Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
ЖАҢАЛЫҚТАР
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары еліміздегі түрлі салада заң үстемдігіне сай тәртіп орнап, реттеліп келеді. Соның ішінде, ескерткіштер қоюға, көшелерге атау беруге және оны өзгертуге қатысты нақты заңнамалық реттеу шаралары қабылданды. Осы саладағы нормативтік база түбегейлі жаңартылды, құзырлы мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен келісу талаптары айқындалды, бір сөзбен, тәртіп орнады деуге болады. Бұрын ономастика мәселелері әр өңірде әркелкі шешілетін. Енді, нақты талап пен ортақ ұстаным, ең бастысы бірізділік бар.

Осы тұста тағы бір мәселеге назар аударғым келеді. Қазір түрлі шаруа қожалықтарын, серіктестіктер мен фирмаларды, кәсіпорындарды қазақ руларының атымен атау жиілеп кеткен сияқты. Мысалы, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік мәліметтер базасының ақпаратына сәйкес, Қазақстанда қазақ руларының атымен аталған 800-ге жуық коммерциялық және коммерциялық емес ұйым бар. Олар негізінен 1996-2005 жылдар аралығында тіркелген.

Қоғамда мұндай жағдайдың орын алуы қисынсыздау екені тайға таңба басқандай көрініп тұр. Қазақ үшін ру тарихи тамырын танудың, жеті атасын білудің, ата-баба шежіресін құрметтеудің жолы. Алайда ру – елдік мүддеден, мемлекетшілдік идеясынан жоғары тұратын ұғым емес.

Жекелеген кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдарға ру атауларын берудің кеңінен таралуы қоғамда рушылдық түсініктің қайта жаңғыруына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл – жай ғана атау мәселесі емес, керісінше, болашақ ұрпақтың дүниетанымына тікелей қатысты мәселе. Өйткені, ру атауын жалаулатқан шаруашылықтың түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

 Әділетті Қазақстанды құрып жатқан кезеңде жершілдікке, жүзге бөлінушілікке орын болмауы тиіс. Рушылдық тамыр жайған жерде әділ бәсекелестік әлсірейді, меритократия қағидаттары бұзылады, ортақ мүдденің орнына тар топтық мүдде алға шығады. Мұндайға жол беруге болмайды, тіпті бұл мысалдарды жөнсіз әрі қисынсыз бастама деп қарауымыз қажет.

Тарихи шежіремізді құрметтеу парыз, ал ру атауларын коммерциялық мүдденің құралына айналдыру қоғамды жікке бөлуге алғышарт қалыптастыратыны сөзсіз. Әрине, қолданыстағы заңнамада ру атауларын пайдалануға тыйым салуға қатысты норма жоқ. Азаматтық кодексте заң талаптарына немесе қоғамдық моральға қайшы келетін атауларды пайдалануға шектеу қойылған.

 Менің ойымша, заңды тұлғаларды, кәсіпорындарды нақты бір рудың атымен атаудың астарында рушылдықтың белгілері бар. Оның үстіне, сондай кәсіпорындардың қызметіне, өніміне қатысты сын-пікір айтылса, наразылық болса, бірден сол рудың да өкілдеріне сөз тиеді. Мұндай ахуал руаралық араздықты қоздыруы мүмкін.

Қазақта «бөлінгенді бөрі жейді» деген нақыл сөз бар.  Халқымыз ел бірлігін, татулықты ерекше қадірлеген. Мемлекет басшысы да халқымыздың бірлігі мен татулығын сақтау басты міндеттің бірі екенін үнемі айтады. «Руды білу – тарихты тану, бірақ руға бөліну – бірлікті бұзу» екенін ұмытпауымыз керек.

Сондықтан, мен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңға және басқа да тиісті нормативтік актілерге ру немесе жүз атауымен аталатын заңды тұлғаларды тіркеуге, қоғамдық бірлестіктер құруға нақты шектеу қоятын норма енгізу қажет деп санаймын.

Осыған орай, Әділет министрлігінен заңды тұлғалардың атауына қатысты нақты талаптар енгізу, яғни қазақтың ру-тайпаларының атымен атауға заң жүзінде тыйым салу мәселесін қарастыруды сұраймын.

 

Құрметпен Аят СҮГІРБАЙ
Әділет Фракциясының депутаты

Қатысты жаңалықтар

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Бүгін, 16:50
Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Қазақстан Республикасы Құрылтайының үндеуі

Бүгін, 16:43
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Жібек жолы» мен «Гишт-Куприк» өткізу пункті ашылды

Бүгін, 16:33
Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Сусынға жасырын зат қосу: Қазақстанда спайкинг үшін жауапкершілік енгізу ұсынылды

Бүгін, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барады

Бүгін, 15:44

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.