Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАР

25 желтоқсан 2024
РУХАНИЯТ
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ ОҚИҒАЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жыл қорытындысын шығаруда. Айта кету керек, мәдениет пен өнер саласындағы кадрларды дамытуға бағытталған жүйелі іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.


2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1637 орын бөлінді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына студенттерді қабылдауды сапалы жүргізу мақсатында, кейбір қолданыстағы білім беру бағдарламалары топтары бөлініп, нәтижесінде 12 жаңа топ құрылды (аспаптық орындаушылық, вокалдық өнер, дәстүрлі музыкалық өнер, эстрадалық өнер, кино және теледидар режиссурасы, сахналық өнер мен цирк режиссурасы, анимация режиссурасы, операторлық және фотоөнер, медиаөнер және цифрлық технологиялар, сценография, сәндік өнер, сондай-ақ сән дизайны).

Биыл білім беру саласында ауқымды іс-шаралар мен маңызды оқиғалар өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітова есімі берілді. Бұл шешім қазақ мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан ерекше тұлғаны мойындау ғана емес, сонымен қатар ұлттық болмысты нығайтудағы маңызды қадам болды.

Еліміздің музыкалық өнері үшін ерекше маңызды оқиға – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өзінің 80 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Сексен жыл ішінде консерватория мәдени орталыққа айналып, Қазақстанды әлемдік аренада танытқан көптеген өнер қайраткерлерін тәрбиеледі. Оның түлектері арасында Қазақстанның халық әртістері, еңбек сіңірген қайраткерлер және көрнекті музыканттар бар.

Сонымен қатар, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты да мерейтойын тойлады. Мерейтойлық іс-шара мерекелік концертпен атап өтілді.

Жыл бойы білім беру процесінің маңызды бөлігі түрлі байқаулар мен фестивальдер болды. Олар жас таланттарға платформа ұсынып, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етті.

Айтулы іс-шаралардың бірі — Күләш Байсейітова атындағы музыка мектеп-интернатында өткен Қазақстан жас орындаушыларының XII Республикалық конкурсы. Оған 187 жас талант қатысып, олардың 162-сі лауреат атанды.

Алматыдағы А.Селезнев атындағы хореография училищесінің 90 жылдығына арналған «ӨРЛЕУ» VI Халықаралық фестивалінің өткізілуі хореографиялық өнерге жұртшылық назарын аударды. Фестивальге тоғыз елден өнерпаздар қатысты.

Жас таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған байқаулар да үлкен маңызға ие болды. Атап айтқанда, колледждер арасындағы Республикалық байқау, жас шығармашыл жастарға арналған «Шабыт» Халықаралық байқауы, Ахмет Жұбанов атындағы орындаушылардың Халықаралық байқауы және «Astana Merey» ХХ Халықаралық байқауы өткізілді.

Айрықша атап өтуге лайық іс-шаралардың бірі — жас пианистерге арналған II Республикалық «Astana Piano Passion» байқауы. Бұл шара жас дарындарға өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп, Қазақстанның мәдени кеңістігін жаңа есімдермен байытты.

Жыл бойы мәдениет саласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары шетелде өткен халықаралық байқауларда, соның ішінде Австрия, Қытай, Италия, АҚШ, Чехия және Ресейде бірнеше рет жеңіске жетіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.