Талдықорған: +20°C
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Нотариат заңнамасындағы жаңалықтар түсіндірілді

Бүгін, 11:12
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Нотариат заңнамасындағы жаңалықтар түсіндірілді
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Бексұлтан заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді таныстырды. Жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының орындалуы кеңінен талқыланды.

2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген заңнамалық жаңалықтардың бірі жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді нотариаттық куәландыру тәртібін қамтиды. Ендігі жерде пәтерді, үйді немесе жер телімін сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау, кепілге қою және иеліктен шығару туралы келісімдер мүліктің орналасқан жері бойынша тіркелген нотариуста жүзеге асырылады.

Департамент басшысы Жандос Елмұратұлы аталған ереженің азаматтар үшін маңыздылығын:

«Мысалы, пәтер Астана қаласында орналасқан, ал оның меншік иесі Талдықорған қаласында болған жағдайда, сату-алу шарты мүліктің орналасқан жеріндегі, яғни елордалық нотариус арқылы рәсімделуге тиіс. Белгіленген аумақтық қағидат мүліктің құқықтық мәртебесін, нотариаттық куәландыруды және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жүргізілетін мемлекеттік тіркеуді өзара тығыз байланыстырады. Мемлекеттік тіркеу тәртібінің өзі өзгерген жоқ, тек келісімшартты куәландыратын нотариустың орналасу орны нақтыланды. Меншік иесінің басқа өңірде болуы оның мүлкіне билік ету құқығын шектемейді, керісінше заңсыз схемалардың алдын алып, мәміле қауіпсіздігін арттырады», – деп түсіндіріп өтті.

Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Жетісу облысында ағымдағы жылдың тоғыз айында жекеше нотариустар 10 293 сатып алу-сату шартын куәландырған. Ал жаңа заңнамалық нормалар қолданысқа енгізілген қыркүйек айынан бастап өңірде 1 254 келісімшарт жаңа талаптарға сай сәтті рәсімделді.

Реформаның екінші маңызды бағыты – атқарушылық жазбаларды жасау және оларды орындау жүйесін цифрландыру. Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу шартынан туындайтын талаптар нотариустың атқарушылық жазба жасау құзыретінен түбегейлі шығарылды. Мұндай саладағы даулы мәселелер енді тек сот тәртібімен қаралады.

Бұдан бөлек, атқарушылық жазба міндетті түрде борышкер ретінде тіркелген жеке немесе заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жасалады. Сондай-ақ борышкердің берешекті жазбаша мойындауына қойылатын талаптар нақтыланды. Жай ғана келісімшарттың болуы жеткіліксіз, берешектің бар екені, оның дәл мөлшері және өндіріп алуға жататын соманы борышкердің өз қолымен мойындауы расталуы қажет.

Брифинг барысында департамент басшсы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз ететін жаңа механизмге ерекше тоқталды:

«Енді атқарушылық жазба жасалғаннан кейін борышкерге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресми ақпарат жіберіледі. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе хабарламаның жеткізілгенін автоматты түрде тіркейді. Азамат eGov Mobile жүйесінде авторизациядан өтіп, жеке кабинетінде құжатпен толық таныса алады. Егер қарсылығы болса, хабарлама алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүйе арқылы өз уәжін жіберуге құқылы. Аталған механизм азаматтарды күтпеген өндіріп алулардан қорғайды».

Жеке тұлғалар өтінішті жазбаша нысанда немесе ЭЦҚ арқылы бере алады, ал қаржы ұйымдары мен заңды тұлғалар өтінішті тек электронды түрде жолдайды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап атқарушылық жазба жасау өтініштері Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде кездейсоқ таңдау тетігі арқылы нотариустар арасында автоматты түрде бөлінетін болады. Осы қадам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Егер 10 күнде қарсылық түспесе, құжат мәжбүрлеп орындату үшін Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне автоматты түрде жолданады.

Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша нотариустар 44 708 атқарушылық жазба жасаған. Ал жаңа ережелер күшіне енген сәттен бастап 2 789 атқарушылық жазба ресімделген.

Қорытындылай келе, нотариаттық заңнамаға енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтарын сақтауға, мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызмет сапасын жаңа белеске көтеруге бағытталған. Өңірлік Әділет департаменті тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар Жетісу облысы тұрғындарының құқықтық қорғалу деңгейін арттырып, заң үстемдігін нығайта түсері анық.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Cу үнемдеудің тиімді жолы

Cу үнемдеудің тиімді жолы

Бүгін, 11:39
Нотариат заңнамасындағы жаңалықтар түсіндірілді

Нотариат заңнамасындағы жаңалықтар түсіндірілді

Бүгін, 11:12
Қазақстан мен Бельгия СІМ арасында маңызды құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Бельгия СІМ арасында маңызды құжатқа қол қойылды

Бүгін, 10:45
Жедел жәрдем жолын телефоннан бақылауға болады

Жедел жәрдем жолын телефоннан бақылауға болады

Бүгін, 10:15
Балалар арасындағы артық салмақ: «Саламатты мектеп» форумында маңызды шешімдер қабылданды

Балалар арасындағы артық салмақ: «Саламатты мектеп» форумында маңызды шешімдер қабылданды

Бүгін, 09:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.