САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат БАЙМУХАНОВ БАУЫРЖАН УРАЗАМБАЙҰЛЫ
№6 сайлау округі
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.
Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.
Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.
Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Баймұханов Бауыржан Уразамбайұлы, 1971 жылы Жетісу облысы, Алакөл ауданының Жайпақ ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Барлыбек Сырттанов ауылында тұрамын. Еңбек жолымды Ақсу ауданы, Қызылту совхозында мал шаруашылығы саласында бастадым. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Дарина» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеймін. Көпжылдық еңбек жолымда ауыл шаруашылық саласында тәжірибе жинақтадым.
Ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы, көшелердің тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Ақсу ауданының дамуы мен үшін маңызды. Ауданымыздың әрбір ауылында сапалы жол, көше жарығы, таза ауыл, жасыл желек және қолайлы қоғамдық кеңістіктер болуы тиіс.
Менің сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Негізгі назарымды ауыл шаруашылықты дамытуға, экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге, жол және көше инфрақұрылымдарын жақсартуға, сондай-ақ жергілікті басқарудың ашықтығын арттыруға аударамын.
Депутаттық өкілеттігім шеңберінде тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеруге, олардың шешілуін бақылауға және атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беруге күш саламын.
Құрметпен, Баймуханов Бауыржан
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Шаруалардың мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелерге қол жетімділігін арттыру мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру. Көктемгі егіс жұмыстарын бастау кезеңінде шаруаларға сапалы тұқым мен жанар-жағармайды уақытылы және қолжетімді бағамен табуға, жеткізуге және қажетті қолдау көрсетуге ықпал ету. Суару жүйелерін жаңарту, егістік алқаптарды сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту мәселелерін шешуге ықпал ету. Күзгі науқан кезеңінде шаруалардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуіне жәрдемдесу, өнімдерін тиімді бағамен сатуға мүмкіндік жасау, өткізу нарықтарын кеңейту және жәрмеңкелер ұйымдастыруға ықпал ету. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.
- ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
№6 сайлау округі бойынша Ауылдардағы жөндеуді қажет ететін көшелерді анықтап, оларды жөндеу кезектілігін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу. Білім беру ұйымдарының маңындағы және ауыл көшелеріндегі жол белгілерінің жағдайын тиісті мамандармен бірлесіп мониторинг етіп, қажет болған жағдайда оларды жаңарту, қалпына келтіру және жаңадан орнату бойынша ұсыныс енгізуге ықпал ету .
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге ықпал ету.Әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындардың мәселелерін тиісті мекемелердің алдында көтеру.Зейнеткерлер мен ардагерлерге, әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше көңіл бөлу.Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік қолдау бағдарламалары туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Мұқтаж отбасылардың өтініштерін назарға алып, олардың мәселелерінің шешілуіне жәрдемдесу.Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға және ауыл тұрғындары арасында өзара көмек мәдениетін дамытуға ықпал ету.
- БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Б.Сырттанов, Копа ауылдарындағы білім беру ұйымдарында ағымды жөндеу жұмыстарына ықпал ету. Жастардың техникалық мамандықтарды меңгеруіне, кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына ықпал ету. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін оларды білім беру ұйымдарындағы тегін спорт секцияларына және түрлі үйірмелерге тартуға ықпал ету. Балалардың спортпен шұғылданып, өз қабілеттерін дамытуына және пайдалы іспен айналысуына қолдау көрсету.
- СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Б.Сырттанов ауылындағы балалар және спорт алаңдарына ағымды жөндеу жүргізуіне ықпал ету. Ауылдық елді мекендердегі балалар мен жастарға арналған спорт секциялары мен мәдени-шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету.Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, бұқаралық спортпен айналысуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына жағдай жасауға атсалысу. Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына және ауылдың дамуына бағытталған бастамаларының жүзеге асуына қолдау көрсету.
- КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
Ауылда шағын бизнес нысандарын ашуға, қызмет көрсету сапасын дамытуға және жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдау. Жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау, олардың өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін көтеру.
- ТАЗА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛ
Ағаш отырғызу аудан аумағында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2027-2030 жылдар аралығында көзделген 7,51 мын көшеттің отырғызылуын бақылауға алуға, жасыл желектерді сақтау және суару жүйелерін күтіп ұстау бойынша экологиялық бастамаларды қолдау. Ауылдағы көшелерді жарықтандыру, қараусыз қалған аумақтарды ретке келтіру және қоғамдық орындардың қауіпсіздігін арттыру мәселелерін көтеру. Ауыл азаматтардың ұсыныстарын жергілікті жобаларды жоспарлау кезінде ескеруге ықпал ету.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауылда денсаулық сақтау нысандарын салу, қолданыстағы фельдшерлік пункттерді жөндеу және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ету жөніндегі бастамаларды қолдау. Ауылда жетіспейтін медицина мамандарын мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы тартуға ықпал ету.
- ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ауылдар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салу. Елді мекендердегі қажетті орындарға бейнебақылау камераларын орнату мәселесін тиісті органдардың алдына қою. Балалардың қауіпсіздігіне, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және тұрғындардың өтініштеріне уақытылы жауап беруге ерекше көңіл бөлу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІ ИНТЕРНЕТ
Ауылдық округ пен шалғай елді мекендерде ұялы байланыс сапасын жақсартуға және интернеттің қол жетімділігін арттыруға ықпал ету. Байланыс нашар жерлердің мәселесін тиісті мекемелердің алдына қойып, тұрғындардың сапалы байланыс пен интернетке қол жеткізуіне қолдау көрсету.
Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!
Тапсырыс беруші: Баймуханов Бауыржан Уразамбайұлы
Қаражат кандидаттың Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.







