Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Баспана бақыты

Бүгін, 15:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Журналистер де баспаналы болады
WhatsAppTelegramFacebook

Республика күні қарсаңында Талдықорғанда 22 отбасы көптен күткен баспаналарының кілтін алып, қуанышқа кенелді. Қаладағы «Құлагер», «Шығыс» шағынаудандарынан, «Жастар-3» тұрғын үй алабы мен «Береке» коттедж қалашығынан берілген пәтерлер әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтардың тұрмысын жақсартып, жаңа өмірге деген сенімін нығайта түсті.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Ернат Бәзіл жаңа қоныс иелерін құттықтап, баспана кілттерін табыс етті. Ол тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Соның ішінде әр отбасының өз баспанасына қол жеткізуі ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауының арқасында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, жаңа жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгін баспаналы болған 22 отбасын қоса алғанда, жыл басынан бері 639 отбасы қоныстойын тойлады. Ал жыл соңына дейін 1500-ден астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, – деді Ернат Бәзіл.

Жаңа пәтер кілтін алғандардың бірі – үш баланың анасы Тұрсынай Барменова. 13 жылдан бері жалдамалы баспананы паналап келген жалғызбасты ана үшін бұл күннің орны бөлек. Енді ол балаларымен бірге «Береке» коттедж қалашығындағы екі бөлмелі пәтерде тұратын болады.

– Бүгінгі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу қиын. Үш баламмен бірге ұзақ уақыт жалдамалы пәтерде тұрдық. Өз үйіміз болса екен деп армандап, баспана кезегін күттік. Енді, міне, көптен күткен кілтімізді қолымызға алдық. Балаларымның өз бөлмесі, алаңсыз ойнайтын өз үйі болғанына қуаныштымын. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған мемлекетке, қала басшылығына алғысым шексіз. Жаңа баспанамыз балаларымның бақытты балалық шағына куә болып, жақсылыққа толы шаңыраққа айналсын деп тілеймін, – дейді Тұрсынай Барменова.

Қоныстойын тойлағандардың қатарында төрт баланың анасы Ольга Гениевская да бар. Жұбайымен бірге қуанышты сәттің куәсі болған ол 7 жыл бойы тұрғын үй кезегін күткен. Осы уақыт ішінде отбасы жалдамалы баспанада тұрып келген.

– Біз бұл күнді көп күттік. Осы уақыт ішінде жалдамалы пәтерде тұрып, өз үйіміз болса екен деп армандадық. Бүгін жұбайым екеуміз балаларымызбен бірге жаңа баспанаға кіргенімізге шексіз қуаныштымыз. Енді өз үйімізде балаларымызды өсіріп, отбасымызбен алаңсыз өмір сүргіміз келеді, – дейді Ольга Гениевская.
Расында, баспана – төрт қабырға мен шатыр ғана емес, ол – отбасының берекесі, балалардың алаңсыз өсетін ортасы, ертеңге деген сенімнің тірегі. Әсіресе ұзақ жылдар бойы жалдамалы үйде тұрып, баспана кезегін күткен отбасылар үшін кілт табыстау рәсімінің мәні терең. Әрбір жаңа қоныс – бір отбасының үміті ақталып, өмірінде жаңа парақтың ашылғаны.

Айта кетейік, биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласында 92,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның басым бөлігі жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлерге тиесілі.

Республика күні қарсаңында жаңа үйдің кілтін алған отбасылар үшін бұл мереке қос қуанышқа ұласты. Енді олардың әрқайсысы өз шаңырағында жаңа армандарын жүзеге асырып, болашаққа сеніммен қадам баспақ.

Г. МҰҚАШҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Журналистер де баспаналы болады

Баспана бақыты

Бүгін, 15:30
Тамыры терең Тәуелсіздік

Ел егемендігінің бастауы

Бүгін, 14:26
Емхана – ел игілігіне

Емхана – ел игілігіне

Бүгін, 13:30
Үкімет: Қазақстанда газға қолжетімділік 80%-ға дейін артады

Алты үйге газ тартылды

Бүгін, 11:30
Тәуелсіздік тұғыры

Тәуелсіздік тұғыры

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.