Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

43 отбасы қоныстойын тойлады

19 қыркүйек 2026
КҮНДЕРЕК
43 отбасы қоныстойын тойлады

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

Қала күні қарсаңында талдықорғандық 43 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды. Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. 

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы айқындаған маңызды міндеттердің бірі екенін айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып отырғанын жеткізді.

Жаңа қоныс иелеріне «Құлагер» шағынауданынан, «Береке» коттедж қалашығынан және «Жастар-3» тұрғын үй алабынан баспана кілттері табысталды.

Жетім бала есебінде 13 жылдан астам уақыт тұрғын үй кезегіне тұрған Элина Кибедова мен оның ұлдары Абдуллах, Ахмад және Халидтің енді өз баспанасы бар.

– Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдық. Қиналсақ та түбі өз шаңырағымыз болатынына сендік. Ел ағаларына аналық жүрегіммен алғыс айтамын. Әр қазақ баспаналы болсын, – дейді қала тұрғыны.

Қуанышты шараға балалары мен немерелерін ертіп келген Гүлнар Нүсіпова 15 жылға жуық уақыт кезекте тұрып, баспаналы болды.

– Біз осы күнді асыға күттік. Мемлекетке көрсетіп отырған ықыласы мен қамқорлығы үшін алғыс айтамын. Өзім үшін ғана емес, менімен бірге қоныстойын атап өтіп жатқан басқа жерлестерім үшін де қуаныштымын, – дейді ол.

Биыл қалада 177,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жақын арада «Бірлік» шағынауданында 170 пәтерге арналған екі кредиттік тұрғын үй халықтың игілігіне ұсынылады. Жыл соңына дейін «Ынтымақ» тұрғын үй алабында 200 пәтерлі 5 бес қабатты үйдің құрылысы аяқталмақ. «Жастар-3» тұрғын үй алабында 350 үйдің құрылысы жалғасып жатса, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде 641 пәтерлі тоғыз қабатты үй бой көтеруде.

Жалпы, жыл басынан бері бүгінгі қоныс иелерін қоса алғанда, қала бойынша 617 отбасы баспаналы болды. Жалпы, жыл соңына дейін Талдықорған қаласында 1500-ден астам отбасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.