Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісу өңірінің қыздар құрамасы теннистен Қазақстан кубогын жеңіп алды

1 қыркүйек 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Жетісу өңірінің қыздар құрамасы теннистен Қазақстан кубогын жеңіп алды

Фото: ҚТФ

WhatsAppTelegramFacebook

Шымкентте 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннис бойынша Қазақстан кубогы аяқталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің әр өңірінен келген 16 команда арасынан суырылып шыққан Жетісу өңірінің теннисшілері ел біріншілігінде топ жарды. «Beeline Arena» корттарында 24-29 тамыз аралығында өткен тартысты жарыста жас спортшылар жоғары шеберлік пен жеңіске деген мұқалмас жігер көрсетті. Сондай-ақ аталған командалық бәсекеде ұлдар арасынан Ақтөбе облысының құрамасы кубокты қанжығасына байлады.

Командалық бәсеке тартысты форматымен ерекшеленді. Бастапқы кезеңде қатысушылар төрт топқа бөлініп, үздік шыққан ұжымдар плей-офф кезеңінде жүлделі орындарды сарапқа салды. Қыздар арасындағы шешуші кездесуде Жетісу облысының құрамасы Шымкент командасымен шеберлік байқасып, 2-1 есебімен басым түсті.

Финалдық бәсекені беделді теннисші Айым Қанағатова сәтті бастап, айқын басымдықпен қарсыласын 6-0, 6-1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу барысында шымкенттіктер есепті теңестіргенімен, кубок тағдыры шешілетін жұптық бәсекеде Жетісудың қос саңлағы Айым Қанағатова мен Адема Альсейпулова қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, 6-0, 6-0 есебімен беделді жеңіске қол жеткізді. Осылайша өңіріміздің намысын қорғаған өрендер Жетісудың спорттық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жүлделі үшінші орынды елордалық Астана-1 құрамасы еншіледі.

Ұлдар арасындағы финалдық кездесулерде Ақтөбе облысының өкілдері Шымкент құрамасын 2-1 есебімен ұтып, алтын жүлдені иеленсе, қола жүлде Алматы-1 командасының қанжығасында кетті. Жас өрендердің бұл жетістігі – еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортының қарқынды дамып келе жатқанының нақты көрінісі.

Жетісулық жас теннисшілердің осындай ірі доп додасында топ жаруы өңірдегі теннис мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамыту – аймақ болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадам.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.