Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Еліміздің жолдарында дрондар 20 мыңнан астам заң бұзушылықты тіркеді

22 қыркүйек 2026
САЯСАТ
Еліміздің жолдарында дрондар 20 мыңнан астам заң бұзушылықты тіркеді

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ішкі істер министрлігі заманауи технологияларды полицияның күнделікті қызметіне енгізу арқылы елімізде заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Құқық қорғау саласын цифрландыру аясында қолданысқа енген ұшқышсыз авиациялық жүйелер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары тиімділік көрсетіп келеді. Заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттары жоғары сапалы камералармен жабдықталған. Олар бейнежазбаны нақты уақыт режимінде тасымалдап, әуеден жедел бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл инновациялық құрылғылар іс жүзінде өзінің нәтижелілігін дәлелдей түсті. Үстіміздегі жылдың 8 айында ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін жіті қадағалап, апаттардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстарды жалғастыруда.

Тіркелген құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жүргізушілердің қарапайым ережелерді сақтамауынан орын алған. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 3 198 дерек, көлік тізгінінде ұялы телефонды пайдаланған 2 055 оқиға тіркелді. Сондай-ақ ең қауіпті саналатын қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 1 678 факті, сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған 1 481 жағдай анықталды. Маневр жасау ережесін сақтамаудың 1 207, басып озу тәртібін бұзудың 771 және мемлекеттік тіркеу нөмірсіз көлік басқарған 87 оқиға заң жүзінде белгіленді. Бұдан бөлек, 9 мыңнан астам өзге де заң бұзушылықтар есепке алынды.

Заманауи технологиялар полиция қызметкерлерінің жұмысын ашық әрі жедел етуге зор септігін тигізеді. Әуеден бақылау жүйесі жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының азаюына тікелей ықпал етеді. Сондай-ақ, шалғай орналасқан немесе апат жиі болатын қауіпті учаскелерде заң бұзушылықтарды уақытылы әрі нақты тіркеуге жағдай жасайды.

Жолдардағы қауіпсіздік деңгейін одан әрі көтеру мақсатында цифрлық бақылау құралдарының аумағын кеңейту, патрульдік полицияны жаңа буын құрылғыларымен қамтамасыз ету жоспарланған. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің өмірін сақтаудың басты кепілі.

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында «Тенгри» ЖШС ұжымы дауыс берді

Алакөл ауданында «Тенгри» ЖШС ұжымы дауыс берді

Бүгін, 11:42
Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін, 11:42
Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Бүгін, 11:04
Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бүгін, 11:01
Тіршілігі түлеген құтты мекен

Тіршілігі түлеген құтты мекен

Бүгін, 10:21

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.