Талдықорған: +35°C
$ 474.63
€ 544.50
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
КҮНДЕРЕК
Тарихтан тамыр тартқан

Kazinform

WhatsAppTelegramFacebook

«Құрылтай» атауы қазіргі саяси термин ғана емес, ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи ұғым. Оның шығу төркіні жөнінде ғалымдар арасында бірнеше пікір қалыптасқан. Бір зерттеушілер бұл сөзді ортағасырлық моңғол тіліндегі «quriltai» ұғымымен байланыстырса, енді бірі көне түркі тіліндегі «құр» – жинау, біріктіру, «құру» деген түбірден таратады. Қалай болғанда да екі нұсқаның да түпкі мағынасы бір – маңызды мәселені талқылау үшін адамдардың бас қосып, ортақ шешім қабылдауы.

Бұл атау ортағасырлық «Оғызнама» жырында кездеседі. Онда Оғыз қаған ел тағдырына қатысты мәселелерді талқылау үшін «ұлы Құрылтай» шақырып, қолбасшылары мен халқын жинағаны баяндалады. Көне түркі сөздіктерінде де «Құрылтай» «халық жиналысы» деген мағынада түсіндіріледі.

Орта ғасырларда Құрылтай мемлекеттің маңызды саяси институттарының бірі болды. Әсіресе Моңғол империясы тұсында мұндай жиындарда ұлы хандар сайланып, соғыс пен бейбітшілік мәселелері шешіліп, мемлекеттің алдағы бағыты айқындалатын. 1206 жылғы құрылтайда Темүжінге Шыңғыс хан атағы берілгені тарихтан белгілі. Дегенмен сол кезеңдегі Құрылтайды қазіргі парламентпен толықтай теңестіруге болмайды. Өйткені оған негізінен билеушілер, қолбасшылар, ақсүйектер мен ықпалды адамдар қатысып, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылаған.

Қазақ тарихында да Құрылтайлар ел тағдыры сынға түскен шақтарда өткізілді. Қарақұм және Ордабасы Құрылтайлары сыртқы қауіп алдында қазақ жүздерінің күшін біріктіріп, елдің болашағына қатысты ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Мұндай жиындар халықтың бірлігі мен тұтастығын нығайтқан тарихи оқиғалар ретінде бағаланады.

Құрылтай дәстүрі ХІХ ғасырдың соңында да жалғасын тапты. 1885 жылы Қарамолада өткен тарихи Құрылтайда Абай Құнанбайұлы төбе би болып сайланып, қазақ даласына арналған жаңа құқықтық ережелерді әзірлеуге жетекшілік етті. Қарамола ережесінде сот ісін жетілдіру, болыс басшыларының озбырлығын шектеу және әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған өз дәуірі үшін озық нормалар енгізілді.

ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткерлері де осы тарихи атауға жаңаша мазмұн берді. 1917 жылы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және басқа да зиялылар «Учредительное собрание» ұғымын қазақша «Құрылтай жиналысы» деп атады. «Алаш» партиясының бағдарламасында мемлекет басшысы Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік думаның шешімі арқылы сайлануға тиіс екені көрсетілді. Бірінші жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясы құрылып, екінші жалпықазақ съезінде Алаш автономиясы жарияланды. Бұл деректер «Құрылтай» ұғымының қазақтың демократиялық саяси ойымен де сабақтас екенін көрсетеді.

Бүгінде «Құрылтай» атауы парламенттің жаңа атауы ретінде ұсынылып отыр. Бұл жай ғана атауды өзгерту емес, тарихи ұғымды қазіргі мемлекеттік басқару жүйесімен ұштастыруға бағытталған қадам. Мұндай тәжірибе әлемнің өзге елдерінде де бар. Көптеген мемлекеттер парламенттеріне ұлттық тарихы мен дәстүрін бейнелейтін атаулар берген. Мәселен, Израиль парламенті «Кнессет» деп аталады. Бұл сөз «жиналыс» деген мағынаны білдіреді және еврей халқының тарихи басқару дәстүрімен байланысты. Ал Норвегиядағы парламент «Storting» деп аталады. Оның атауы да халық өкілдігі мен ұлттық мемлекеттілік идеясын білдіреді. Демек парламенттің атауы оның қызметінен бөлек елдің тарихи жадын, саяси мәдениетін және ұлттық болмысын танытатын маңызды символ саналады.

Құрылтай ұғымы көне түркі дәуірінен бастап қазақ хандығы кезеңіне, Алаш қозғалысының саяси мұратына дейін үзілмей жалғасқан тарихи сабақтастықты білдіреді. Түптеп келгенде, кез келген мемлекеттік институттың беделі оның атауымен емес, қоғам алдындағы жауапкершілігімен, қабылдайтын заңдарының сапасымен және халық сенімін ақтай алуымен өлшенеді. Ал тарихи атау сол жауапкершілікті тереңірек сезінуге үндейтін маңызды рухани әрі саяси нышан.

Шамек ТІЛЕУБАЕВ,

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Болашақтың берік негізі

31.07.2026
Тарихтан тамыр тартқан

Тарихтан тамыр тартқан

31.07.2026
Үштөбеде экологиялық рейд өтті

Үштөбеде экологиялық рейд өтті

31.07.2026
Ақхалаттылармен пікір алмасты

Ақхалаттылармен пікір алмасты

31.07.2026
Теміржолшылар марапатталды

Теміржолшылар марапатталды

31.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.