Талдықорған: +11°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы
WhatsAppTelegramFacebook

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ТҰРҒАН РАСИҚА САПАРҚЫЗЫ. Бірмандатты сайлау округі № 8.

«Халық денсаулығы – басты құндылық,
ал халыққа қызмет ету – менің жауапкершілігім!»

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Тұрған Расиқа Сапарқызы, 1994 жылғы 13 қыркүйекте Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келдім. Жоғары білімдімін. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін тәмамдап, терапия мамандығы бойынша білім алдым.

2017 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келемін. Алматы қаласындағы медициналық мекемелерде медбике, вакцинация кабинетінің дәрігері және жалпы практика дәрігері болып жұмыс істедім. 2024 жылдан бері Жетісу облысы Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасында терапевт дәрігер, жалпы практика дәрігері және күндізгі стационар меңгерушісі қызметтерін атқарып келемін.

Мен үшін халық денсаулығы – басты құндылық. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, жастарды қолдау және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал ету маңызды. Тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне және қабылданған шешімдердің орындалуына ықпал етуге дайынмын.

Құрметпен Тұрған Расиқа

 

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту жұмыстарына ықпал ету. Ескелді ауданында нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 2026 жылғы 63%-дан 2031 жылы 69%-ға дейін жеткізу жөніндегі жоспардың орындалуын бақылауға атсалысамын.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауызсу жүйелерін жаңғырту және электр желілерінің сапасын арттыру мәселелерін назарда ұстау. Ауданда жоспарланған 33,03 шақырым су құбыры желілерін салу және реконструкциялау жұмыстарының орындалуына ықпал ету.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.Шағын кәсіпкерлік пен жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға қолдау көрсету.Ауданда бағдарлама аясында 2026–2029 жылдары 63 микрокредит беру жоспарының орындалуын бақылау.

4. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламаларына тартуға ықпал ету. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы тұрғындардың жаңа мамандық меңгеруіне жағдай жасауға атсалысу. Ауданда 2026–2031 жылдары 380 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту жөніндегі жоспардың орындалуын назарда ұстаймын

5. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

2026 жылдың соңына дейін Ескелді ауданындағы 9 медициналық нысанды газдандыру және аудандық орталық аурухана аумағында компьютерлік томографияға арналған жаңа ғимарат салу. 2027 жылы Орқұсақ, Мелькомбинат және Ақтасты ауылдарында жаңа блокты-модульдік медициналық кешендер орнату, Алдабергенов ауылында дәрігерлік амбулатория салу Сырымбет, Ақын Сара, Бақтыбай, Қоңыр және Көкжазық ауылдарындағы медициналық нысандарда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуін қадағалайтын боламын.

6. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Қарабұлақ ауылындағы мектептің білім беру сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету. Аудандағы шағын жинақты мектептерге әдістемелік қолдау көрсету жоспарының орындалуын бақылау. Жол картасында Қарабұлақ және Жаңалық ауылдарындағы 2 мектеп қамтылған. Балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін назарда ұстау.

7. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігі мәселесін көтеру. Интернет сапасы мен байланыс тұрақтылығына қатысты тұрғындардың өтініштерін тиісті органдарға жеткізу.

8. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Ауыл аумағын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге ықпал ету. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесін арттыруға бағытталған аудандық жұмыстарды бақылау. Ескелді ауданында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 2026 жылғы 15%-дан 2030 жылы 18,4%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Сіздердің сенімдеріңізді ақтау – мен үшін үлкен жауапкершілік!

Әр ауылдың мәселесіне бейжай қарамай, әр тұрғынның өтінішіне құлақ асуға дайынмын!

Өз таңдауыңызды жасаңыз! Сайлауға қатысыңыз!

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Туған жердің дамуы – әрбір тұрғынның әл-ауқаты мен жарқын болашағының кепілі. Әр отбасының тұрмысы жақсарып, әр елді мекеннің дамуы – ортақ міндетіміз.

Сапалы жол, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға мүмкіндік беру – назардан тыс қалмауы тиіс маңызды мәселелер.

№ 8 бірмандатты сайлау округі бойынша менің мақсатым – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне заң аясында ықпал ету.

Мен үшін әділдік, ашықтық және жауапкершілік – басты қағидаттар. Әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, әрбір бастама нақты нәтижеге бағытталуы керек.

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әділдік – баршаға ортақ қағида. Әр тұрғынның құқығы қорғалып, ешбір елді мекен назардан тыс қалмауы тиіс.

Уәде емес – нақты нәтиже. Жол, ауызсу, жарық, тазалық пен инфрақұрылым мәселелері сөз жүзінде емес, іс жүзінде шешілуі керек. Еңбекке құрмет – елге құрмет. Ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек адамдарына қолдау көрсетуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық беру.

Жастарға мүмкіндік, болашаққа сенім. Білімді, бастамашыл жастардың туған жерінде дамуына, еңбек етуіне және өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау.

Ашықтық – сенім негізі. Халықпен тұрақты байланыста болу, әрбір өтінішке құлақ асу және атқарылған жұмыс үшін жауап беру. «

Әділдікке – адалдық, сөзге – жауапкершілік, іске – табандылық!»

                  Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

 

Тапсырыс беруші: Тұрған Расиқа Сапарқызы.

Қаражат кандидаттың Ескелді  аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баймұханов Бауыржан Уразамбайұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Баймұханов Бауыржан Уразамбайұлы

Бүгін, 16:02
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Бүгін, 15:57
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Бүгін, 15:51
Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.