Талдықорған: +29°C
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан жолдары мен теміржолында ЖИ дәуірі басталады: Олжас Бектенов жаңа тапсырма берді

24.08.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

temirzholy.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің көлік және логистика саласына жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологиялар ауқымды түрде енгізіледі. Жол қозғалысын бақылаудан бастап пойыз қозғалысын басқаруға дейінгі процестер толық автоматизацияланады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігінің Ахуалдық орталығында болып, саланы цифрландыру барысымен танысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет жасанды интеллект шешімдерін ел бойынша жедел енгізуді көздеп отыр.

Автожол секторында бірнеше ірі цифрлық жоба іске қосылуда. Ұлттық бейнебақылау жүйесі (ҰББЖ) камералардың мәліметтерін, салмақты бақылау мен жол ақысын төлеу тетіктерін біріктіреді. Ол заңбұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жақында іске қосылған E-Joldar жүйесі жолдардың жай-күйін, құрылыс материалдарының сапасын және жөндеу шығындарын бақылайды. Қазір республикалық маңызы бар 41 мың шақырым жол цифрландырылды, ал жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 185 мың шақырымды қамтиды.

Жүк тасымалын жеңілдету үшін Smart Cargo платформасы енгізілді. Ол 58 ақпараттық жүйені біріктіріп, жүктерді толық қадағалауға, шекарадан өту жылдамдығын 30 пайызға арттыруға және кезекте тұру уақытын 10 есе қысқартуға жағдай жасады.

Еліміздің әуежайларында орнатылған Q-Gate терминалдары жолаушыларды бет биометриясы мен төлқұжат арқылы 15-50 секундта тексереді. Ал QazETA платформасы визасыз келетін шетелдіктерге елге кіруге 72 сағат бұрын электрондық рұқсат алуға мүмкіндік береді.

Теміржол саласында:

  • KinetiX жүйесі пойыз құрамын қашықтан диагностикалап, стансадағы байқау уақытын 30 пайызға қысқартты;

  • Trip Optimizer бағдарламасы жол профилі мен пойыз салмағын ескере отырып, пойызды автоматты түрде жүргізеді;

  • Echelon Alpha платформасы транзиттік әлеуетті болжап, 30-дан астам перспективалы бағытты айқындады.

Соңғы 5 жылда көлік саласының жалпы өнімі 3 есе өсіп, 14 трлн теңгеден асты. Алдағы 3 жылда 2,2 мың шақырым жаңа теміржол салу, транзит көлемін 77 млн тоннаға жеткізу және теңіз порттарының қуатын 4 есе арттыру көзделген. 2040 жылға қарай ішкі автомобиль тасымалы 353 млн тоннадан 590 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

Премьер-министр цифрландыру жобаларын қысқа мерзімде бүкіл ел бойынша енгізуді және барлық ақпараттық жүйелерді интеграциялауды тапсырды. Жаңа технологиялар жол қауіпсіздігін арттырып, еліміздің логистикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтереді.

Қатысты жаңалықтар

Қайдасыз, Марк мырза?

Қайдасыз, Марк мырза?

24.08.2026
Жатақханаға орын бөлу тәртібі жаңарды

Жатақханаға орын бөлу тәртібі жаңарды

24.08.2026
Баспана алу ережесі өзгереді

Баспана алу ережесі өзгереді

24.08.2026
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді жаңа арпа сортын шығарды

Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді жаңа арпа сортын шығарды

24.08.2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

24.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.