Талдықорған: +29°C
$ 458.87
€ 535.09
₽ 5.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тарихтың жаңа парағы

27.08.2026
КҮНДЕРЕК
Тарихтың жаңа парағы

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Тарихты білу – қоғамның өзін тануы, бүгінін түсінуі және ертеңіне көзқарас қалыптастыруы. Алайда ақпарат ағыны күн сайын күшейіп, жаңа дүниеге қызығушылық артып отырған заманда жастардың өткенге деген көзқарасы қандай?

Тарихты заманға сай танытудың түрлі жолы бар. Жасанды интеллект көмегімен тарихи тұлғалардың бейнесін «жандандыру», қысқа бейнеролик, подкаст, әлеуметтік желідегі танымдық жазба мен визуалды контент – өткенді жастарға жақындатудың жаңа құралдары. Ақпаратты қысқа әрі жеңіл форматта ұсыну уақытты үнемдеп, қызығушылықты арттыратыны анық. Дегенмен мұндай тәсілдер тарихи білімнің тереңдігіне қалай әсер етеді деген сұрақ та маңызды.

125 High School мектебінің тарих пәні мұғалімі Эльмира Нұрахметованың пікірінше, жастардың тарихқа ынтасы бар, алайда оны қабылдау тәсілі өзгерген. Ақпаратты тез алуға үйренген буын үшін ұзақ мәтінді оқып, тарихи оқиғаның себеп-салдарын жан-жақты саралау қиындау болуы мүмкін.

«Менің ойымша, ең үлкен мәселе – тарихты түсінуден гөрі жаттауға мәжбүрміз. Жастар даталар мен есімдерді білуі мүмкін, бірақ «Неге бұлай болды?», «Егер сол кезде мен өмір сүрсем, қандай шешім қабылдар едім?» деген сұрақтарға ойлана бермейді. Кейде оқушылар үшін тарих тек ҰБТ-ға қажет пән болып қалады», – дейді мұғалім.

Тарихтың тағы бір ерекшелігі – бір оқиғаның әр тарапта әртүрлі бағалануы. Бір ел үшін жеңіс болған оқиға екінші тарап үшін жеңіліс, қайсыбір тарихи тұлға кей халықтың жадында қаһарман ретінде сақталса, басқа жұрт үшін мүлде басқа сипатта бағалануы ықтимал.

Мұндай жағдайда дайын жауапты қабылдаудан бұрын дерекпен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасуы қажет. Деректің авторы кім? Қашан және қандай мақсатта жазылды? Автор оқиғаға тікелей қатысты ма, әлде сырттай бақылаушы ма? Осындай қарапайым сұрақтардың өзі тарихи ақпаратқа сын көзбен қарауға үйретеді.

«Мен оқушыға  дайын жауап бермес едім. Керісінше, екі деректі де тексеруге бағыттар едім. Тарихта бір ғана абсолютті шындықты іздеуден бұрын, оқиғаның түрлі нұсқасын білу маңызды. Себебі әр дерек белгілі бір халықтың немесе тұлғаның тарихи бейнесін көрсетеді. Мысалы, Шыңғыс хан өз халқы үшін жеңімпаз, мемлекетін кеңейтіп, империя құрған тұлға ретінде бағалануы мүмкін. Ал жаулап алынған халықтың тарихи жадында оның жорықтары мүлде басқа қырынан сақталған», – дейді Эльмира Нұрахметова.

Әлеуметтік желідегі қысқа контенттің кең таралуы да жастардың тарихты қабылдау тәсіліне әсер етуде. Дегенмен оның шектеуі де бар. Бірнеше минутқа сыйдырылған ақпарат тарихи оқиғаның барлық себебі мен салдарын қамти алмайды. Сондықтан әлеуметтік желідегі материалды толыққанды тарихи білімнің орнына қоюға болмайды. Ол тек алғашқы ақпарат көзі ретінде қалып, әрі қарай тереңірек ізденіске жол ашқаны жөн.

Тарихты әлемге таныту жолы

Өткенді сақтау мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізу бір мәселе болса, оны әлемге таныту – одан бөлек міндет. Кей мемлекеттер бұл бағытта тарихи мұраны музей қабырғасында ғана қалдырмай, оны туризммен, кино және мәдениетпен тіпті күнделікті өмір салтымен байланыстырып отыр.

Мәселен, Жапонияның Киото қаласын алайық. Елдің бұрынғы астанасы болған Киото 794 жылдан XIX ғасырдың ортасына дейін Жапонияның саяси әрі мәдени орталығы саналды. Қазір қала аумағында 14 ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы бар, ал оған жақын аумақтарды қоса есептегенде тарихи нысан саны 17-ге жетеді. Бірақ Жапонияның тәсілі тек көне ғимараттарды сақтап қоюмен шектелмейді. Киотоның ресми туристік платформасы қаланы «тірі дәстүр» ретінде таныстырады: шай рәсімі, дәстүрлі қолөнер, Ноб театры, гүл безендіру өнері, кимонодан бастап күнделікті әдет-ғұрыптарға дейін тарихи мұраның бір бөлігі ретінде көрсетіледі.

Яғни Жапония тарихты бүгінгі күнде өмір сүріп тұрған мәдениет ретінде көрсетеді. Киото жыл сайын шамамен 50 миллион келушіні қабылдайтыны да осы тәсілдің ауқымын көрсетеді.

Оңтүстік Корея да тарихи мұраны елдің халықаралық имиджінің бір бөлігіне айналдырып отыр. Бүгінде Кореяда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген 17 нысан бар, оның 15-і мәдени мұра санатына жатады. Олардың арасында Чосон әулетінің патша сарайлары мен қабірлері, ежелгі қалалар, буддалық храмдар және тарихи ауылдар бар.

Кореяның ерекшелігі – дәстүрлі мәдениетті заманауи мәдениеттен бөлек қарастырмауында. Әлем K-pop, корей сериалдары мен заманауи мәдениет арқылы Кореяға қызығушылық танытқанда, туристік және мәдени жобалар сол қызығушылықты елдің тарихи орындарына қарай бағыттай алады. Осылайша қазіргі мәдениет өткен тарихқа апаратын көпір қызметін атқарады.

Бұл тәсілдің біз үшін қызық тұсы да осында. Бір оқиғаны таныту үшін міндетті түрде бірнеше сағаттық дәріс немесе қалың оқулық қажет емес. Кейде бір фильм, сериал, қысқа видео немесе танымал мәдени образ адамның белгілі бір дәуірге деген қызығушылығын оята алады. Ең маңыздысы – сол қызығушылықтың ары қарай сенімді дерекке, кітапқа, музейге немесе тарихи орынға жетелеуі.

Әрине, әр мемлекеттің тарихи тәжірибесі мен қоғамы бөлек. Сондықтан Жапонияның немесе Кореяның моделін сол күйінде көшіру мүмкін емес. Бірақ олардың тәжірибесінен бір ортақ нәрсені байқауға болады: тарихты тек сақтау жеткіліксіз, оны адамдарға қызықты етіп жеткізу қажет.

Бұл жерде Қазақстан үшін де мүмкіндік аз емес. Ұлы Жібек жолы, Қазақ хандығының тарихы, Алтын Орда кезеңі, ұлттық қолөнер, дәстүрлі музыка, археологиялық ескерткіштер мен тарихи тұлғалар – елді әлемге танытатын дайын мәдени ресурстар.

Егер тарихи нысан туралы ақпаратты бірнеше тілде ұсыну, сапалы деректі фильм түсіру, тарихи тұлғаны заманауи медиада таныту, музейді интерактивті кеңістікке айналдыру және тарихи орындарды туристік бағыттармен байланыстыру жүйелі жолға қойылса, тарихтың аудиториясы да кеңейе түсер еді.

Бәлкім, тарихты сүйгізудің бір жолы – оны «өткен» деп көрсетпеу шығар. Уақыт алға жылжыған сайын оқиғалар алыстайды, есімдер көмескіленеді, ал тарихи кезеңдердің мәні әр буынның түсінігінде қайта таразыланады.

Әрине, тарихи сана бір сабақта немесе бір оқулықта қалыптаспайды. Ол отбасындағы әңгімеден басталып, мектепте біліммен толығып, қоғамда орнығады. Тарихтың соңғы нүктесі қойылған жоқ. Ол әр буынмен бірге жалғаса береді.

 Айша СЕРІКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер талдықорғандықтарды емдеп, шеберлік сабағын өткізді

Елордалық дәрігерлер талдықорғандықтарды емдеп, шеберлік сабағын өткізді

27.08.2026
Сын сағатта сүрінбеген

Сын сағатта сүрінбеген

27.08.2026
Декларациялаудағы өзгерістер. Кім қалай тапсырады?

Декларациялаудағы өзгерістер. Кім қалай тапсырады?

27.08.2026
Ілияс пен Мәкей

Ілияс пен Мәкей

27.08.2026
Күрмеуі шешілген мәселелер

Күрмеуі шешілген мәселелер

27.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.