Сарқан қаласындағы №349 сайлау учаскесіне тіркелген ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мәслихат депутаттарын сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасады.
Еліміздің бірегей табиғатын қорғау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандары бұл күні жоғары азаматтық жауапкершілік танытты. Ұжым мүшелері таңертеңнен бастап учаскеге келіп, ел болашағы мен өңірдің одан әрі өркендеуі үшін дауыс берді.
«Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің ұжымы – өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, туған өлкенің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысатын отансүйгіш азаматтар. Маңызды саяси науқанда жасалған әрбір таңдау – тұрақты даму мен жарқын келешекке қосылған үлес!
«Жетісу-Ақпарат»






