Талдықорған: +25°C
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қант қызылшасы зауытқа жол тартты

26.09.2026
КҮНДЕРЕК
Қант қызылшасы зауытқа жол тартты
WhatsAppTelegramFacebook

Қант қызылшасын жинау – шаруалар үшін жауапкершілігі мол кезең. Жыл бойы баптап, суарып, күтіп өсірген тәтті түбірді ысырап етпей, уақытылы зауытқа жеткізу – мол өнімнің кепілі.

Ауданда биыл қант қызылшасын өсіруге ерекше мән беріліп, шаруалар өнімді жинауға сақадай сай дайындалды. Егістік алқаптарындағы техникалар да жұмысқа кірісіп, маусымдық науқанды қыздыра түсуде. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Шалқыбековтың айтуынша, өңірде биыл 185 шаруа қожалығы 2 900 гектар алқапқа қант қызылшасын еккен. Одан 124 891 тонна өнім алынады деп күтілуде. Биылғы науқанға 27 қант қызылшасын жинайтын комбайн, 10 жапырақ сабағын шабатын техника және 70-80 тасымалдаушы көлік жұмылдырылуда.

Ал жиналған өнімді қабылдап, өңдейтін кәсіпорын да қызу жұмысқа кірісуде. Сондай-ақ өз техникасы бар шаруашылықтар техникасы жоқ шаруаларға көмектеседі, 2 сервис-техникалық дайындау орталығы қолдау көрсетеді, жұмыс күші жеткілікті. Сондықтан бұл науқанға күш сала өткізіледі. Өнім қабылдау кезең-кезеңімен ұлғайтылмақ. Бастапқы кезеңде тәулігіне шамамен 2 мың тонна, кейін 3 мың тоннаға жуық, ал кәсіпорын қажетті қуатына шыққан соң күніне 3,5-4 мың тоннаға дейін өнім қабылданып, жаңғыртудан кейін және өндірістік қуаты арттырылған соң Көксу қант зауыты биылғы маусымда 374 мың тонна қызылша қабылдауды жоспарлап отыр.

– Шаруашылықтың жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылдан асты. Жалпы 327 гектар жер игеріліп отыр. Биыл оның 160 гектарына қант қызылшасының ерте-пісіп жетілетін «Авантаж» тұқымын ектік. Өнім жақсы шықты. Әр гектары 650-700 центнерден айналуда. Бұл дақылды өсіруге Үкіметтен де жақсы қолдау бар, субсидия беріледі. Сол себепті тәтті түбір өсіруге ден қойдық. Жалпы, бұл дақылды өсірумен 15 жылдан бері айналысамыз. Лизингке алған техникаларымыз да бар. Суару бойынша биыл еш мәселе туындаған жоқ. Қазір бізде 10 шақты адам еңбекке тартылды. Қызылша жинауды қазан айының соңына дейін аяқтаймыз деп сеніп отырмыз, – дейді «Қыдырәлі» шаруа қожалығының жетекшісі Ерлан Шенгельбаев.

Бұдан бөлек, оларда 130 гектарға дәндік жүгері, 5 гектарға көкөніс, 12 гектарға жоңышқа және 20 гектарға сүрлемдік жүгері себілген. Шаруашылықтың жұмысы бір ғана дақылмен шектелмейді. Олардың техникалық мүмкіндігі де жеткілікті. Мәселен, қожалықта 5 «МТЗ» тракторы, 3 дәнді дақыл жинайтын комбайн, 1 қант қызылшасын жинайтын комбайн және 4 «КамАЗ» автокөлігі жұмыс атқаруда. Сондай-ақ қант қызылшасы, жүгері, басқа да дақылдарды себуге арналған 4 сепкіш пен түрлі қосалқы агрегат бар.

Айта кетейік, қант өндірісі қуаттылығын арттыруда Көксу қант зауытын жылына 250-ден 500 мың тоннаға дейін ұлғайта отырып жаңарту жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2027 жыл. Тартылатын инвестициялар көлемі 29 млрд. теңгені құрады. Қызылша қабылдауға арналған 5 «БУМ» машинасы дайын. Лабораторияға жаңа жабдықтар орнатылып, 8 мың тонна әктас жеткізілген. Газбен жабдықтауда келісімшарт жасалып, газ көлемін ұлғайтуға реконструкциялық жұмыстар жүргізілген. Аймақтағы қант зауыттары бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес шаруашылықтардан қант қызылшасын қабылдауды қыркүйек айының ортасынан бастайды.

Облыс бойынша биыл тәтті түбір 13,5 мың гектар алқапқа себіліп, одан жалпы 585 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 1,3 мың гектарға, жоспарланған өнім көлемі 86,2 мың тоннаға артқанын көрсетеді. Жиналған өнімнің таза салмақтағы көлемі 538 мың тоннаны құрайды деп күтілуде. Қазіргі таңда Ақсу, Сарқан, Ескелді, Көксу, Қаратал және Кербұлақ ауданында қант қызылшасын қазылуда. Бұл науқан Алакөл ауданы мен Талдықорған қаласында да жүргізіледі.

Жиын-терін жұмыстарына 115 қант қызылшасы комбайны мен 52 жапырақ жинағыш машина жұмылдырылды. Қолда бар техниканың мүмкіндігі тәулігіне шамамен 700 гектар алқаптағы өнімді жинауға жетеді. Биылғы өнім көлемінің артуы аймақтағы қант қызылшасы шаруашылығы үшін маңызды көрсеткіш болмақ.

Айгүл БАЙБОСЫН,

Көксу ауданы

Суреттерді түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Қант қызылшасы зауытқа жол тартты

Қант қызылшасы зауытқа жол тартты

26.09.2026
Тотыдайын түрленген Талдықорған

Тотыдайын түрленген Талдықорған

26.09.2026
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеуде

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы төмендеуде

25.09.2026
Жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды

Жоғалған екі әскери қызметшінің мәйіті табылды

25.09.2026
Каспий теңізіндегі төтенше жағдай: 12 әскери қаза тауып, іздеу-құтқару операциясы жалғасуда

Каспий теңізіндегі төтенше жағдай: 12 әскери қаза тауып, іздеу-құтқару операциясы жалғасуда

25.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.