзгерістің көбі осы аталғандарға тікелей байланысты.

«Балаға зиян болады» деп жас ананы тым қатаң диетаға отырғызудың да зияны бар. Себебі, босанған әйелдің ағзасына қалпына келу үшін дәрумендер мен құнарлы тағам қажет. Сондықтан ананы орынсыз тамақтан шектемеу керек. Қоғамда сәби денсаулығына қатысты сауатты көзқарастың қалыптасып келе жатқаны қуантады. Ендігі кезекте ананың денсаулығы мен күтіміне де дәл сондай мән берілсе екен», – дейді дәрігер Назерке Әбішева.

Сөзінің жалғасында маман бастысы аллергиялық реакция туғызуы мүмкін өнімдерге көңіл бөлу керегін айтады. Мұндай өнімдер анасының жеке ерекшелігіне байланысты анықталады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген аллергендік қауіпі бар тағамдар тізімінде көрсетілген.

Көңіл бөлетін мәселелер

«Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» дегеннен артық мейірім сөзін таба аламыз ба? Ана жүрегі – әлемде өлшемі жоқ ең жұмсақ, жұмыр бесік. Адамзат заңдылығы сол, кімге мейірім көп төксең, соған соншалық уайымың да артады. Оның ішінде ақ-қараны, оң-солын, жақсы-жаманды түсінбейтін, көзін жаңа ашқан сәбиге деген уайымның салмағы тіптен ауыр. Осы тұста көп ана білместіктен не артық мейірімнен қателікке барады. Бұл хақында дәрігер-педиатр көңіл бөлу керек бірнеше жайттарды атап өтті.

«Құрсақтан шығып, дүние есігін ашқан сәттен бастап сәбиде жаңа ортаға бейімделу кезеңі басталады. Бұл – шекаралық кезең деп аталады. Ол бастапқы үш айды құрайды. Іште жатқандағы баланың жүрек-қан тамыр жүйесі, асқазан жолдарының жұмысы, ортасы мүлдем басқаша кейіпте болғандықтан, алғашқы үш айда бала бойындағы кейбір өзгерістер қалыпты жағдай болуы мүмкін. Сонда да, артық қорқынышқа бой алдырмай, дәрігер кеңесіне жүгінуге болады. Ал дене қызуы көтерілгендегі құрысу (судороги), ентігу, тамақтанудан бас тарту, көп ұйқы, дене бөртпелері, су ішсе де құсу болса – лезде дәрігерге жүгіріңіз».

Осы айтылғанның бәрін сараласақ, сәби күтімі – бір ғана отбасының емес, тұтас қоғамның болашағына салынған инвестиция. Сол себепті, дәстүрден тамыр үзбей, діни құндылықты құрметтей отырып, ғылыми дәлелденген ақпаратқа сүйену – бүгінгі ата-ананың басты ұстанымына айналуы тиіс.

Айша ҚАДЫР

Қатысты жаңалықтар

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

16.07.2026
Мессидің сұңғыла пастары

Мессидің сұңғыла пастары

16.07.2026
Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

16.07.2026
Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

16.07.2026
Қоғамдық келісім және патриотизм

Қоғамдық келісім және патриотизм

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.