Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын

29.08.2026
КҮНДЕРЕК
Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын
WhatsAppTelegramFacebook

Әскери антқа адалдық, ел қауіпсіздігіне жауапкершілік, мемлекеттік тілге құрмет пен ұлттар арасындағы татулық – нағыз азаматтың болмысын айқындайтын асыл қасиеттер. Осы құндылықтарды өмірлік ұстанымына айналдырған Талдыкорған қаласы 18404 әскери бөлімінде десанттық шабуылдаушы әскерлерінде батальон командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Отабек Ирисматовтың есімін ерекше атауға болады. Ұлты өзбек болса да жаны қазақ арда азаматтың бағындырған биігі, жеткен жетістігі көпке үлгі, өнеге.  

Көк Тудан қуат алған

Түркістан облысының Сайрам ауданында дүниеге келген Отабек Фахриддинұлы №110 З. Хусанов атындағы жалпы орта мектепте білім алған. Алтын ұясымен қоштасқан жас түлектің арманы асқақ, мақсаты биік еді. Үстіне әскери киім іліп, кіндік қаны тамған қасиетті елінің әскерінде сапта тұрып, елдің тыныштығы мен бірлігін қорғауды азаматтық парызы санаған ардақты азаматтың әскери жолды таңдауы кездейсоқ емес. Жастайынан әскери адамдардың тәртібі мен батылдығына, Отан алдындағы жауапкершілігіне қызыққан ол уақыт өте келе осы қызығушылығын нақты мақсатқа айналдырады. 2017 жылы Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына оқуға түседі. Төрт жылдық білім мен әскери дайындықтан өтіп, 2021 жылы оқу орнын тамамдап, Отан қорғау жолындағы қызметін бастайды. Темірдей тәртіпті бойына сіңіріп Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген бір ауыз сөзін бойтұмар еткен азамат бүгінде білікті де білімді офицерлер қатарында көш бастап жүр.

– Әскери қызмет – жай ғана мамандық емес, ол – үлкен жауапкершілік пен ерекше өмір салты. Мен үшін әскери киім кию – үлкен абырой. Шын мәнінде, әскери форма – сыртқы белгі ғана емес. Оның әрбір түймесінде тәртіп, әрбір белгісінде жауапкершілік, әрбір қадамында ел алдындағы аманат бар. Сондықтан офицер болу – үлкен сенімнің үдесінен шығу деген сөз осынау жауапты қызметте маған Тәуелсіз еліміздің Көк Туы ерекше күш-қуат береді, жігерлендіреді.  Көк Тудың ашық аспан астында қалықтауына, Әнұранымыздың кең даламызда шырқалуына, Елтаңбамыздың жарқырап төрімізде ілініп тұруына ақтық демім қалғанша еңбек етемін. Бұл менің – Отан алдындағы азаматтық парызым, – дейді офицер.

Офицер – бұйрық беруші ғана емес

Отабек Ирисматовтың түсінігінде офицердің міндеті бұйрық берумен ғана шектелмейді. Нағыз офицер ең алдымен өз ісімен үлгі болуы керек. Қол астындағы жеке құрамның тәртібі мен қауіпсіздігіне, моральдық-психологиялық ахуалына, тәрбиесі мен кәсіби дайындығына жауап беру – офицердің күнделікті міндеті.

Әскер – адамды шыңдайды. Оны уақытпен санасуға емес, уақытты тиімді пайдалануға, қиындықтан қашпауға, жауапкершілікті өзгеге ысыра салмай, өз мойнына алуға үйретеді. Отабек те әскери қызмет барысында тәртіп пен сабырлылықтың, ұжыммен жұмыс істеудің маңызын терең түсінген. Оның айтуынша, әскердегі ең есте қалған сәттердің қатарында күрделі оқу-жаттығулар мен жеке құраммен бірге ортақ мақсат жолында еңбек еткен кездер бар. Мұндай сәттерде әскери ұжымның бірлігі ерекше сезіледі.

– «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халқымыздың қанатты сөзінің астары тым терең. Әсіресе, біздің сала мамандарына жанжақтылық ауадай қажет. Сондықтан да офицер тек бұйрық беруші емес, ол – өзінің жеке құрамына үлгі болатын басшы болуы керек. Қиын жағдайда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдай білуі қажет. Сондай сәттерде дана халқымыздың бір ауыз сөзінің өзі тұнып тұрған тәрбие құралы екеніне көзім жетеді. Мен күнделікті өміріме қажетті қанатты сөздерді қазақтың даналығынан, ақ батасынан, шешендік өнерінен іздеймін. Ұлтым өзбек болғанымен, жаным да, тәрбием де, сөзім де тіпті, ойым да қазақ, – дейді Отабек Ирисматов

Бір Отан, ортақ мақсат

Отабек Фахриддинұлы – өзбек ұлтының өкілі. Алайда оның азаматтық ұстанымы айқын: ол ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы әрі әскери қызметшісі екенін ерекше атап өтеді. Оның пікірінше, әскери ортада ұлтқа емес, ортақ мақсатқа басымдық беріледі. Әскерде әртүрлі этнос өкілдері бір сапта тұрып, бір міндетті орындайды. Оларды біріктіретін – бір ТУ, бір ЕЛ және бір ӘСКРЕИ АНТ. Бұл – Тәуелсіз еліміздегі татулықтың жарқын көрінісі. Бір шаңырақ астында сан түрлі этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүруі – еліміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі.

Кейіпкеріміздің сөзіне сүйенсек, адамды ұлтына қарап емес, адамгершілігіне, кәсібилігіне және ісіне қарап бағалау қажет. Әскердегі басты өлшем де осы. Себебі Отан қорғау ісінде ұлттың емес, жүректің беріктігі, антқа адалдық пен кәсіби шеберлік сыналады.

Отабек үшін қазақ тілін меңгеру де азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Қазақстанда қызмет етіп, адамдармен күнделікті қарым-қатынас жасау барысында қазақ тілін тереңірек үйренген ол бастапқыда кейбір сөздерді дұрыс айту мен грамматикалық ерекшеліктерді меңгеруде қиындықтар болғанын жасырмайды. Бірақ тіл үйренудегі басты нәрсе – ниет пен тұрақты тәжірибе екенін айтады. Тұрақты кітап оқу, қазақы ортамен тығыз араласу, қазақтың шұрайлы тілінде кино көру Отабекті бүгінгі жетістікке жеткізді.

Егер өзге этнос өкілдері одан «Қазақ тілін үйренудің қажеті бар ма?» деп сұраса, Отабек еш ойланбастан «Әрине, қажет. Қазақтың жерінде тудың ба, өстің бе, ауасын жұтып, суын іштің бе ол сенің — МІНДЕТІҢ» деп жауап беретінін айтады. Өйткені адам өзі өмір сүріп, еңбек етіп жүрген елдің мемлекеттік тілін білу арқылы сол қоғаммен жақынырақ байланыс орнатады.

– Әр халық өзінің тілін, дәстүрін және мәдениетін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді. Бұл – Қазақстанның үлкен байлығы әрі тұрақтылығының негізі. Қазақ тілін білу – тек тілді меңгеру ғана емес, бұл – қазақ халқының мәдениетін, тарихын және дәстүрін құрметтеу. Шынында да, тіл – халықтың жаны. Мемлекеттік тілді білу арқылы адам сол елдің мәдениеті мен рухани дүниесіне жақындай түседі. Ал Отанға қызмет етуді өмірлік мұрат еткен әскери қызметкер үшін мемлекеттік тілді білу – кәсіби қажеттілікпен қатар, елге деген құрметтің белгісі. Сондықтан қазақ тілін білуге, сол тілде сөйлеуге, сол тілде кітап оқуға мен міндеттімін. Қазақ тілінің құдіретін мен күнде көріп келемін. Тіл білгендіктен болашақтың есігі ашылды, сара жол салынды. Айналама жақсы адамдар жиналды. Жұмысымның жемісін көріп келемін. Қазақтың мықты ақын-жазушыларымен таныстым. БҰЛ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰДІРЕТІ , – дейді патриот азамат.

Отанға деген сүйіспеншілік – ортақ құндылық

«Отанды сүю ұлтқа байланысты ма?» деген сауалға Отабек Ирисматовтың жауабы да нақты. Ол: «Отанға деген сүйіспеншілік адамның ұлтымен өлшенбейді. Ол – жүректен, тәрбиеден және азаматтық жауапкершіліктен туындайтын сезім», – дейді.

Қазақстанды мекен еткен түрлі этнос өкілінің барлығын біріктіретін ортақ құндылық – осы елдің тыныштығы мен болашағына деген жауапкершілік. Сондықтан кейіпкеріміздің жастарға айтар ақылы да қарапайым әрі салмақты: бір-бірін ұлтына қарап емес, адамгершілігіне, ісіне және ниетіне қарап бағалау.

Бірлігін бекемдеген елдің ғана болашағы баянды болады. Ал татулық – дайын күйінде берілетін дүние емес, оны әр азамат күнделікті қарым-қатынасы мен іс-әрекеті арқылы қалыптастырады.

Әскери қызметтің жауапкершілігі қанша ауыр болғанымен, Отабек үшін өмірдегі ең қымбат құндылықтардың бірі – отбасы. Ол отбасы ұғымын сенім, махаббат, сыйластық және жауапкершілікпен байланыстырады. Ата-анадан алған тәрбие мен бауырлардың қолдауы оның өмірлік жолында ерекше орын алады. Шынында, отбасын адамның алғашқы мектебі деуге болады. Адамның бойындағы адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, еңбекқорлық пен жауапкершілік секілді қасиеттердің негізі де осы шаңырақта қаланады.

– Кіндік қаным тамған қасиетті Отаным – Қазақстан Репсубликасына ақтық демім қалғанша адал қызмет етемін.  Таза ауасын жұтып, мөлдір суын ішіп осы қасиетті жерде азамат болып, еліме адал қызмет етіп жатқаным мен үшін үлкен жеңіс. Отанымның тыныштығы – отбасымның тыныштығы. Шағын ғана Отанымызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғауға әрқайсымыз міндеттіміз. Сондықтан мен үшін елдің тыныштығы бәрінен де қымбат, бәрінен де бағалы. Үстіме әскери киімді ілгенде жауапкершілік жүгі екі есе артылатынын терең сезінемін. Елімнің әрбір тұрғыны ертеңгісін ұйқыдан алаңсыз оянып, елімізде балалардың күлкісі тийылмаса екен деймін, – дейді әскери қызметкер.

Арманнан – мақсатқа, мақсаттан – қызметке

Отабек Ирисматовтың өмір жолына көз салсақ, балалық қызығушылықтың үлкен мақсатқа айналғанын көреміз. Мектеп қабырғасынан басталған әскери мамандыққа деген қызығушылық оны әскери институтқа жетелеп, бүгінгі күні ел қауіпсіздігі жолындағы жауапты қызметке алып келді. Оның ең үлкен мақтанышы да – осы.

«Отан қорғау жолында әскери қызмет атқарып жүргенім – менің ең үлкен мақтанышым. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік», – дейді офицер. Бұл сөздің астарында үлкен мән бар. Отан қорғау – атақ үшін емес, абырой үшін таңдалатын жол. Бұл жолда адамның білімі де, білігі де, мінезі де сыналады. Ең бастысы – антқа адалдық. Ал Отабек үшін әскери антқа беріктік пен Отанға адал қызмет ету – басты ұстаным.

Бос уақытында спортпен айналысып, кітап оқуға, өзін дамытуға көңіл бөлетін офицер тарихи шығармаларға, әскери тақырыптағы кітаптарға және белгілі тұлғалардың өмір жолын баяндайтын еңбектерге қызығады. Табиғат аясында уақыт өткізуді де ұнатады.

– Отанға адал қызмет ету, әскери антқа берік болу және жүктелген міндетті абыроймен орындау – менің басты міндетім. Қай ұлттың өкілі болсақ та, бәріміздің ортақ үйіміз – Қазақстан. Ал осы үйдің тыныштығын сақтау, оның болашағына қызмет ету – әр азаматтың парызы. Бір Ту астында – бір жүрек, бір елдің болашағына – ортақ жауапкершілік жатыр, – дейді кейіпкеріміз.  

 ТҮЙІН:

ОТАБЕК ФАХРИДДИНҰЛЫНЫҢ өмір жолы – Отанға қызмет етудің ұлтпен өлшенбейтінін көрсететін тағылымды мысал. Өзбек ұлтының өкілі бола тұра, ол өзін ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы әрі ел қауіпсіздігін қорғау жолына адал әскери қызметші ретінде сезінеді. Қазақ әскерінің қатарында күн сайын жауапты міндеттерін абыроймен атқарып, жеке құраммен бірге тынымсыз еңбек етіп келеді. Оның әскери жолы – бірлік пен татулықтың, өзара құрмет пен ортақ мақсаттың нақты көрінісі. Бір сапта тұрған сарбаздардың ұлты әртүрлі болғанымен, олардың анты бір, мақсаты ортақ. Өйткені Отан қорғау – ұлтқа бөлінбейтін қасиетті міндет.

Бүгінде қазақ әскерінде өзге этнос өкілдерінің де ел қорғаны қатарында аянбай еңбек етуі – Қазақстандағы татулық пен ортақ азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Бір Ту астында иық тірестіріп, бір мақсат жолында аянбай қызмет етіп жүрген осындай азаматтардың еңбегі – ел бірлігінің берік негізі.

               Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ұлты – поляк, тілі – қазақ

Ұлты – поляк, тілі – қазақ

29.08.2026
Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын

Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын

29.08.2026
«Таза жағалау» акциясы: 36 мың адам қатысып, 1,5 мың тонна қалдық жиналды

«Таза жағалау» акциясы: 36 мың адам қатысып, 1,5 мың тонна қалдық жиналды

29.08.2026
Мемлекет жаныңа жақын бола түскенде

Мемлекет жаныңа жақын бола түскенде

29.08.2026
Пирамида – пайда емес, пәлекет

Пирамида – пайда емес, пәлекет

29.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.