Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізу аясында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.
Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысының білім басқармасы Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№12 «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы», «№13 «Құралай» бөбекжай-бақшасы», «№14 «Айбөбек» бөбекжай-бақшасы», «Жетісу облысының білім басқармасы Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ай-жұлдыз» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының және Көксу ауданы әкімінің аппараты жанындағы «Көксу жылу – су сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының талаптарына сәйкес келмегені анықталды, бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы болып табылады.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Департамент тарапынан нұсқамалар шығарылды.
Бүгінгі таңда монополияға қарсы органның нұсқамалары толық көлемде орындалды.





