Талдықорған: +7°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Бүгін, 13:32
АЛТЫН ТҰҒЫР
Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда белгілі журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған футзалдан журналистер арасында республикалық турнир 6-шы рет өтті. Биылғы жарыстың жөні бөлек. Белгілі тележүргізуші тірі болғанда биыл 55 жасқа толып, ел ағасын жұрт болып құттықтар едік. Жетісудағы құрдас-достары, шәкірттері, інілері тұрақты түрде турнир ұйымдастырып, оны дәстүрге айналдырды. Осы жолы бәсекеге түскен 8 ұжымның арасынан «Әлем-Атырау» командасы жеңімпаз атанып, «Қарекет ет, батырым!» сөзін ұран еткен жетісулық журналистер 2-орын алса, 3-орын Өскемен қаласынан келген баспасөз қызметкерлеріне бұйырды.

Журналистер арасында тұрақты өтіп келе жатқан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир 6-шы мәрте ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – белгілі тележүргізушіні ұлықтау, еске алу, ал одан кейін Бейсен ағаның өзі үнемі Талдықорғанға сыйлы-құрметті жандардың басын қосып жүретін әдетін ары қарай жалғау. Турнир жылдан жылға түрленіп, ерекше өтіп келеді. Биылғы турнирдің ашылуына Жетісу облысы әкімінің орынбасарлары Диас Есдәулетов пен Марлен Көлбаев, ардагер журналист, Жетісу облысының Құрметті азаматы Әміре Әрін, «Қала мен дала» газетінің бас редакторы Ришад Асқарбекұлы, Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Қадырқызы, інілері Асқар мен Төлеген Құранбек қатысты.

Бұл турнир сыйластықтың, пікір алмасудың нағыз үлгісіндей. Бейсен Құранбек те жастардың жалындап тұрғанын, олардың бас қосып, іс тындырып, жоспар құрып, жұмыс істегенін жақсы көретін. Журналист бастап кеткен, көрсеткен өнеге, әдет ұмытылып кетпей, жүректен өшпей жалғасып келеді. Мәселен, бұл турнирде 3-орынға болатын матч өтпеді. Алматы қаласының журналистерінен құрылған команда Өскеменнен мың шақырымды артқа тастап арнайы келген ұжымға құрмет көрсетіп, алға оздырды. Жалпы жарысқа 100-ге жуық журналист қатысты.

Жарысты ұйымдастырушы, жазушы әрі журналист Есболат Айдабосынның айтуынша, турнир Жетісу облысы әкімдігі мен спорт басқармасының қолдауымен өтті.

– Мұнда футболға құштар журналистер жиналды. Олар өз өңірлерінің спорт алаңдарында кездесіп тұрады, ал мұндай жарыс – оларға кәсіби және достық қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Біздің басты мақсатымыз – Бейсен Құранбектің рухына тағзым етіп, артына қалдырған игі істерін ұлықтау, – деп атап өтті Есболат Айдабосын.

Қатысушыларға шеберліктері үшін арнайы сыйлықтар табысталды. Дәстүрлі марапаттар қатарына қазақ журналистикасының белгілі өкілдері Нұртілеу Иманғалиұлы, Сайын Тұрсынов және Амангелді Сейтхан атындағы жүлделер бар. Биыл олардың тізіміне спорт журналисі Диас Ахметшаріп атындағы арнайы жүлде қосылды. Жүлде қоры төрт мықты команда арасында бөлінді: бірінші орынға 1 миллион теңге, екінші орынға 700 мың теңге, үшінші орынға 500 мың теңге және төртінші орынға 200 мың теңге берілді.

«Жетісу-Ақпарат».

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.