Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЕКІ КҮНДЕ 16 КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

4 желтоқсан 2024
ДЕНСАУЛЫҚ
ЕКІ КҮНДЕ 16 КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы жалғасуда. Екінші күні  Медициналық орталық ауруханасы мен Ұлттық госпитальдің жетекші дәрігерлері өңірдің 65 тұрғынына консультация  беріп, 5 күрделі ота жасады. 


Сондай-ақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті мамандары өңірдің  медицина қызметкерлеріне  үш дәріс, шеберлік сабағы мен презентация жасады. Аталған шараға 70 маман қатысты. 

Екі күнді қорытындылап өтсек, жоба аясында жоғары санатты дәрігерлер 16 күрделі операцияны аяқтады. Нақтыласақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығының кардиохирургі  Әлібек Тойбаев, анестезиолог-реаниматолог Ғибарат Маданиев және перфузиолог-дәрігер Жәнібек Ашировтан тұратын топ Жетісу өңірінің 2 азаматына бірегей  ота жасады. 

Медициналық орталық ауруханасы мен Ұлттық госпитальдің  мамандары жасаған өзге де операциялар күрделілігімен ерекшеленіп, аймақтың хирургтері үшін жаңа ілім болды. Осылайша, екі күн ішінде кардиохирургиялық, аритмологиялық, гинекология мен травматологиялық операциялар жасалды.

Бейінді мамандар өңір тұрғындарына консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіп жатқанын айта кеткен жөн. Екі күн ішінде эндокринолог, пульмонолог, гастроэнтеролог және генетик жүкті әйелдерге, балалар мен қарттарды қосқанда 109-дан астам азаматқа кеңес берді.

Сонымен қатар, жергілікті хирургтар үшін практикалық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Кардиохирургиялық бригаданың дәрігерлері бір өкпелік интубация жүргізуді, шағын жол арқылы жасалатын операциялардан кейін қабырғааралық нервтердің блокадасын және УДЗ бақылауымен қантамыр және тамырға қол жеткізу техникасын көрсетті. 

6 желтоқсанға дейін Медициналық орталық делегациясы  емдеуді және консультациялық көмекті қажет ететін Жетісу облысының тұрғындарына тегін жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді жалғастырады. 

Айта кетейік, Жетісу облысы «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» жобасы аясындағы 14-ші аймақ. Бұған дейін Медициналық орталықтың мамандары 13 облыста болып, 250-ге жуық түрлі күрделі операция жасап, 2,5 мыңнан астам пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті, сондай-ақ 8 мың өңірлік дәрігер үшін 310-нан астам дәріс, семинар мен практикалық шеберлік сабағын өткізді. 

Жобаның негізгі мақсаты — еліміздің денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды іс жүзінде енгізу, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін бөлісіп, тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Бүгін, 10:32
Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Тоқаев пен Путин AI Journey форумы қарсаңында кездесті

Бүгін, 09:43
Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

Қытай тәжірибесі Тоқаевтың көзқарасымен қалай үндеседі?

26 қараша 2026
Жылқыларды жалыннан құтқарды

Жылқыларды жалыннан құтқарды

25 қараша 2026
Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

Түбі руға бөлінейік дегені емес пе?

25 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.