Талдықорған: +6°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Visual Capitalist

WhatsAppTelegramFacebook

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қазан айында жариялаған әлемдік экономиканың шолуында Қазақстанның жыл қорытындысы бойынша номиналды жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) шамамен 398 млрд долларға бағалады. Осы есептеулер негізінде Visual Capitalist порталы әлем елдерінің экономика көлемі бойынша рейтингін жасады. Материалда қордың нарықтық бағам бойынша ағымдағы доллармен есептелген деректері пайдаланылған.

Рейтингте Қазақстан 47-орынға жайғасты. Елімізден сәл жоғары Чили мен Перу тұр, ал Португалия, Финляндия және Грекия төменірек орналасқан.

Бір жыл бұрын ХВҚ болжамы анағұрлым төмен болған еді. Ол кезде Қазақстан ЖІӨ көлемі шамамен 320 млрд долларды құрап, әлемдегі ең ірі экономикалардың алғашқы елу елінің соңғы қатарында тұрған еді. Көктемде қор есептеулерін қайта қарап, Қазақстан экономикасының болжамды көлемін ұлғайтты. Соның нәтижесінде еліміз рейтингте бір саты жоғарылады. Сол кезде Қазақстан экономика көлемі бойынша Финляндия, Жаңа Зеландия және Венгриядан озды.

Жаңа деректер бойынша ел тағы бірнеше сатыға көтеріліп, Португалиядан да жоғары орналасты. Жалпы, бір жыл ішінде Қазақстан экономикасының бағаланған көлемі шамамен төрттен біріне өсті.

ХВҚ болжамына сәйкес, биыл Қазақстанның нақты ЖІӨ-сі 4,4%-ға өседі. Бұл көрсеткіш АҚШ, Еуроаймақ, Германия, Ресей және Жапония экономикасының өсіміне қатысты болжамдардан жоғары. Қор шолуында аталған ірі экономикалардың ішінде Қазақстаннан жылдамырақ өсетін елдер – Үндістан мен Қытай. Ал әлемдік экономиканың жалпы өсімі 3,1% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Қазақстан экономикасы Орталық Азиядағы ең ірі экономика мәртебесін сақтап отыр. Бұл көрсеткіш бойынша өңірдегі ең жақын көршісі Өзбекстан ХВҚ-ның қазан айындағы рейтингінде 61-орынға жайғасқан. Қазақстанның ЖІӨ көлемі Өзбекстанның көрсеткішінен екі есе жоғары. Қордың көктемгі есептеулері бойынша, Қазақстан экономикасының көлемі Орталық Азиядағы қалған елдердің экономикасын қосқандағы жиынтық көрсеткіштен де асып түскен. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 19 мың доллардан асады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш бойынша да еліміз өңірдегі көршілерінен едәуір алда.

Қазақстан экономикасының өсуіне шикізаттық емес салалар елеулі үлес қосып келеді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, қаңтар-қыркүйек айларында шикізаттық емес сектор 5,4%-ға өскен. Ең жоғары өсім құрылыс саласында тіркеліп, 11,5%-ды құрады. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі, көлік және сауда салаларында өндіріс пен қызмет көрсету көлемі артқан. Экономиканың құрылымы да біртіндеп өзгеріп келеді. Бірінші жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 14,1%-ға жетті. Бұл салада машина жасау, химия өнеркәсібі және фармацевтика бағыттары айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.

ХВҚ сарапшылары келесі жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,9%-ға дейін жеделдеуі мүмкін деп болжайды. Сонымен бірге қор бағалауынша, инфляция бәсеңдеп, жұмыссыздық деңгейі аздап төмендейді. Елдің сыртқы экономикалық жағдайында да оң өзгерістер күтіледі. ХВҚ болжамына сәйкес, биыл ағымдағы операциялар шотының профициті ЖІӨ-нің 0,5%-ын құрауы мүмкін. Көктемде жарияланған ХВҚ-ның орта мерзімді болжамында келесі онжылдықтың басына қарай Қазақстанның номиналды ЖІӨ-сі 500 млрд доллардан асатыны айтылған. Сол есептеулер бойынша, осы кезеңде жан басына шаққандағы табыс та айтарлықтай өсуі мүмкін.

Осылайша, Қазақстанның әлемдік экономикалар рейтингіндегі орнының жақсаруы ел экономикасының номиналды көлемінің ұлғайғанын көрсетеді. Ал алдағы өсімнің тұрақтылығы экономиканы әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және шикізаттық емес сектордың үлесін арттыруға байланысты болмақ.

Visual Capitalist

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Бүгін, 17:12
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

Бүгін, 15:43
Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Республика күніне арналған акциялар бүгін аяқталады: 50%-ға дейін жеңілдік бар

Бүгін, 15:24
Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бірлік пен ізгіліктің жалғасы

Бүгін, 15:00
Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қалдықтарды қайта өңдеуге 122 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.