Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
КҮНДЕРЕК
Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамда жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы сөз қозғалғанда, тұрғындардың көкейінде аталған талаптар маған тікелей қатысты ма және айналамызда не болып жатыр деген заңды сауал туады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желілер мен чаттарда мұндай тақырыптар жиі түрлі болжамға, кейде негізсіз алаңдаушылыққа ұласып жатады. Дегенмен Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңында барлық ереже нақты әрі анық көрсетілген. Алдымен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың екі бөлек ұғым екенін және әрқайсысының өз тәртібі барын ажыратып алған жөн.

Жұмылдыру дайындығы бейбіт кезде жүйелі түрде жүргізіледі. Өңірімізде осы бағыт күнделікті ұйымдастырушылық және шаруашылық істерді қамтиды. Жергілікті атқарушы органдар әскери құрылымдармен бірлесе отырып, қалалар мен аудандардағы әскери есептің дұрыс жүргізілуін қадағалайды. Сонымен қатар ықтимал қатер туындаған жағдайда аймақтың қалыпты жұмысын үзбеу үшін жолдардың, байланыс желілерінің,көліктің, ауруханалардың және өзге де қызметтердің дайындығы пысықталады. Егер азаматтан әскери есеп мәліметтерін нақтылау сұралса немесе мекемелерде жоспарлардың әзірлігі тексерілсе, оны қауіпті белгі ретінде қабылдауға негіз жоқ. Мұндай шаралар мемлекеттің алдын ала жасайтын қалыпты сақтығы, яғни өрт қауіпсіздігін немесе қысқы техниканың әзірлігін тексеру сияқты күнделікті жұмыс.

Жалпы немесе ішінара жұмылдыру тек ел Президентінің жарлығымен және ерекше жағдайларда, нақтырақ айтқанда Қазақстанға қарсы агрессия жасалғанда немесе қауіпсіздікке тікелей сыртқы қатер төнгенде ғана жарияланады. Мұндай шешім қабылданбайынша, ешбір облыс немесе аудан өз бетінше жұмылдыру жариялай алмайды. Сондықтан мессенджерлерде тарайтын «жасырын әскерге шақыру» жүріп жатыр деген немесе ресми құжатсыз енгізілген шектеулер жайлы қауесеттерге сабырмен қарап, деректерді мемлекеттік органдар мен әкімдіктің ресми хабарламалары арқылы тексеру қажет.

Сонымен бірге заңда азаматтардың міндеттері де нақты жазылған, сондықтан оларды алдын ала білген пайдалы.Әскери есептегі тұрғындар әскери билет немесе тіркеу куәлігі сияқты құжаттарын реттеп, мәліметтегі өзгерістер туралы дер кезінде хабарлауға және әскери міндеті бойынша тағайындалуын нақтылау үшін жергілікті әскери басқару органдарының шақыруымен келуге тиіс. Жұмылдыру жарияланған жағдайда әскери міндетті азаматтарға жергілікті әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынады. Сондай-ақ жұмылдыру, әскери жағдай және соғыс кезінде азаматтар мен ұйымдар қорғаныс мұқтажы үшін өздеріне тиесілі жер учаскелерін, ғимараттарды, көлікті немесе басқа мүлікті беруге тартылуы мүмкін.

Дегенмен заң азаматтардың құқықтарын да қорғайды. Сол кезеңде әскери қызметке шақырылған жандар Қазақстан Республикасының әскери қызметшісі мәртебесі мен құқықтарына ие болады. Егер қорғаныс мұқтажы үшін азаматтың немесе ұйымның мүлкі алынса, мемлекет Үкімет белгілеген тәртіппен оның құнын тең мөлшерде өтеуге міндетті. Сонымен қатар маңызды кәсіпорындар, қызметтер мен мекемелер үшін әскери міндетті мамандарды броньдау тетігі қарастырылған. Мұндайда қажетті кадрлар жұмыс орнында қалып, кейінге қалдыру мерзімі ішінде әскерге шақырылмайды, ал бұл аймақтың қалыпты тіршілігі мен жұмысының үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.