Талдықорған: +15°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Алғыс арқалаған жандар

Бүгін, 11:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алғыс арқалаған жандар
WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. «Салтанат сарайында» ұйымдастырылған мерекелік жиында өмірдің қиын жағдайына тап болған жандарға күнделікті қолдау көрсетіп, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасыларға көмек қолын созып жүрген мамандарға алғыс айтылды.

Салтанатты шара аясында сала үздіктерін марапаттау рәсімінде кәсіби шеберлігі, адал еңбегі және әлеуметтік саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 37 адам төсбелгімен, Құрмет грамотамен, Алғыс хатпен және сертификатпен марапатталды.

Жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев әлеуметтік қызметкерлер еңбегінің қоғам үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

– Бұл – мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Ол қайырымдылықтың, өзара көмектің және бір-бірімізге қамқор болудың қаншалықты маңызды екенін еске салып, игі дәстүрге айналды. Әлеуметтік саладағы күнделікті еңбектеріңіз қоғам үшін аса қажет әрі маңызы зор, – дейді ол.

Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру тиімді әлеуметтік саясатпен тығыз байланысты. Бүгінде Жетісу облысының әлеуметтік қорғау жүйесінде 2600-ге жуық адам еңбек етеді. Оның 400-ден астамы – әлеуметтік қызметкерлер. Олар аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, зейнеткерлерге және қолдауға мұқтаж өзге де тұрғындарға көмек көрсетеді.

Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта өңірде осы бағытта жұмыс істейтін 17 мекеме бар. Оның жетеуі стационарлық, 10-ы жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Жалпы, аталған мекемелерде екі мыңға жуық мүгедектігі бар адам мен қарт азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – 2027 жылы Талдықорған қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орынды оңалту орталығын ашу. Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыруға бағытталған жаңа реформа іске асырылмақ. Бұл ретте қолданыстағы қолдау түрлері мен негізгі әлеуметтік кепілдіктер сақталады.

Әлеуметтік жұмыста адамға деген ықылас пен жанашырлықтың орны ерекше екенін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт те атап өтті. Ол сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, күнделікті еңбектерінің маңыздылығына тоқталды.

– Әлеуметтік қызметкер болу үшін кең жүрек, сабыр мен жанашырлық қажет. Әрбір көрсетілген қызметтің артында назар мен түсіністікке, қолдауға мұқтаж адам тұр. Сіздердің еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Өйткені адамдарға өмірлік қиындықтарды еңсеруге, қадір-қасиетін сақтауға және жақсылыққа деген сенімін жоғалтпауға көмектесесіздер. Барша әлеуметтік сала қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы игі істеріне табыс тілеймін, – деді Ермек Келемсейіт.

Мерекелік шарада әлеуметтік салаға саналы ғұмырын арнаған мамандарға да ерекше құрмет көрсетілді. Солардың бірі – Көксу ауданында 25 жылдан бері әлеуметтік қызметкер болып еңбек етіп келе жатқан Гүлфара Құлахметова.

Ширек ғасыр ішінде ол көмек пен қамқорлыққа аса мұқтаж талай жанның қасынан табылды. Әлеуметтік қызметкер үшін өз міндетін сапалы атқарумен қатар, адамның мұң-мұқтажын тыңдай білу, көңіл күйін түсіну, жылы сөз айтып, күнделікті мәселелерін шешуге қол ұшын беру де маңызды.

– Мен үшін әлеуметтік жұмыс – ең алдымен адамға қамқорлық жасау. Жиырма бес жылдық еңбек жолымда жылы сөздің, ықылас пен назардың, көмекке дайын болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Кейде адамға тек нақты көмек қана емес, оның жанын түсініп, мұңын тыңдайтын, өзін жалғыз сезінбеуіне сеп болатын адами қолдау да қажет. Біздің мамандықтағы ең басты қағида – әр адамға құрметпен, сабырмен және түсіністікпен қарау. Көрсеткен көмегіңнің біреуге шын мәнінде қажет екенін, пайдасын тигізгенін көргенде, еңбегіңнің еш кетпегенін сезінесің, – дейді Гүлфара Құлахметова.

Кәсіби мереке – қоғамға қызмет етудің жауапты да абыройлы жолын таңдаған жандарға алғыс білдіретін тағы бір мүмкіндік. Әлеуметтік сала мамандарының еңбегі көрсетілген қызметтер мен жүзеге асырылған бағдарламалардың санымен ғана емес, олардың көмегіне жүгінген адамдардың алғысы мен ақ батасымен де өлшенеді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

Бүгін, 12:45
Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Бүгін, 12:15
Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Бүгін, 11:45
Алғыс арқалаған жандар

Алғыс арқалаған жандар

Бүгін, 11:30
Елдегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары

Елдегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары

Бүгін, 11:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.