Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 458 кандидат тіркелді, оның ішінде:
– 48 кандидат – 16 округ бойыншаоблыстық мәслихатқа;
– 323 кандидат – 112 округ бойыншааудандық мәслихаттарға.
27 кандидат ұсынудан кейін өзкандидатураларын қайтарып алды, ал 2 кандидат тіркелгеннен кейінкандидатураларын қайтарып алды.
153 кандидат тіркеу үшін көзделгенбарлық құжаттарды, оның ішінде сайлаужарнасын төлеу туралы құжаттыұсынбаған.
Орта есеппен бір мандатқа 3,02 кандидаттан келеді.
Партиялық тізімдер бойынша:
Облыстық мәслихатқа 6 саяси партияқұрамында жалпы саны 48 адам бар партиялық тізімдерін ұсынды («Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Қазақстан халық партиясы», «Respublica»).
Партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың жиынтық үлесі бойыншабелгіленген талаптар сақталған. Нәтижесінде барлық 6 саяси партияның партиялық тізімдері тіркелді.
Ұсынудан кейін партиялық тізімдерінқайтарып алған саяси партиялар жоқ.Орта есеппен бір мандатқа 3 кандидаттан келеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды.
Барлық іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның және Күнтізбелік жоспардың талаптарына сәйкес жүргізілуде. Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясы





