Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акцияларының соңғы күні. Тұтынушылар тауарларды жеңілдікпен сатып алып, мерекелік ұсыныстарды пайдаланып үлгеруі керек, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Еліміздің барлық өңірін қамтыған акцияларға 649 сауда нысаны қатысуда. Оның ішінде 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі, сондай-ақ 417 сауда желісі бар. Акция аясында тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.
Republic Day акциясы аясында киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, үйге қажетті заттар және басқа да тауарлар арнайы бағамен ұсынылады. Ал Bereke Fest акциясы азық-түлік, күнделікті тұтыну тауарлары мен тұрмыстық химия өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық департаменттермен бірлесіп, акцияларды ұйымдастыру және сауда кәсіпорындарын тарту жұмыстарын үйлестірді.
Айта кетейік, жеңілдіктердің мөлшері, акцияға қатысатын тауарлардың түрлері мен оларды сатып алу шарттары әр сауда нысанында әртүрлі болуы мүмкін.





