Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Көптен күткен жол жаңаруда

12.09.2026
КҮНДЕРЕК
Көптен күткен  жол жаңаруда

sugdpressa.tj

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғаннан Үштөбеге қатынау бұрын жүргізушілер үшін оңай болған жоқ. Ені тар, талай жылдан бері жөндеу көрмеген, ой-шұңқыры көбейген ескі жолда бір сәттік қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкеліп соғатын. Бұл бағытта болған жол-көлік оқиғалары да жұрттың алаңын арттырған.

Жолдың жай-күйі өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілді. Екі аралықтағы жолды жөндеуді сұраған тұрғындардың өтініші ескеріліп, биыл көптен күткен жұмыс басталды.

Мамыр айында облыстық маңызы бар Талдықорған – Үштөбе бағытындағы 42 шақырым жолды орташа жөндеу қолға алынды. Жобаның жалпы құны 6 млрд. теңге. Бастапқы жоспар бойынша жұмыс 14 айда аяқталуы тиіс болатын. Бірақ мердігер белгіленген мерзімді күтпей, құрылысты жеделдетті. Мамырда басталған жұмыс қыркүйек айының соңына қарай толық аяқталып, жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Әрине, қысқа мерзімде ауқымды жол құрылысының аяқталуы оның сапасына қатысты сауал туғызатыны анық. Осыған байланысты жол құрылысын жүргізіп жатқан «Жол» ЖШС бөлімше бастығы Бақыт Жандиловтың пікірін білдік.

– Жобаны мерзімінен бұрын аяқтауымызға ең алдымен көп жылғы тәжірибеміз бен техникалық-өндірістік мүмкіндігіміздің молдығы себеп болды, – дейді ол.

Мердігердің айтуынша, жұмыстың қарқынына компанияның өндірістік базасы да мүмкіндік берген. Облыста асфальт өндіретін зауыты, тас үгітетін қондырғылары және ұсақ тас алынатын карьерлері бар. Сондықтан құрылыс материалын сырттан іздеп, уақыт жоғалтпаған.

– Қажетті материалдар дер кезінде дайын болды. Бұған қоса жол құрылысының әртүрлі жұмыстарын атқаратын 60-қа жуық техникамыз бар. Құрылыс қызған кезде нысанда 100-ге жуық адам еңбек етті. Жұмыстың мерзімінен бұрын аяқталуына осы мүмкіндіктеріміз үлкен әсер етті, – дейді Бақыт Жандилов.

Техникалық қадағалау жұмыстары да құрылыс басталған күннен бері үздіксіз жүргізіліп келеді. «TEN Ctroy» техникалық қадағалау компаниясының өкілі Талғат Құлшановтың айтуынша, мамыр айынан бері жол құрылысының әрбір кезеңі бақылауда болған.

– Тас төсеуден бастап асфальт жабындысын төсеуге дейінгі барлық процесті үнемі қадағалап отырдық. Жұмыс барысында ұсақ-түйек кемшіліктер кездесіп отырды. Бірақ олардың барлығы дер кезінде түзетілді. Сондықтан жолдың сапасына кері әсер ететіндей жағдай болған жоқ, – дейді Талғат Құлшанов.

Жолдың техникалық жағдайына қарай жөндеу тәсілі де әртүрлі жүргізілген. Үштөбеден Ескелді ауылдық округіне дейінгі 22-49 шақырым аралығына екі қабат асфальт, ал 7-22 шақырымдық учаскеге бір қабат асфальт төселген. Жолдың ені бұрынғы 7 метрден 8 метрге дейін кеңейтілді. 13 жерде су өткізу құрылғысы орнатылып, төрт жерге бағдаршам қойылып, төрт аялдама жөнделіпті. Жұмыстың барлық кезеңі техникалық қадағалаушы мекеменің бақылауында болған.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаевтың айтуынша, қазір жол белгілерін орнату және жолақтарды таңбалау секілді соңғы жұмыстар жүргізілуде. Олар аяқталған соң нысанды «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы сараптамадан өткізген соң басқарма қабылдап алады. Мердігер компания жолға бес жылдық кепілдік береді. Осы мерзім ішінде қандай да бір ақау анықталса, оны өз қаражаты есебінен жөндеуге міндетті.

– Мақсатымыз – көліктің жүру жылдамдығын арттыру емес, ең алдымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – дейді Ғалымжан Дәрібаев.

Осы мақсатта жол бойына бейнебақылау камералары орнатылған. Талдықорғаннан шығар тұста жүк көліктерінің салмағын өлшейтін арнайы құрылғы да қойылған. Кеше ғана ой-шұңқыры көбейіп, жүргізушілерді әбігерге салған жол бүгінде жаңа кейіпке еніп келеді. Ең бастысы – бұл жол елді мекендерді жалғайтын қатынас жолы ғана емес, мыңдаған адамның қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ететін маңызды күрежол болмақ.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Жүректе қалған жаңғырық

Мөлдір сезім, мөлтек хикая

12.09.2026
Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ

Бала қауіпсіздігі – баршаға ортақ

12.09.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

Қырсық бір айналдырса… «Жетісудың» айыппұлы өсіп барады

12.09.2026
Көптен күткен  жол жаңаруда

Көптен күткен жол жаңаруда

12.09.2026
Жетісуда «Шаңырақ шаттығы» кешінде жас отбасылар марапатталды

Жетісуда «Шаңырақ шаттығы» кешінде жас отбасылар марапатталды

12.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.