Талдықорған: +27°C
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жыл соңына дейін 112 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылады

23.09.2026
КҮНДЕРЕК
Жыл соңына дейін 112 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылады

ortcom.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда көмірсутек кен орындарын игеру және инвесторлар тарту мақсатында жыл соңына дейін 112 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті электрондық бәсеке өтетінін мәлімдеді. Маңызды шара 25 желтоқсанда e-Qazyna электрондық алаңында ұйымдастырылады. Ал оған қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер өтінімдерін 18 қарашаға дейін тапсыра алады. Бұл бастама Мемлекет басшысының жер қойнауы учаскелерін тиімді пайдалануды арттыру, геологиялық барлау ісіне инвестициялар тарту және мұнай-газ саласын қарқынды дамыту тапсырмасы аясында іске асырылуда.

Алдағы желтоқсан айында өтетін сауда-саттыққа 112 учаскенің 56-57-сі шығарылады. Олар негізінен Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай және Қызылорда облыстарының аумағында орналасқан. Олардың қатарында Бегімбет 1, Батыс Ұлытау, Шолақсай, Басқұмақ, Қарасу, Жасқайрат, Үстірт, Қосарал, Майлыкөл, Қарақамыс және Қаракөл сияқты перспективалы аумақтар бар.

Жер қойнауын пайдалану құқығын жеңіп алған инвесторларға қатаң міндеттемелер жүктеледі. Аукцион жеңімпаздары келісімшарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде барлау жұмыстарының жобасын дайындап, үш жыл ішінде 2Д сейсмикалық барлау талаптарын орындауы тиіс. Ал төрт жыл ішінде, егер нақты учаскенің шартында көрсетілсе, кемінде бір ұңғыманы бұрғылау қажет.

Мұнымен қоса, адами капитал мен инфрақұрылымды дамытуға ерекше басымдық беріледі. Өндіру кезеңінде инвестор өткен жылғы өндіру шығындарының 1%-ын отандық кадрларды оқытуға, 1%-ын ғылыми-зерттеу жұмыстарына және 1%-ын өңірдің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын көркейтуге бағыттауға міндетті.

Сонымен қатар, жергілікті қамту үлесі де қатаң бақыланады: жұмыстар мен қызметтерде – кемінде 70%, ал тауарларда – 30% болуы шарт. Басшылық құрамдағы қазақстандық мамандардың үлесі 80-90% аралығында, ал қатардағы мамандар арасында 100% құрауы тиіс. Бастапқы қоры 100 млн тонна мұнайдан немесе 50 млрд текше метр газдан асатын ірі кен орындарын ұтып алған компаниялар елімізде өңдеу өндірісін құру немесе өндірілген шикізатты ішкі нарықта өңдеуге жеткізу сияқты маңызды міндеттемелерді де өз мойнына алады.

Аталмыш қадам еліміздің мұнай-газ секторына соны серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірлердің экономикасын өркендетуге және отандық ғылымды қолдауға зор мүмкіндік туғызады.

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

23.09.2026
Таза қала әрқайсымыздан басталады: Текелідегі экологиялық акцияның маңызы

Таза қала әрқайсымыздан басталады: Текелідегі экологиялық акцияның маңызы

23.09.2026
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

23.09.2026
Көліктегі өрттің алдын алу: Жүргізушілерге маңызды ескерту

Көліктегі өрттің алдын алу: Жүргізушілерге маңызды ескерту

23.09.2026
Жасыл экономикаға қадам: Қазақстан өнеркәсібі жаңа жол картасын әзірлейді

Жасыл экономикаға қадам: Қазақстан өнеркәсібі жаңа жол картасын әзірлейді

23.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.