Талдықорған: +15°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жас мергендер жүлделі оралды

20 қараша 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жас мергендер жүлделі оралды

Screenshot

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінде стенд атудан өткен ашық турнирде өңір мергендері олжалы орындарға ие болды. Қазақстан прокуратурасының 35 жылдығына арналған дүбірлі додаға еліміздің алты өңірінен келген жас спортшылар қатысып, нысана көздеудегі шеберліктерін сынға салды.

Талдықорған қаласында үш күнге созылған жарыс жас мергендердің қарым-қабілетін, табандылығы мен төзімін таразыға салды. Стенд ату спорты көздің қырағылығын ғана емес, сана сергектігін, қолдың дәлдігін, көңілдің орнықтылығын талап етеді. Әрбір сәттік шешім мен шүріппені басқан мезет жарыс тағдырына әсер ететіндіктен, бәсеке де тартысты өрбіді.

Жекелей сында ұлдар арасында Жетісудың намысын қорғаған Арнұр Аманжолұлы қарсыластарынан оқ бойы озып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Күміс жүлде шымкенттік Георгий Пищевке бұйырса, қола медальді оның жерлесі Тимофей Фокин иеленді.

Қыздар арасындағы сайыста алматылық спортшылардың мерейі үстем болды. Софья Истомина топ жарып, алтын медальға қол жеткізсе, күміс жүлде шымкенттік Александра Долбецоваға табысталды. Ал үшінші орынға алматылық Дарья Даурова тұрақтады.

Командалық есепте де тартыс толастамады. Ұлдар арасында Шымкент құрамасы үздік атанса, Жетісу командасы екінші орыннан көрінді. Алматы мергендері үздік үштікті түйіндеді. Ал қыздар бәсекесінде алматылықтар жеңіс тұғырынан көрініп, шымкенттік арулар екінші орынды иеленді. Жетісу құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың шымылдығы марапаттау рәсімімен түрілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге лайықты сый-сияпатты облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов пен облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев табыстады.

Жас спортшыларды құттықтаған облыс прокуроры, өңірлік спорттық және тактикалық ату федерациясының президенті Бауыржан Жұмақанов жарысқа қатысушылардың қарымын жоғары бағалап, алдағы белестеріне сәттілік тіледі.

– Баршаңызды жарыстың лайықты аяқталуымен құттықтаймын! Бұл спорт түрінде жаңа чемпиондар анықталды. Бүгінгі қатысушылардың талайы келешекте халықаралық додаларда Қазақстан Республикасының көк байрағын асқақтатады деп сенемін, – деді Бауыржан Альбертович.

Шын мәнінде, мұндай жарыстар жас өрендердің спорттық жолындағы маңызды белес саналады. Олар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, бәсеке үстінде жігерін жанып, шеберлігін шыңдайды. Әрбір жеңіс келесі мақсатқа жетелесе, әрбір жеңіліс кемшілікті түзеп, қайратты қамшылайды.

Талдықорған төріндегі 3 күндік дода мәресіне жеткенімен, жас мергендердің спорт жолындағы сапары жалғаса бермек. Алдағы уақытта оларды жаңа жаттығулар, тың белестер мен үлкен жарыстар күтіп тұр. Қарашадағы осы кездесу қатысушылардың жадында достық пен бәсеке, жеңіс пен жігер тоғысқан жарқын сәт ретінде сақталары анық.

 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Талдықорған қаласы

Фото: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20
Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30
54 түрлі өнім ұсынылды

54 түрлі өнім ұсынылды

Бүгін, 10:43
Ана – ұлттың ұйытқысы

Ана – ұлттың ұйытқысы

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.