Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ана мен бала денсаулығы қымбат

05.09.2026
КҮНДЕРЕК
Ана мен бала денсаулығы қымбат
WhatsAppTelegramFacebook

Денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстың нәтижесі ең алдымен халықтың күнделікті өмірінен көрінеді. Ауруханаға барған тұрғын сапалы қызмет алды ма? Ауылдағы ана мен балаға қажетті медициналық көмек көрсетіле ме? Маман жеткілікті ме, медициналық техника заманауи талапқа сай ма? Осы сұрақтар төңірегінде облыста денсаулық сақтау саласына кешенді мониторинг жүргізілуде. Аймаққа Денсаулық сақтау министрлігінен жұмыс тобы келіп, бірқатар ауданды аралап, медициналық көмектің сапасы мен денсаулық сақтау нысандарының жағдайын зерделеді.

Жұмыс тобы Алакөл, Сарқан, Ақсу, Панфилов, Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ аудандарына барып, медициналық ұйымдардың жұмысымен танысуда. Бұл – жай ғана нысандарды аралап, жағдайды көзбен көру емес. Мұнда халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасынан бастап, саладағы кадр мәселесіне, медициналық құрал-жабдықтардың жағдайына дейінгі көптеген мәселе қамтылады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, мониторингтің негізгі бағытының бірі – ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалау. Ана мен баланың денсаулығы – кез келген қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын көрсететін маңызды өлшем. Сондықтан перинаталдық және педиатриялық көмектің қолжетімділігі, мамандардың біліктілігі, қажетті құрал-жабдықтардың болуы – тұрақты назарды қажет ететін мәселелер.

Мониторинг барысында денсаулық сақтау саласындағы маман тапшылығы да назардан тыс қалмайды. Өйткені жаңа ғимарат салып, оны заманауи техникамен жабдықтау жеткіліксіз. Сол техникамен жұмыс істейтін, науқастың жағдайын дұрыс бағалап, дер кезінде шешім қабылдайтын білікті маман қажет. Ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы да осыған тікелей байланысты.

Жетісу облысы – елді мекендері бір-бірінен шалғай орналасқан, ауылдық аумағы кең облыстардың бірі. Сондықтан ауыл тұрғыны үшін медициналық көмектің жақындығы мен қолжетімділігі айрықша маңызды. Аурудың алдын алу, дер кезінде диагноз қою, қажетті маманға жолдау – мұның бәрі уақытпен өлшенетін дүние.

Мониторинг барысында медициналық инфрақұрылым мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Облыстық аурухана мен онкологиялық диспансердегі, сондай-ақ Алакөл және Кербұлақ аудандарындағы медициналық нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстары сарапталуда. Мұның өзі денсаулық сақтау нысандарын жаңарту ісінің жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Алайда кез келген құрылыс пен жөндеудің түпкі мақсаты – ғимараттың әдемілігі емес, сол жерде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру. Сондықтан мониторинг барысында нысанның сыртқы жағдайымен бірге оның нақты қажеттілікке сәйкестігі, медициналық қызметті ұйымдастыруға қаншалықты мүмкіндік беретіні, құрал-жабдықтармен қамтылуы және мамандардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалғаны да сараланады. Ең бастысы – бұл жұмыстың қорытындысы нақты шешімдерге ұласуы тиіс.

Вице-министр Манас Ембергенұлы атап өткендей, анықталған мәселелерді шешу жергілікті атқарушы органдармен ғана шектелмейді. Қажет болған жағдайда республикалық медициналық орталықтар мен медициналық университеттер де бұл жұмысқа қатыстырылмақ. Бұл тәсілдің мәні – мәселені бір мекеменің шеңберінде қалдырмай, оны шешуге қажетті барлық мүмкіндікті біріктіру. Бүгінгі медицина тек ауруды емдеумен шектелмейді. Ол – алдын алу, ерте анықтау, заманауи диагностика, оңалту, медициналық көмектің қолжетімділігі және адамға деген жауапкершілік. Жүргізіліп жатқан мониторинг осы талаптардың өңірдегі нақты жағдаймен қаншалықты үйлесетінін бағалауға мүмкіндік береді.

Осыдан кейін Манас Ембергенұлы бастаған топ балаларға арналған заманауи оңалту орталығының ашылуына қатысты. Облыстағы балаларға көрсетілетін оңалту көмегінің қолжетімділігін арттыру мақсатында Талдықорған қаласында «QH Оңалту орталығы» жобасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен іске асты. Орталық үшін ауданы 1 078,8 шаршы метр ғимарат бөлініп, жергілікті бюджеттен жөндеу жұмыстары мен жүк көтергішін орнатуға 149,8 млн. теңге бағытталды. Қор тарапынан орталықты заманауи медициналық жабдықтармен, жиһазбен және қажетті техникамен жарақтандыруға 241,9 млн. теңге қарастырылған.

Орталықта 35 төсек-орын болады. Жобалық қуаты – жылына 600 балаға дейін, ай сайын 50 балаға амбулаториялық және стационарлық оңалту көмегін көрсету жоспарлануда. Мұнда балалардың қозғалыс дағдыларын қалпына келтіруге арналған тренажерлер, физиотерапиялық және жоғары технологиялық оңалту жабдықтары, сондай-ақ сенсорлық және интерактивті бөлмелер қарастырылған. Оңалту көмегі мультидисциплинарлық тәсіл негізінде көрсетіледі. Медициналық мамандармен қатар логопед, дефектолог, психолог және эрготерапевт жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта жабдықтардың негізгі бөлігі жеткізіліп, орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы кезеңде қалған жабдықтарды толық жеткізу, орталықты пайдалануға беру және кадрлық құрамды жасақтау жоспарланған.

Жұмыс тобының сапары аяқталған соң анықталған мәселелер сараланып, оларды шешудің жолдары белгіленеді. Ал оның түпкі нәтижесі қарапайым тұрғынның медициналық көмекке жүгінген сәтінде сезілуі керек. Өйткені денсаулық сақтау саласының ең басты көрсеткіші – дер кезінде көмек алған адамның алғысы, амандығы және ертеңгі күнге деген сенімі.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан шабандоздары 300 шақырымдық бәйгеде үздік шықты

Қазақстан шабандоздары 300 шақырымдық бәйгеде үздік шықты

05.09.2026
Біз білетін бапкер

Біз білетін бапкер

05.09.2026
Аткинсондардың Қапалдағы ізі

Аткинсондардың Қапалдағы ізі

05.09.2026
Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

05.09.2026
Өз үнің өгейсімесін

Өз үнің өгейсімесін

05.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.