Талдықорған: +30°C
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ғұмырын кітапқа арнаған

08.09.2026
ЖАНСАРАЙ
Ғұмырын кітапқа арнаған
WhatsAppTelegramFacebook

«Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөзі кітаптың адам мен қоғам өміріндегі орнын айқындап қана қоймай, оны сақтап, ұрпаққа жеткізудің де үлкен жауапкершілік екенін аңғартады. Өйткені бүгін қолымызға алып, парақтап отырған әр кітаптың артында көзге көрінбейтін еңбек, маңдай тер, кейде тұтас бір адамның ғұмыры жатыр. Жетісу аймағының кітапхана тарихында сондай ғұмырын кітапқа арнаған жандардың бірі – Нағима Нұрқалбаева еді.

Аяулы жан 1946 жылы Талдықорған қаласында Жабай мен Күлән Жансенгіровтер отбасында дүниеге келді. Қаладағы М. Горький атындағы орыс орта мектебін тамамдап, Лепсинск мәдени-ағарту техникумында кітапхана ісін меңгерді. Кейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында кітапханатану және библиография мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Нағима Жабайқызының кітапхана саласына келген тұсы – бүгінгідей кітапхана ғимараттары қалыптасып, кітап қорын сақтау мен есепке алудың мүмкіндігі мол кезең емес еді. Кеңес дәуірінде Талдықорған өңірінде арнайы жабдықталған кітапханалар жеткіліксіз болды. Әсіресе ауылдық жерлерде кітап қорының сақталуы, оқырманға жетуі үлкен еңбекпен жүзеге асатын.

Кітапханашылар кейде кітаптарды жертөлелерде, қоймаларда, түрлі мекеменің бұрыштарында сақтады. Кітаптың қадірін білетін мамандар оның елдің рухани жады екенін жақсы түсінді. Сондықтан қолда бар қорды шашау шығармай, тоздырмай келесі ұрпаққа жеткізу олардың кәсіби міндетімен бірге азаматтық парызына айналды. Нағима Жабайқызы да сол буынның қатарында болды.

Ол еңбек жолын С. Сейфуллин атындағы Талдықорған облыстық кітапханасында бастап, оқырманға қызмет көрсету, кітап қорын жинақтау мен өңдеу сынды әдістемелік жұмыстардың қыр-сырын меңгерді. Бұл саланың ішкі тіршілігін қарапайым кітапханашыдан бастап бөлім меңгерушісіне дейінгі қызметтер арқылы терең таныды. Кейін облыстық жасөспірімдер кітапханасын басқарып, одан соң С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапханаға жетекшілік етті. Бұл – кітапхана саласының қалыптасып, қордың жүйеленіп, оқырманмен жұмыстың жаңа бағыттары орныға бастаған шағы еді.

Нағима Жабайқызы өз ісіне жаңашылдық енгізуге де ұмтылды. Мәскеуде біліктілігін жетілдіріп, кітапхана жұмысының жаңа үлгілерін үйреніп қайтты. Сол сапардан әдістемелік құралдар әкеліп, өңірдегі кітапханалардың жұмысын жаңғыртуға күш салды. Оның бастамалары кітапхана ісін тек кітап беріп-қабылдайтын орын деңгейінде қалдырмай, оқырманмен жүйелі жұмыс жүргізетін мәдени-ағартушылық ортаға айналдыруға бағытталды.

Ел өміріндегі өзгерістер кітапхана жүйесін де талай сынақтан өткізді. Облыстардың әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер, мекемелердің қайта ұйымдастырылуы кітапханалардың тағдырына да әсер етті. Осындай күрделі кезеңдерде Нағима Жабайқызы кітапхана қорын сақтауға, қалыптасқан жүйені жоғалтпауға айрықша мән берді.

Кейін Талдықорған қалалық В. Маяковский атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесін басқарған кезінде қала әкімдігімен бірлесе отырып, Еңбек пен Өтенай ауылдарында, сондай-ақ қаланың 2-шағынауданында кітапхана филиалдарының ашылуына ұйытқы болды.

Нағима Жабайқызы кітапхана жүйесін сақтап қана қоймай, оның сара жолын салған мамандардың бірі болды. Оның шәкірттері кейін облыстық, аудандық және қалалық кітапханаларды басқарып, ұстазының кәсіби мектебін жалғастырды. М. Нұрғалиева, Ф. Хайбуллина, К. Сейтжанова, Г. Мұқанова сынды шәкірттерінің кітапхана саласында жауапты қызметтер атқаруы – Нағима Жабайқызы еңбегінің өміршеңдігін көрсетеді.

Кітапхана саласындағы 46 жылдық еңбек жолының 33 жылын басшылық қызметке арнаған Нағима Нұрқалбаева Талдықорған және Алматы облыстарында кітапхана саласында үздіксіз еңбек етіп, қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 1991 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Алғыс хатымен», 2001 жылы 1 желтоқсанда ҚР «Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 1999 жылы Талдықорған қаласы әкімінің «Алғыс хатымен», 2001 жылы ҚР Мәдениет министрлігі, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және Талдықорған қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен», 2001 жылы ҚР Президент жанындағы ұлттық отбасы және әйелдер жөніндегі комиссиясының дипломымен, 2005 жылы Алматы облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен», «Құрмет грамотасымен» және Алматы облыстық кітапхананың және Талдықорған қаласының мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен», 2009 жылы Талдықорған қаласының экономика және транспорт колледжінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Алайда оның ең үлкен марапа- ты – артында қалған рухани мұрасы, шәкірттері және сақталған кітап қоры еді.

Жеке өмірінде де ол өнегелі отбасының ұйытқысы болды. Тарихшы-өлкетанушы Құлтай Нұрқалбайұлымен бірге ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйді. Отбасы мүшелерінің жоғары білім алып, түрлі саланың маманы болуы – оның білім мен ізденіске деген құрметінің отбасындағы көрінісі десек қателе қоймаспыз.

Нағима Жабайқызы 2021 жылы 75 жасында дүниеден өтті. Бірақ кітапқа қызмет еткен адамның ғұмыры өзі өмірден өткен күні аяқталмайды. Оның ғұмыры қолмен ұстаған кітаптарында, тәрбиелеген шәкірттерінде, оқырманға ашылған кітапхана есіктерінде жалғасады.

Бүгін Талдықорған өңірінде кітапхана ісі жаңа сипатқа ие болып, заманауи технологиямен толығып келеді. Электронды каталог, цифрлық қор, жаңа форматтағы мәдени шаралар – заман талабы. Бірақ осы жаңарған жүйенің ар жағында кешегі кітапханашылардың маңдай тері бар. Олар сақтаған кітап болмаса, бүгінгі қор да болмас еді. Олар қалыптастырған кәсіби мектеп болмаса, бүгінгі кітапхана дәстүрі де дәл осындай деңгейге жетпес еді. Сондықтан Нағима Жабайқызының есімін еске алу – бір кітапханашының өмір жолын баяндау ғана емес, кітапты аманат деп түсінген тұтас бір буынға тағзым десек болады.

Кітап – уақыттан озатын қазына. Ал сол қазынаны сақтаған адамдардың есімі де халық жадында кітаптың әр парағындай қатталып қала берері сөзсіз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Мүгедектікті анықтаудың жаңа мүмкіндіктері

Мүгедектікті анықтаудың жаңа мүмкіндіктері

08.09.2026
Ғұмырын кітапқа арнаған

Ғұмырын кітапқа арнаған

08.09.2026
«Ешкіөлмес» атауы қайдан шыққан?

«Ешкіөлмес» атауы қайдан шыққан?

08.09.2026
Монополияға қарсы органның нұсқамалары толық көлемде орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамалары толық көлемде орындалды

07.09.2026
Отын-энергетика кешені саласын талдау

Отын-энергетика кешені саласын талдау

07.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.