Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Чемпиондар лигасы. «Қайрат» үшінші кезеңде

30 шілде 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
Чемпиондар лигасы. «Қайрат» үшінші кезеңде

Gettyimages

WhatsAppTelegramFacebook

УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнап жатқан «Қайрат» өз алаңында «Омония» (Кипр) командасын жеңіп, үшінші айналымға жолдама алды.  Никосияда 0:1 есебімен жеңіліп, өз алаңында 1:0 есебімен басымдық көрсеткен «Қайрат», жалпы есеп бойынша тең түскен. Келесі айналым жолдамасы пенальти сериясы арқылы шешілді. Қақпада тұрған Темірлан Анарбеков бұл жолы да шеберлік көрсетті. Ол екі пенальтиді қайтарды.

Өткен ойында «Қайрат» қақпасына 13-ші минутта кипрлік ойыншы Панайотис Андреу гол салған. Одан кейін тәртіп бұзған «Омония» ойыншысы Лоик Него 34-ші минутта алаңнан қуылды. Бірақ дәл осы басымдықты «Қайрат» пайдалана алмады. Допқа көп иелік етті (64 пайыз), көп соққы жасады (14) бірақ гол сала алмады. Жолдама мәселесі Алматыда шешілетін болған.

Алматының Орталық алаңында да кипрліктер ойын ережесін жиі бұзды. Андроникос Какулис 26-шы минутта бірден қызыл қағаз алса, Сену Клубиалиге 111-ші минутта екінші ескерту қағазы көрсетілді. «Қайрат» 34-ші минутта Эдмилосннның голымен алға шыққан. Алайда 10 ойыншымен қалған, қосымша таймда 9 футболшымен жүрген «Омонияның» қақпасына гол сала аламады. Қауіпті сәттер болды. «Қайрат» бұл жолы допты өз бақылауында 70 пайыз ұстады. Ал қарсылас қақпасына 37 соққы (11 тура) жасады.

Пенальти сериясын алматылықтар бастады. «Қайрат» сапынан айтабанға келген Эдмилсон, Оксанен, Мартынович, Гуаль, Тұяқбаев және Бірқұрманов қателескен жоқ. Тек Олжас Байбек мүлт кетті. Ал «Омониядан» орындағандардан Николас Панайотиумен Юре Балковецтің соққыларын Темірлан Анарбеков қайтарды.

«Қайраттың» келесі айналымдағы қарсыласы – «Левски» (Болгария). Бірінші ойын Софияда 4 тамызда, ал қарымта кездесу 11 тамызда Түркістанда болады.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Текеліде автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Бүгін, 10:53
Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Су үнемдеу технологиялары: 4.6 мың шақырым канал қайта жаңғыртылуда

Бүгін, 10:30
Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Жетісуда ауылдар газдандырылып, теміржол вокзалдары жаңартылды

Бүгін, 10:05
Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Бүгін, 09:30
Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Бүгін, 09:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.