Талдықорған: +29°C
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?

25.08.2026
КҮНДЕРЕК
Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?
WhatsAppTelegramFacebook

Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздарды іздеу және олардың жауынгерлік жолын анықтау жұмыстары елімізде белсенді түрде жүріп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Соғыс өрті өшкеніне 80 жылға жуық уақыт өтсе де, ата-бабасының майдандағы тағдырын білгісі келетін азаматтардың қатары азаяр емес. Елімізде бұл бағытта ауқымды архивтік әрі далалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бірден-бір ұйым – «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі. Қордың қызметкерлері мен еріктілері майдан даласында із-түзсіз кеткен боздақтардың есімін жаңғыртып, олардың туған-туыстарына қуанышты хабар жеткізу бағытында үздіксіз еңбек етуде.

Ұйымның ресми мәліметіне сүйенсек, осы уақытқа дейін қоғамдық бірлестікке азаматтардан 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Тіпті қазіргі таңда ай сайын орта есеппен 50-ге жуық жаңа өтініш қарастырылады. Нәтижесінде, іздеушілердің қажыырлы еңбегінің арқасында 4500-ден астам майдангердің тағдыры, жерленген жері және жауынгерлік жолы дәл анықталды.

Бұл жай ғана статистика емес, әрбір санның артында бір отбасының ондаған жылдар бойы күткен үміті мен тарихи әділдіктің салтанат құруы тұр. Майдан даласында қаза тапқан сарбаздардың сүйегін табу, халықаралық архивтермен байланыс орнату және құжаттарды сараптау – үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін процесс.

Егер сіздің де отбасыңызда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 1941-1945 жылдар аралығында хабарсыз кеткен туыстарыңыз болса, «Atamnyn Amanaty» ұйымына тегін өтініш қалдыра аласыз. Ұйым өкілдері азаматтарға қолдау көрсету мақсатында байланыс арналарын барынша жеңілдеткен.

Өтініш берудің негізгі жолдары:

  • Ресми сайт арқылы: ata-amanaty.kz платформасына өтіп, арнайы форманы толтыру.

  • Телефон және мессенджер: Өтініш қабылдаушы ма мамандар Марфуза Сулейменова (+7-776-828-45-34) және Сагымбаева Алия Нурпаевнамен (8-701-999-78-20) WhatsApp желісі арқылы тікелей байланысу. Сол сияқты жұмыс телефонына (8-776-828-45-34) хабарласу мүмкіндігі бар.

  • Әлеуметтік желілер: Ұйымның Facebook және Instagram (@ata.amanaty) парақшаларына жазылып, жаңалықтардан хабардар болу.

Айта кететін маңызды жайт – ұйым өкілдері барлық іздеу жұмыстарын толығымен ақысыз негізде жүзеге асырады. Бұл батыр бабаларымыздың ерлігін ұлықтауға, бейбіт күн сыйлаған майдангерлердің есімін ұмыттырмауға бағытталған сауапты бастама.

Әрбір азамат өзінің тегін тартып, тарихын тануға құқылы. Соғыста жоғалған сарбаздардың дерегін табу – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың отаншылдық рухын көтеріп, цифрлық архивтерді тиімді пайдалану сауаттылығын арттыруға да зор үлес қосады. Егер сіздің де шаңырағыңызда майданнан оралмаған ардақты азаматтар болса, бүгіннен бастап іздеу салғаныңыз абзал.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

25.08.2026
Сарыөзекте заманауи кітапхана ашылды

Сарыөзекте заманауи кітапхана ашылды

25.08.2026
Пышақпен қаруланған азамат ұсталды

Пышақпен қаруланған азамат ұсталды

25.08.2026
Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?

Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен туысыңызды қалай табуға болады?

25.08.2026
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?

Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?

25.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.