Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Руханияттың алтын ордасы

12.09.2026
КҮНДЕРЕК
Руханияттың алтын ордасы
WhatsAppTelegramFacebook

Кітапхана – ұлттың рухани жадын сақтайтын, ұрпақты білім мен парасатқа бастайтын қасиетті орын. Қай заманда да кітапқа құрмет – білімге, ал білімге құрмет – болашаққа нық қадам. Сондықтан елді мекендерде жаңа кітапханалардың бой көтеруі – жай ғана мәдени нысандардың көбеюі емес, халықтың рухани өміріне жасалған маңызды қадам деп білемін.

Жақында ғана Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында айтулы оқиғаның куәсі болдық. Заманауи талапқа сай салынған жаңа кітапхана ғимараты есігін оқырманға айқара ашты. Бұл – Сарыөзек тұрғындары үшін ғана емес, ауданның мәдени-рухани өмірі үшін де үлкен қуаныш. Жаңа кітапхананың бой көтеруі – мемлекет тарапынан мәдениет пен білім саласына көрсетіліп отырған тұрақты қолдаудың нақты нәтижесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде білімді, бәсекеге қабілетті, ойы сергек ұрпақ қалыптастырудың маңыздылығын үнемі айтып келеді. Президенттің кітап оқу мәдениетін дамыту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру, зерделі ұлт қалыптастыру бағытындағы сарабдал саясаты кітапхана саласына да үлкен міндет жүктейді. Өйткені оқитын ұлт – ойлайтын ұлт. Ал ойлайтын қоғамды қалыптастыру үшін адамға ең алдымен білімге қолжетімділік, сапалы ақпарат және рухани орта қажет. Осы тұрғыдан алғанда жаңа кітапхананың ашылуы – Мемлекет басшысы айқындаған бағыттардың өңірдегі нақты көріністерінің бірі.

Екі қабатты жаңа кітапхана ғимараты заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бірінші қабат ересек оқырмандарға, ал екінші қабат балаларға арналған. Мұнда абонемент, оқырман залдары, коворкинг орталығы, кітап қорларын сақтау залы, компьютерлік және конференц-залдар, сондай-ақ балаларға арналған заманауи IT зал жұмыс істейді. Интернет желісіне қосылған компьютерлер арқылы әр оқырман қажетті ақпаратты іздеп, электрондық ресурстарды пайдаланып, заманауи технологиялармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Мұндай кең әрі қолайлы орта кітапхананың білім, ақпарат және мәдениет орталығы ретіндегі қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Әсіресе балалар мен жастар үшін мұндай заманауи орталықтың орны бөлек. Өйткені кітапхана – жас адамның бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, оның дүниетанымын кеңейтетін, ізденісін арттыратын, шығармашылық қабілетін дамытатын орта.

Біз кітапхана басшылары ретінде жаңа ғимараттың салынуын тек материалдық базаның жақсаруы деп қабылдамаймыз. Бұл – оқырманға деген құрметтің, халыққа жасалған жағдайдың көрінісі. Мемлекет қаржысы арқылы салынған әрбір мәдени нысанның ең басты нәтижесі оның қабырғасы мен жиһазында емес, сол ғимараттан шыққан адамның алған білімінде, қалыптасқан көзқарасында, жасаған жақсы ісінде деп ойлаймын. Сондықтан жаңа кітапхананың ашылуы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ендігі мін- дет – осындай тамаша мүмкіндікті тиімді пайдаланып, кітапхананы тұрғындардың сүйікті рухани орталығына айналдыру.

Кітап қорын толықтыру, оқырманға сапалы қызмет көрсету, балалар мен жастарды кітап оқуға тарту, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, әдеби-мәдени жобаларды көбейту – алдағы уақыттағы негізгі бағыттарымыздың бірі болмақ. Ел Президентінің сарабдал саясатының басты ерекшелігі де – мемлекеттің дамуымен қатар адамның өмір сапасына, оның білім алуына, мәдени және рухани қажеттіліктеріне жағдай жасау. Жаңа кітапхананың ашылуы осы ұстанымның өмірдегі нақты көрінісі деп білеміз.

Біздің алдымызда тұрған басты міндет – жаңа ғимаратты жаңа мазмұнмен толықтыру. Президентіміздің «зерделі ұлт» қалыптастыру идеясы да осындай жұмыстармен үндеседі. Зерделі ұлт дегеніміз – білімге ұмтылатын, кітап оқитын, өз тарихын білетін, ұлттық құндылықтарын бағалайтын және заман талабына бейімделе алатын қоғам. Мұндай қоғам бір күнде қалыптаспайды. Ол отбасынан, балабақшадан, мектептен және мәдениет ошақтарынан басталады. Ал кітапхана осы үлкен тәрбиелік кеңістіктің маңызды бір бөлігі. Сондықтан Сарыөзекте бой көтерген жаңа кітапха- на – тек бүгінгі тұрғындарға жасалған жағдай емес, ертеңгі ұрпаққа қалдырылған рухани мұра.

Самал Шаяхметова,
облыстық С. Сейфуллин атындағы
орталық кітапхананың директоры

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды

12.09.2026
Аграрлық саланың жаңа буыны

Аграрлық саланың жаңа буыны

12.09.2026
БуккроСсингтен «мизамға» дейін немесе кітап оқитын ұлт қалай қалыптасады?

БуккроСсингтен «мизамға» дейін немесе кітап оқитын ұлт қалай қалыптасады?

12.09.2026
Жүректе қалған жаңғырық

Жүректе қалған жаңғырық

12.09.2026
Руханияттың алтын ордасы

Руханияттың алтын ордасы

12.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.