Талдықорған: +26°C
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жүрекке салмақ салмаңыз

19.07.2026
ДЕНСАУЛЫҚ, КҮНДЕРЕК
Жүрекке салмақ салмаңыз
WhatsAppTelegramFacebook

Газетіміздің «Диагноз» бетінің бүгінгі қонағы – Кербұлақ аудандық ауруханасының кардиолог-дәрігері Бейбарыс-Сұлтан Құттықожа. Дәрігермен жүрек ауруларының алғашқы белгілері, қан қысымын бақылау, холестериннің зияны, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, күйзелістің әсері, заманауи емдеу тәсілдері және жүрек саулығын сақтаудың тиімді жолдары туралы әңгімелестік.

– Бейбарыс-Сұлтан Нұрланұлы, жүрек-қантамырлары ауруымен ауыратын науқастар саны артып, жасарып бара жатқанын білеміз. Осы орайда Кербұлақ ауданындағы жағдай қандай?

– Өкінішке қарай, бұл дерт тек егде жастағы адамдарға ғана тән емес, соңғы жылдары жастар арасында да жиі кездесуде. Өз тәжірибемде небәрі 27 жасында миокард инфарктісіне шалдыққан науқасты көрдім. Бұл жүрек ауруларының жасарып келе жатқанының айқын дәлелі.
Кербұлақ ауданында жүрек-қан тамырлары ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұрғындар саны аз емес. Бүгінде аудан бойынша артериялық гипертония диагнозымен 3000-нан астам, ал ишемиялық жүрек ауруымен 1200-ден астам адам есепте тұр. Бұл көрсеткіш жүрекке ерекше мән беріп, аурудың алдын алу шараларын күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

– Жүрек ауруларының алғашқы белгілерін айтсаңыз? дәрігерге Қандай жағдайда шұғыл қаралу керек?

– Жүрек ауруларының алғашқы белгілері әртүрлі. Дегенмен, ең жиі кездесетін белгілердің бірі – физикалық күш түскен кезде кеудеде пайда болатын ыңғайсыздық.
Әсіресе кеуденің дәл ортасында қысылу, басу немесе ауырсыну сезіліп, ол сол қолға, мойынға немесе жаққа тараса жүрек сырқатының белгісі болуы мүмкін. Сондай-ақ, ентігу, әлсіздік, суық тер пайда болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Егер бұл белгілер тыныққаннан кейін басылса, бұл жүректің ишемиялық ауруының белгісі. Ал ауырсыну тыныштықта пайда болып, 15 минуттан артық созылса немесе басылмаса, бұл инфаркттің белгісі болуы ықтимал. Мұндай жағдайда дереу «жедел жәрдем» шақыру қажет.
Өкінішке қарай кейбір науқастар кеудедегі қысылуды асқазанның қыжылы немесе асқазан ауруы деп қабылдап, өз бетінше емделуге тырысады. Кейбірі ас содасын немесе асқазанға арналған дәрілерді ішкеннен кейін ауырсыну уақытша басылғандай әсер алады. Алайда бұл мәселенің түпкі себебін шешпейді. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралу керек.

– Артериялық қысымның қалыпты көрсеткіші қандай? Қан қысымын қаншалықты жиі бақылау қажет?

– Артериялық қысымның қалыпты көрсеткіші – шамамен 120/80 мм. сынап бағанасын көрсетеді. Егер қан қысымы бірнеше рет өлшегенде 140/90 мм. сынап бағанасынан жоғары болса міндетті түрде дәрігерге қаралып, тексеруден өткен жөн.
Артериялық гипертензиясы бар науқастарға қан қысымын күн сайын кемінде бір рет өлшеп, көрсеткіштерін бақылап отыруды ұсынамын. Қан қысымын тұрақты бақылау аурудың ағымын бағалауға, емнің тиімділігін бақылауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

– Холестериннің жоғары болуы қауіп пе? Оны қалай бақылауға болады?

– Холестерин деңгейінің жоғары бо-луы – жүрек-қан тамырлары ауруларының маңызды қауіп факторларының бірі. Әсіресе «жаман» холестериннің (ТТЛП) жоғарылауы қантамырларында атеросклероздың дамуына әкеліп, инфаркт пен инсульт қаупін арттыруы мүмкін.
Қазіргі таңда холестерині жоғары науқастарды бақылау және емдеу мақсатында липидология кабинеттері ашылып жатыр. Бұл кабинеттерде науқастардың липидтік көрсеткіштері бағаланып, қажетті ем тағайындалып, динамикалық бақылау жүргізіледі. Сондықтан холестерин деңгейін уақытылы тексеріп, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және дәрі- гердің ұсынымдарын орындау – жүрек ауруларының алдын алудың маңызды бөлігі.

– Жүрек саулығы үшін дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары қандай?

– Жүрек саулығын сақтау үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Мен пациенттеріме ең алдымен майлы, қуырылған тағамдарды, трансмайларды, тұзды және қант мөлшері жоғары өнімдерді шектеуді ұсынамын. Себебі, бұл факторлар қан қысымының жоғарылауына, холестериннің көбеюіне және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупіне әсер етеді.
Көкөніс пен жемістерді, балықты, майы аз ет өнімдерін, тұтас дәнді тағамдарды және пайдалы майларға бай өнімдерді көбірек қолданған дұрыс. Сонымен қатар тұзды тәулігіне шектеу, жеткілікті су ішу және тамақтану тәртібін сақтау маңызды. Жүрекке пайдалы тамақтану – бұл уақытша диета емес, күнделікті өмір салты болуы керек. Дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі және қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылау жүрек ауруларының алдын алуға көмектеседі.

– Жаяу жүрудің жүрекке пайдасы қандай? Күніне қанша қадам жүрген дұрыс?

– Жаяу жүру – жүрек саулығы үшін ең қарапайым әрі тиімді жаттығулардың бірі. Мен жалпы науқастарға күнделікті қозғалыста болуды, әсіресе скандинавиялық жүріс түрін ұсынамын. Бұл әдіс жүрек жұмысын жақсартып, қан айналымын күшейтуге және ағзаны белсенді ұстауға көмектеседі.
Күніне 7-10 мың қадам жүру пайдалы, алайда ең маңыздысы – тұрақты қозғалыс. Дене белсенділігін әр адамның денсаулық жағдайына қарай біртіндеп арттырған дұрыс.

– Стресс пен ұйқының бұзылуы жүрек жұмысына қалай әсер етеді?

– Созылмалы стресс пен ұйқының жеткіліксіздігі жүрекке кері әсер етеді. Олар қан қысымының жоғарылауына, жүрек соғуының жиілеуіне және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жүрек саулығы үшін күйзелісті азайтып, ұйқы тәртібін сақтау маңызды. Ересек адамға тәулігіне 7-9 сағат сапалы ұйқы қажет.

– Жүрек қағысының жиілеуі немесе ырғақтың бұзылуы қауіпті ме? Жүрек ауруларына шалдыққан адам қандай дене шынықтырумен айналысқан жөн?

– Жүрек қағысының жиілеуі немесе жүрек ырғағының бұзылуы әрдайым қауіпті жағдайды білдірмейді. Кейде бұл стресс, шаршау, кофеинді, энергетикалық сусындарды шамадан тыс қолдану немесе физикалық күш түсу кезінде пайда болуы мүмкін. Алайда жүрек қағуы жиі қайталанса, ұзаққа созылса, бас айналса міндетті түрде кардиологқа қаралу қажет.
Жүрек ауруына шалдыққан адамдарға дәрігердің кеңесімен жеңіл және орташа қарқынды дене белсенділігі ұсынылады. Соның ішінде күнделікті жаяу жүру, скандинавиялық жүріс, жеңіл гимнастика пайдалы. Ең бастысы – жаттығуды адамның денсаулық жағдайына қарай таңдап, шамадан тыс күш түсірмеу.

– ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ БАР ТАҒЫ ҚАНДАЙ ӨНІМДЕР БАР? біз білетін энергетикалық сусындар тіршілік «маторының» ЖҮРІСІН ЖАҢЫЛДЫРАДЫ ДЕЙДІ…

– Темекі, алкоголь және энергетикалық сусындар жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Бұл әдеттерден бас тарту жүрек денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Себебі, темекі қан тамырларын зақымдап, инфаркт қаупін арттырады.
Алкогольді шамадан тыс қолдану қан қысымының жоғарылауына, жүрек ырғағының бұзылуына және жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Ал энергетикалық сусындарға ерекше назар аудару қажет. Менің тәжірибемде күніне 2-3 банка энергетикалық сусын ішіп, кейін жүрек қағуының жиілеуі, аритмия және жүрек ырғағының бұзылуына байланысты келетін жас науқастар жиі кездеседі. Сондықтан энергетикалық сусындарды шамадан тыс қолдану жүрекке қосымша жүктеме түсіретінін ескерген жөн. Жүректі сақтау үшін зиянды әдеттерден бас тартып, саламатты өмір салтын ұстану маңызды.

– Қандай адамдар жүрек ауруларына қауіпті топқа жатады? Тексерудің қай түрінен өтіп тұрған жөн?

– Жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп тобына қан қысымы, холестерині жоғары, қант диабеті, артық салмағы бар, темекі шегетін және қозғалысы аз адамдар жатады. Сонымен қатар отбасында ерте жаста жүрек аурулары болған адамдарға да ерекше көңіл бөлу қажет. Алдын алу үшін қан қысымын, холестерин мен қант деңгейін бақылап, қажет жағдайда ЭКГ және ЭХОКГ тексерулерінен өтіп тұрған дұрыс. Жүрек ауруларын ерте анықтау – асқынулардың алдын алудың маңызды жолы.

– Жаздың аптап ыстығында немесе қыстың қатты аязында жүрек ауруы бар адамдар қандай сақтық шараларын ұстануы керек?

– Ауа райының күрт өзгеруі жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға қосымша әсер етуі мүмкін. Жаздың ыстығында ағза сусызданбауы үшін жеткілікті су ішіп, күннің ең ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеу керек. Ал қыстың қатты аязында суық ауа қан тамырларын тарылтып, жүрекке түсетін жүктемені арттыруы мүмкін. Сондықтан жылы киініп, ауыр физикалық күш түсірмеу маңызды.
Менің кеңесім – ауа райына қарамастан қан қысымын бақылап, дәрілерді уақытылы қабылдап, денсаулық жағдайындағы кез келген өзгеріске мән беру.

– Жүрек дәрілерін өмір бойы қабылдау қажет болатын жағдайлар бар ма?

– Кейбір жүрек-қан тамырлары ауруларында дәрілерді ұзақ уақыт, тіпті өмір бойы қабылдау қажет болуы мүмкін. Бұл адамның диагнозына, аурудың ауырлығына және асқыну қаупіне байланысты.
Мысалы, артериялық гипертония, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының кейбір бұзылыстары немесе инфаркттан кейінгі жағдайларда дәрігер тағайындаған емді үзбей қабылдау өте маңызды.
Менің кеңесім – дәрілерді өз бетінше тоқтатпау немесе өзгертпеу. Емнің тиімділігін бақылау үшін кардиологтың тұрақты бақылауында болған дұрыс.

– Жасанды интеллект, жаңа диагностикалық әдістер мен емдеу технологиялары кардиологияға қандай жаңалық әкеліп жатыр?

– Қазіргі таңда кардиологияда жасанды интеллект және жаңа диагностикалық әдістер үлкен мүмкіндіктер беріп жатыр. Жасанды интеллект ЭКГ, ЭХОКГ және басқа да зерттеу нәтижелерін талдауға көмектесіп, жүрек ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүректі тексеру әдістері де жетілдіріліп келеді. Заманауи аппараттардың көмегімен жүрек жұмысын, ырғағын және қан тамырларының жағдайын дәлірек бағалауға болады. Бұл технологиялар дәрігерге ауруды ерте анықтап, науқасқа уақытылы және дұрыс ем тағайындауға көмектеседі.

– Жүректі сақтау үшін әр адам ұстануға тиіс ең маңызды бес кеңес АЙТСАҢЫЗ?

– Қан қысымын, холестерин мен қант деңгейін бақылау – жүрек ауруларының негізгі қауіп факторларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану – тұзды, майлы тағамдарды шектеп, көкөніс пен пайдалы тағамдарды көбірек тұтыну қажет. Тұрақты қозғалыста болу – күнделікті жүру, әсіресе скандинавиялық жүріс жүрекке пайдалы. Зиянды әдеттерден бас тарту – темекі, алкоголь және энергетикалық сусындарды шамадан тыс қолдану жүрек ырғағына кері әсер етеді. Сондықтан жүрек саулығына ерте жастан көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, қауіп факторларын дер кезінде анықтау аса маңызды. Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, саламатты өмір салтын ұстануы қажет.

Ибн Сина айтқандай: «Денсаулық – адамға берілген ең үлкен байлық». Бұл сөздің мәні бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы – ауруды емдеуден бұрын, оның алдын алу.

Сұхбаттасқан Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

20.07.2026
Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

20.07.2026
QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

20.07.2026
Жетісу облысында туризмді дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жетісу облысында туризмді дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

20.07.2026
Зейнетақы жинақтары мен жаңа реформа: Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Зейнетақы жинақтары мен жаңа реформа: Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

20.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.