Алакөл ауданына қарасты Достық ауылының №69 сайлау учаскесінде «Тенгри» ЖШС компаниясының 40 қызметкері мәслихат депутаттарын сайлау науқанына қатысып, өз таңдауларын жасады.
Компания ұжымы ұйымшылдық танытып, азаматтық міндеттерін орындау арқылы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға өз үлестерін қосты.
Азаматтардың белсенділігі мен ортақ іске деген жауапкершілігі – тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.
Әрбір дауыс – ел ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі!
«Жетісу-Ақпарат»






