Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Мәслихаттар сайлауы
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттың Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

№ 4 бірмандатты сайлау округі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.

Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.

«ӘДІЛЕТ» партиясынан облыстық  бірмандаттық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.

Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.

Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.

Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.

Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.

                                 Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

«ЖЕТІСУДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ!»

Құрметті сайлаушылар!

Мен,  Жанат Тәңірбергенұлы Оспанов , 1968 жылғы 12 желтоқсанда дүниеге келдім. Білімім – жоғары, «педагог және заңгер» мамандықтарын меңгергенмін.

Еңбек жолымды 1986 жылы бастап, 1993 жылдан бері Ескелді ауданының білім беру саласында мұғалім, директордың орынбасары және мектеп директоры қызметтерін атқардым. Білім саласында 30 жылдан астам уақыт бойы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне үлес қосып келемін.

2023 жылдан бастап Жетісу облыстық мәслихатының депутаты ретінде тұрғындардың мүддесін қорғап, өңірдің дамуы мен өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысып келемін.

«Елге қызмет ету – абыройлы міндет, халық сенімін ақтау – басты жауапкершілік».

Мен үшін туған өлкенің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы және жас ұрпақтың жарқын болашағы – басты құндылықтар. Алдағы уақытта да жинақтаған тәжірибем мен білімімді ел игілігіне жұмсап, Жетісу облысы мен Ескелді ауданының дамуына үлес қосуды мақсат етемін.

«Өңірдің өркендеуі – бірлікте, елдің болашағы – білімде, халықтың сенімі – нақты істе!»

                      Құрметпен, Жанат Оспанов

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Ескелді ауданының ауылдарындағы жолдардың сапасын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың жүргізілуіне ықпал етемін. 2029 жылға дейін Мелькомбинат ауылындағы Қошқарбаев көшесінің (1,5 км.) және Бақтыбай ауылындағы Рысқұлов көшесінің (0,9 км.) автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

  1. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Жалғызағаш ауылында 24,1 км., Жаңалық ауылында 8,9 км. ауызсу желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етуге ықпал етемін.

Алмалы ауылында 9,5 шақырым электр желілерін салу жұмыстарын толық аяқтауға, тұрғындарды тұрақты әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге ықпал етемін. Жалғызағаш ауылында 34,5 км., Қайнарлы ауылында 28,5 км., Көкжазық ауылында 8,9 км. және Бақтыбай ауылында 27 км. газ құбырларын тарту және газ тарату желілерін салу жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етемін.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ

Алдағы 5 жылда Ескелді ауданында жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мақсатында кемінде 63 жобаға микрокредит беруге қол жеткізуге ықпал етемін.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Алдағы 5 жылда Ескелді ауданындағы суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 19,2 мың гектарға дейін жеткізуге ықпал етемін. Су ресурстарын тиімді пайдалану және шаруалардың су шығынын азайтуға бағытталған жобаларды қолдаймын.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ

Алдағы 5 жылда Ескелді ауданында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары арқылы жыл сайын кемінде 500 адамды, жалпы 2 500 адамды жұмыспен қамтуға ықпал етемін. Тұрақты жұмыс орындарын ашу және жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына тарту бағытындағы жобаларды қолдаймын.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, медицина кадрларын тартуға және қарттар, көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтуге атсалысамын

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

Ш.Уәлиханов мектебін 2028 жылға дейін күрделі жөндеуден өткізуге ықпал етемін. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, заманауи STEM кабинеттерін жабдықтауға, цифрлық сауаттылықты арттыруға және балаларға арналған қауіпсіз ойын әрі спорт алаңдарын дамытуға қолдау көрсетемін.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Алдағы 5 жыл ішінде Ескелді ауданында барлық қаржыландыру көздері есебінен жыл сайын кемінде 16,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал етемін.

Алдағы 5 жылда Ескелді ауданындағы Отбасын қолдау орталығының жыл сайын 2 қызметкерін, жалпы 10 маманды біліктілікті арттыру курстарынан өткізуге ықпал етемін.

  1. 9. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Ескелді ауданындағы кемінде 1 табиғи нысанды абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, көгалдандыру және туристерге қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етемін.

Жетісуымыз гүлденіп, ауылдарымыз көркейіп, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін!

Халық сенімі – үлкен жауапкершілік. Ел игілігі үшін еңбек ету – басты міндетім!

«ӘДІЛЕТ» партиясымен бірге – әділдікке, дамуға және жарқын болашаққа!

Тапсырыс беруші: Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы.

Қаражат кандидаттың Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

 

Қатысты жаңалықтар

Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.