Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақтың қанжар ақыны

23.07.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақтың қанжар ақыны
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу – жыр мен өнердің киелі бесігі, талай дүлдүл ақындарды дүниеге әкелген қасиетті өлке. Сол алыптар шоғырының жарқын өкілдерінің бірі – Қалқа Жапсарбаев. Ол айтыс өнері дәуірлеген кезеңде Қабан жырау, Бақтыбай, Сара, Мәулімбай, Қыдырәлі, Сүйінбай, Жамбыл сынды сөз зергерлерінің өнегесін бойына сіңірді. Кейін Кенен, Қуат, Иманжан, Үмбетәлілермен қатар айтыс додасында шыңдалып, қазақтың сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қыран дауысты ақын ретінде тарихта қалды.

Қалқа Жапсарбаев 1886 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, қазіргі Көксу ауданы, Мұқыры ауылында, әулетінен жалшылық арылмаған кедей отбасында дүниеге келген. Жоқшылықтың тауқыметін тартқан жас бала жүрегі қайғы-қасіретке толы болған. Бірақ тіршіліктің қиындығы қайратты баланың жігерін жасыта алмады. Жаратылыс берген көкіректегі сөз асылын теріп, қайраттанып алға ұмтылып, тұла бойын кернеген әншілік, ақындық жолына түсті. Ол той-думандарда айтысқа түсіп, өзінің ақындық шеберлігін шыңдай білді. Жасынан зерек өскен Қалқа ауыз-әңгіме, қисса-дастандарды көпшілік арасында жатқа айтып көзге түсе бастаған. Жетісудің арқалы ақындары Сүйінбай мен Бақтыбайдай ақын болуды, Кебекбай мен Бөлтіріктей шешен болуды армандаған.

Қалқаның алғашқы бағын сынаған, ақындық талабы сынға түскен сәті ол Қайрақбаймен айтысы. Қайрақбай ескіше оқуы бар, сауатты молда еді. Мұндай оқығаны бар, тоқығаны бар ақынды жас Қалқаға жеңу оңай болған жоқ. Бірақ, тумысынан сөздің асылын терген ол қиыннан қиыстырып, жол тауып:
Молдаға әкем берген жоқ,
Молданың алдын көргем жоқ.
Құранның сөзін өлеңге,
Жалғастырып өргем жоқ.
Молда болып халықтан,
Үшір, зекет тергем жоқ, – деп аузын аштырмай, қарсылас ақынның тіліне тұсау салып, өрісін тарылтады. Сөйтіп жеңіп шығады.

Филология ғылымының докторы Мырзатай Жолдасбеков те азулы ақын жөнінде былай дейді: «Жамбыл бастаған басқа да халық ақындары тәрізді Қалқа Жапсарбаевтың өз ақындық жолы халқымыздың өмір жолымен біте қайнасады, бірге өсіп толысады. Жамбыл мен Қалқаның ғажап ұқсас тағдыры халық тағдырымен сабақтасады. Революциядан бұрынғы кедей жалшының азапты өмірін жырға қосқан екі ақын, екі дүние, екі өмірдің бесігін бірге ашты. Кеңес дәуірі тұсында бақыт тапты, жыр салтанатын қайта құрды, жаңа заманда шұғылалы болашақты, халықтар достығын бірге жырлады».

Ақын шығармаларының дені – дастандар. Ол өткен замандағы аты аңызға айналған тарихи тұлғаларды жырға қосқан. Мысалы, аңыз-әңгімелер негізінде жазылған «Орақты батыр», «Тұрлымбет туралы аңыз», «Уәли Шора құсшының әңгімесі» дастандары халық тарихи-шежірелерден алынса, «Біздің Ораз», «Партизан Шаймерден», «Мұсабек Сеңгірбаев», «Нұрмолда» атты дастандары халқымыздың жүріп өткен өмірінен туындаған. Әсіресе «Уәли Шора құсшының әңгімесі» туралы дастанындағы бір құсты сан түрлі қылып суреттеуінің өзі ақын атаның тіл шеберлігінің бай екенін көрсетеді. Мысалы:
Бүркіт деген Шопаке,
Жетіұрықтан тарайды.
Малайсары, Сарыбастау,
Шаған менен Шажаға,
Бұл тауға құс ұя салмайды.
Құс баласы Шопаке,
Жейтұғын жемге қарайды.
Шынжыр балақ, шұбар төс,
Қысы-жазы қар кетпес,
Қарлы тауда тұрады, – десе енді бірде жер тарихын:
Баскөпірде бас қосқан,
Беріктұғыл, Бүйені,
Қотырқаймен тұрады.
Қалжыңдасып Күйелі,
Тастыбел, Құсақ дегенің,
Сарноқайдың жиегі.
Тарихын халқым айтайын,
Тәкәппар тау Шағаның,
Жайлауы екен ол Шаған.
Әліп деген ананың,
Тауешкі дейтін аңы бар.
Ермегі аңшы баланың,
Елік, киік тағы бар,
Көркі тау мен даланың, – деп жер атауларын қара өлеңмен шебер жеткізе білген.

Ал ертегі, аңыз-әңгімелер желісімен шығарылған «Қарлығаш пен Дәуіт», «Дана қыз», «Ата мен бала» деген туындылары кейінгі толқын – жасөспірімдерді отансүйгіштікке, өнерпаздыққа, адамгершілікке баулитын ойлы дүниелер. Сондықтан Қалқа ақынның шығармаларында тәлім-тәрбиелік мәселе басты назарда екенін айтқымыз келеді.

Қалқа негізінен айтыстың ақыны. Ол жиырмаға жуық ақынмен айтысып, абыройын асқақтатқан өрен жүйрік. Оның айтыс- қандарының ішінде бүгінгі ұрпаққа жақсы таныс Құрама, Қайрақбай, Иманжан, Есдәулет, Үмбетәлі, Кенен, Қуат сынды небір дауылпаздар бар.

Суреткер Қалқа Жапсарбаевтың шығармашылығы жамбылтану ғылымына, жыр алыбы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына қатыстылығымен де құнды дер едік. Жамбыл ақынның алдын көрген шәкірті және одан «Қанжар ақын» деген мәртебелі ат алған ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеп-зерделеу аса өзекті мәселе екен, – дейді Толғанай Рамазанова.

Қалқа айтыстарында әртүрлі тақырып қамтылады. Ақынның тілі тапқыр әрі өте ащы болған. Қарсыласының бетін қайтарып тастауға келгенде шебер еді. Ол Үмбетәлі Кәрібаевпен айтысында:
Егін еккен диқаның,
Тұқымын түгел сеппеген.
Екі бұт бидай апарса,
Бір пұтын ұрлап ептеген.
Екі бидай орнына,
Жалғыз бидай көктеген.
Тұқым түгіл астығың,
Жоспарға да жетпеген.
Ауданынан Жамбылдың,
Өстіп қырсық кетпеген.
Ауылсовет жоқ екен,
Бақылап оны «тек» деген.
Қаратал биыл Жамбылға,
Қарыз тұқым береді.
Қарыз ішкен тамаққа,
Ауданың мас боп қалмасын,
Ат үсті қарап алшаңдап,
Жылда-жылда шаруаға,
Салқындығын салмасын, – деп ауданның шаруаға қырсыздығын аямай сынайды.
Туған өлкесін дәріптеп, еңбек адамдарының табыстарын паш етіп, елінің, жерінің сұлулығын өлеңіне қосып, халықтың арасында аса беделді болған, ақын қашанда табиғаттың төл перзенті. Айнала қоршаған жаратылыс әлемінен нәр алып, оны жыр етпеген ақын жоқ.
Баянның Сарыарқада бойы биік,
Ақбет тұр мұнарланып, бұлтқа тиіп.
Сұр тасы ақша бұлтпен әзілдесіп,
Тұрады бір-бірінің бетін сүйіп.
Найзағай аспанында ойнағанда,
Бауырында секіреді асқар, киік.
Жарысып қарағай мен қайыңдар тұр,
Жамылып көк шапанын қымтап киіп.
Ақбетке кәйтсем жақын боламын деп,
Жамбыақы жақындап тұр басын иіп, – деген өлеңінен ақынның поэзиясында табиғат лирикасының орны да ерекше екенін ұғамыз. Жер жаннаты Жетісудің сұлулығын ақын талмай жырлаған. Жылдың ғажайып мезгілі көктемге арналған өлеңіне тоқталайық.
Мамырлап майдың айы келген шақта,
Дуылдар маса, сона қайта туып,
Бұлдырап көк көбелек жөнелгенде,
Артында ойнақтайды бала қуып.
Жағалай нөсер жауып ашылғанда,
Шалшықта бала отырар бетін жуып, – деген өлең жолдары көз алдымызға тамаша бір суретті әкеледі.

Қалқа ақын халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған адам. Қалай болғанда да халқының бақытты өмір сүруін армандайды. Сондықтан елдегі жаңалық, жетістікті талмай жырлады. Жазушы Ораз Исмаилов «Елім сені жырладым» деген жинақтың алғы сөзінде мынандай естелік жазған екен. «Қалқа ақынның ізбасарлары да жетерлік болған. Бұл орайда алдымен халық ақындары Артық Жексенбеков, Темірғали Рүстембеков, одан беріде Әбікен Сарыбаев, Сейітжан Садықов, Абай Асылбаев, Түлкібек Құрақбаев және тағы басқалары еске түседі», – дейді.

Бүгінде ақынның өшпес мұра қылып тастап кеткен жырлары өзінің мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Мысалы:
Жақсылық көрсең тасыма,
Жамандық көрсең жасыма.
Дұшпаның достай болады,
Бақ қонған күні басыңа.
Басыңнан бағың тайғанда,
Біреуі қалмас қасыңда.
Кеткен бағың айналып,
Қайтадан қонса басыңа,
Кеткен досың сол күні,
Қайтадан болар қошна.
Шіркін, жалған өмірдің,
Бір қызығы осында, – дейді.

Ал енді Қалқа ақынның сазгерлігіне келсек. Ол бір өзінше саф алтын, тұнба бұлақ екенін білеміз. Оның «Сарыжазық», «Қалқаның желдірмесі», «Қалқаның жайқоңыры» және басқа термелері әлі күнге дейін халық арасында кеңінен таралып, айтылып жүр.

Қалқа небір додалы айтыстарға қатыса жүріп, шаруашылық, қоғамдық жұмыстардан қол үзбеген. 1920 жылы Қосшы одағына, 1930 жылдан бастап ұжымшарға мүше болған, 1938-1945 жылдары ауданның халық теа-трында қызмет істеген. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары сол кездегі басқарушы органдар ақынды үгіт тобының құрамында ел аралауға жібереді. Ақын өзінің жалынды өлең-жырымен тылда Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан. Халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, Семей, Павлодар облыстарын аралайды. Ұжымшар мүшесі ретінде Қалқа еңбексүйгіштігімен басқаларға үлгі-өнеге бола білді. Ол қолына кетпен алып, егін суғарды, шалғы алып, шөп жинады, қызылшашылар звеносын басқарды. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке ауыл экономикасын көтеруге септігін тигізді.

Қалқа ақынның жыр жинағы ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана жарық көре бастаған. Оның алғашқы кітабы «Мұсабек Сеңгірбаев» атты поэмасы 1951 жылы басылып шыққан. Ақынның екінші жыр жинағы «Жайқоңыр» деген атпен 1959 жылы жарық көрген. Арада біраз уақыт өткенде ақынның оқырман қауымға үшінші кітабын ұсынады.

Тіршілігінде ақын атаның еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Қалқа Жапсарбаев 1939 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен, 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1961 жылы ақынға «Қазақстанның халық ақыны» құрметті атағы берілген.

Ақын Қалқа 1975 жылдың 26  қаңтарында туған ауылында 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Артында өлмейтұғын сөз қалдырған ақынды өлді деуге бола ма?!  Ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейді екен.  Міне, бір ғасыр бұрын шығарған өлеңдері, әндері, айтыстары халықпен бірге жасап, бірге жаңғырып, өмір сүріп  келеді.
Нұрила БЕКТЕМІРОВА,
Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығының  лауреаты,
Қазақстанның Құрметті жазушысы

Қатысты жаңалықтар

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026
Телефон сатып алу ережесі өзгереді

Телефон сатып алу ережесі өзгереді

23.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

23.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.