Талдықорған: +11°C
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісуда сүт безі обыры бойынша 1 875 пациент диспансерлік есепте тұр

07.10.2026
ДЕНСАУЛЫҚ
Жетісуда сүт безі обыры бойынша 1 875 пациент диспансерлік есепте тұр

ӨКҚ

WhatsAppTelegramFacebook

Сүт безі обыры әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын елімізде 5 мыңнан астам жаңа жағдай анықталады. Ауруды ерте анықтау емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте Жетісу облысы көпсалалы емхана директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова мәлімдеді.

6 қазандағы мәлімет бойынша Жетісу облысында сүт безі обыры диагнозымен 1 875 пациент диспансерлік есепте тұр. 2025 жылдан бастап сүт безі обырына арналған скрининг 40-76 жастағы әйелдерге екі жылда бір рет жүргізіледі. Мамандар әйелдерді скринингтен уақытылы өтуге, денсаулықтағы өзгерістерге мән беріп, дәрігерге дер кезінде қаралуға шақырады.

– Өкінішке қарай, онкологиялық ауруларда қатерлі ісік жасушаларының мутацияға ұшырау ықтималдығы бар. Оның қанша жылдан кейін көрініс беретінін нақты айту мүмкін емес. Мысалы, сүт безінің қатерлі ісігімен ауырған әйелде бірнеше жылдан кейін басқа да онкологиялық аурулардың пайда болуы мүмкін. Бұл ретте генетикалық бейімділіктің маңызы зор. Мутацияға ұшыраған геннің және әйел ағзасының өзін қалай ұстайтынын, аурудың пациентте қалай дамитынын алдын ала нақты болжау мүмкін емес.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін зерттеулердің бірі – бүкіл денеге жасалатын ПЭТ/КТ зерттеуі. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге мұндай тексеруден өту ұсынылады. Зерттеу ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Оның құны шамамен 400 мың теңгені құрайды, – деді маман.

Аурудың алдын алу үшін дене салмағын қалыпты ұстау, дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, темекіден бас тарту және алкогольді шектеу маңызды. Тұқым қуалайтын қауіп факторлары бар әйелдерге де ерекше назар аудару қажет.

– Ең алдымен, генетикалық бейімділікке мән беру керек. Тұқым қуалайтын ауру ана немесе әке жағынан берілуі мүмкін. Оның сүт безі обыры болуы міндетті емес, басқа да аурулар кездесуі ықтимал. Сондықтан мұндай жағдайда адамды профилактикалық тексеруден өткізу маңызды.

Жыл сайын ультрадыбыстық зерттеуден өту керек. Ал әйел адам 40 жастан бастап маммографиядан өткені дұрыс.

Қазір елімізде жастар арасында гормондық дисбаланс мәселесі де кездеседі. Бұған тамақтану тәртібі, смартфонды көп пайдалану, ұзақ уақыт отыру, жаяу жүрудің азаюы және спортпен шұғылданудың төмендеуі сияқты факторлар әсер етеді. Мұның барлығы салауатты өмір салтына қатысты мәселелердің туындауына себеп болады, – деді Гүлайым Оразбекова.

Айта кетерлігі, «Қызғылт қазан – 2026» айлығы аясында облыста ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, көшпелі акциялар және Ашық есік күндері ұйымдастырылады. 10, 17, 24 және 31 қазан күндері әйелдер маммолог кеңесін алып, қажетті тексерулерден өте алады.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Біз неге байланып қаламыз?

Біз неге байланып қаламыз?

08.10.2026
Тұмауға қарсы тегін екпе салу басталды

Екпе – қауіпсіздік кепілі

08.10.2026
Қазақстанда теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда теміржол желісін жөндеу жұмыстары жалғасуда

08.10.2026
Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»

Мемлекет басшысы: «Сауда-логистика кешендері мен өнеркәсіп кооперациясы орталықтары мол мүмкіндікке жол ашады»

08.10.2026
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты

08.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.