Дүйсебаевтар отбасының өнегелі өмірі – бір шаңырақ астындағы сыйластық пен татулықтың, ата-ана тәрбиесі мен ұрпақтар сабақтастығының, ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Ел болашағы тәрбиелі ұрпақтың қолында десек, сол ұрпақтың қалыптасуына негіз болатын орта – отбасы. Дүйсебаевтар отбасы өздерінің өмірлік ұстанымдары арқылы осы құндылықтардың маңызын айқын көрсетіп келеді. Олар шаңырақтағы береке-бірлікті сақтап қана қоймай, туған қаланың қоғамдық өміріне де белсене араласып, оның өркендеуіне өз үлестерін қосуға ұмтылады.
Туған өлкенің ертеңіне бейжай қарамай, қоғамдық маңызы бар мәселелерге азаматтық көзқарас білдіру – әрбір тұрғынның парызы. Осы ретте мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – ел дамуына үлес қосудың бір көрінісі. Дүйсебаевтар отбасы да қаланың келешегіне жауапкершілікпен қарап, азаматтық белсенділікті маңызды міндет деп санайды.
«Алтын шаңырақ» – жай ғана атау емес. Бұл – отбасы берекесі мен бірлігін, ата-ананың өнегелі тәрбиесін, ұрпақ жетістігін және қоғам алдындағы жауапкершілікті тоғыстырған мәртебелі ұғым. Дүйсебаевтар отбасының өмірлік ұстанымы осы құндылықтармен сабақтасып жатыр.






