
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Амангелді Ерасыл Әділұлы
№7 сайлау округі
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.
Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.
Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.
Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
«Ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керек»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Амангелді Ерасыл Әділұлы, 1998 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданының Ақсу ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Ақсу ауданының Ақсу ауылында тұрамын. 2017 жылы Талдықорған политехникалық колледжін аяқтадым. 2020 жылы Шымкент қаласындағы Әлеуметтік-аймақтық инновациялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірдім . Еңбек жолын 2017 жылы Талдықорған қаласындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде белбеу күресінен жаттықтырушы болып бастадым. 2022 жылы Ақсу ауданының Ақсу ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің басшысы болып тағайындалып.қазіргі уақытқа дейін сол қызіметті атқарып келемін.
Көпжылдық еңбек жолымда білім беру, мемлекеттік басқару, салаларында тәжірибе жинақтадым.
Ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы коммуналдық қызметтің сапасы, көшелер мен аулалардың тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Ақсу ауданының дамуы мен үшін маңызды. Ауданымызда сапалы жол, жарық көше, таза аула, жасыл желек және қолайлы қоғамдық кеңістіктер болуы тиіс.
Менің сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Негізгі назарымды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға, экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге, жол және көше инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жергілікті басқарудың ашықтығын арттыруға аударамын.
Депутаттық өкілеттігім шеңберінде тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеруге, олардың шешілуін бақылауға және атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беруге күш саламын.
Мен үшін басты мақсат – ауылымызды таза, қауіпсіз, көркейген және тұрғындарға қолайлы ауылға айналдыруға үлес қосу.
Құрметпен, Аманкелді Ерасыл
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ
Ақсу ауылындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін дамыту және жайылу, түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыз сумен қамту, жол жөндеу мәселелерін көтеру, ескі көше шамдарын жаңарту, жұмыс қамтамасыз ету және энергия үнемдегіш жарықтандыру технологиясын енгізу.
2. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жаңа жұмыс орындарын ашу. Халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы 150 жаңа жұмыс орнын, ал 2027–2031 жылдардың әрқайсысында 160 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 5 жылда барлығы 450 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал ету.
3. ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН ҚОЛДАУ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ
Шаруа қожалықтары мен шаруашылықтарын дамыту және өнімдерін өндірушілерді қолдау. Шаруалардың мемлекеттік қолдау шараларына, жеңілдіктеріне, несиелер мен субсидияларға қолжетімділігін арттыруға, мал және егін шаруашылығын дамыту, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, суармалы жерлердің аумағын кеңейту және ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ықпал етемін.
4. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Балалардың жан-жақты дамуы, оқушылардың кәсіби жетістіктері, ауылдық жерлерде білім беру сапасын арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, жастардың спортпен және мәдениетпен айналысуына жағдай жасауға ықпал етемін. Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдарында шахмат және дойбы үйірмелерінің желісін кеңейту. Балалардың зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында 2029 жылы жоспарланған шахмат-дойбы секциясын ашуға ықпал ету.
5. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Ауылдағы спорт мектептерінде спорттық инфрақұрылымды жақсартуға, оқушылар мен колледж студенттері арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар өткізу. Ұлттық мектеп лигасы аясында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар санын 2030 жылға дейін 2130 адамды қамтуына ықпал ету. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге ықпал етемін.
6. ӨНДІРІСТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ / ТҰРҒЫН ҮЙ
Ауыл тұрғындарын тұрғын үй мәселелерін шешуге ықпал ету, жер учаскелерін беру және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға қолайлы жағдай жасау. Жас отбасылар мен әлеуметтік осал топтардың баспанаға қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.
7. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Көкжайдақ ауылында сонымен қатар Бәйтерек және Ақсу ауылдарында көшелерді жарықтандыру жүйесін орнатуға ықпал ету.
9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ақсу ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етуге, жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлер мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қоса алғанда, сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша өңірде тапшы медициналық мамандарды даярлау мақсатында резидентураға мақсатты гранттардың бөлінуіне 2026 жылы 5 грант, 2027 жылы 5 грант, 2028 жылы 5 грант, 2029 жылы 6 грант, 2030 жылы 7 грант және 2031 жылы 7 грант бөлуіне ықпал ету.
10. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Сайлау округіне қарасты елді мекендерде ауыл байланыс сапасын жақсарту және жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін арттыру.
Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!
Тапсырыс беруші: Амангелді Ерасыл Әділұлы
Қаражат кандидаттың Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.






