Талдықорған: +10°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

30 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Жаңа Конституцияны іске асыру мәселесі талқыланды

GOV.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотымен бірлескен «Отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбында ведомствоаралық талқылау өткізді.

Отбасын, ана мен әкені, баланы қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттары қатарында әрі Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі құндылықтардың бірі. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым міндеттердің бірі, осы конституциялық кепілдіктерді іс жүзінде қамтамасыз ету мәселесін талқылады.

Талқылауды Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева жүргізді. Ол жаңа Конституция нормалары отбасы институтын одан әрі нығайтудың берік құқықтық негізіне айналатынын атап өтті.

Іс-шараға Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жақып Асанов, Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, Ұлттық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Жиында Ұлттық комиссияның мемлекеттік отбасы саясатын жетілдірудегі рөліне айрықша мән берілді. Комиссияның қолдауымен 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жаңартылып, Отбасын қолдау орталықтарының желісі кеңейіп келеді. Бүгінде елімізде осындай 160 орталық жұмыс істейді. 2026 жылдың басынан бері Отбасын қолдау орталықтарына 50 мыңнан астам өтініш келіп түсті. 43 мыңнан астам отбасы консультациялық көмек алып, 6 мыңға жуық отбасы ұзақ мерзімді сүйемелдеуге алынды.

Комиссия қызметінің негізгі бағыттарының бірі – отбасы құндылықтарын нығайту және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатта «Ата-аналар академиясы» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2025 жылы Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарында 2 500-ден астам адам оқудан өтті. 2026 жылдан бастап жоба еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатыр. Оқу материалдарын ata-ana.kz платформасынан табуға болады.

Сонымен бірге отбасын құруға ниетті жұптарға арналған әдістемелік құрал әзірленді. Оны білім беру ұйымдары мен Отбасын қолдау орталықтарының жұмысында пайдалану жоспарланып отыр.

Жиында Конституциялық Соттың отбасы заңнамасын жетілдіруге ықпал еткен құқықтық ұстанымдары да кеңінен талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың алдағы басым бағыттары айқындалды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бекиев Қайрат Ботайұлы

Бүгін, 17:33
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Құрманғалиев Айдын Талғатұлы

Бүгін, 17:28
Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Бахтиярова Айдана Мұратбекқызы

Бүгін, 17:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.