Талдықорған: +15°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Имамдар сыннан өтті

Бүгін, 10:30
ЖАҢАЛЫҚТАР
Имамдар сыннан өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Облыста мешіт имамдары мен дін қызметкерлерінің діни білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін бағалау және ілім деңгейін саралау мақсатында аттестаттау өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жалпы тәртібіне сәйкес ұйымдастырылған шараға республикалық деңгейдегі төрт маман арнайы қатысып, аймақтағы 300-ге жуық дін қызметкерінің біліктілігін сынады.

Аталған жұмыс дін қызметкерлерінің білімін тереңдетіп қана қоймай, діни қызметтің сапасын арттыруға, халыққа берілетін уағыз-насихаттың мазмұнын жетілдіруге бағытталған. Өйткені имамның міндеті тек діни рәсімдерді атқарумен шектелмейді. Ол қоғамға рухани бағдар беріп, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуде де маңызды рөл атқарады. Сондықтан діни қызметкердің білімі мен біліктілігін тұрақты түрде бағалап отырудың маңызы зор.

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Дәуітовтің айтуынша, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бекітілген тәртібі бойынша имамдар үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Бұл жолғы жұмыс республика өңірлерін түгел қамтып, белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылды.

– Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда да ұйымдастырылады. Алланың қалауымен, Жетісу облысына діни басқармадан ҚМДБ-ның Дін істері талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тілеубердиев, ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, ҚМДБ-ның Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков келіп отыр. Өңірімізде 300-ге жуық дін қызметкері бар. Олардың барлығы білім деңгейіне қарай аттестаттаудан өтеді. Жұмыс осы айдың соңғы үш күнінде жүргізіледі. Жетісудан кейін мамандар Ақтөбе, Түркістан және өзге де өңірлерге жол тартады, – дейді бас имам.

Аттестаттау барысында дін қызметкерлері атқаратын міндеттері мен қызмет деңгейіне қарай үш санатқа бөлінеді. «А» санаты бойынша облыстық мешіттерде қызмет ететін, үлкен мінберлерде уағыз айтатын имамдар, ұстаздар мен мешіт қызметкерлері білімін сарапқа салады. «В» санатына аудан имамдары мен наиб имамдар енгізіліп, олардың діни дайындығы мен меңгерген ілімі бағаланады. Ал «С» санаты ауылдық жерлердегі молдалар мен азаншыларды қамтиды.

Мұндай жіктеу әр дін қызметкерінің жауапкершілігі мен қызмет ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аттестаттау нәтижесі олардың біліміндегі олқылықтарды анықтап, алдағы уақытта қандай бағытта ізденіп, ілімін толықтыру қажеттігін айқындауға жол ашады.

– Облыстың бас имамы болып қызметке келгеннен бері Жетісу өңірінде аттестаттау екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқыда бұл үдерістің оңай болмағаны рас. Дайындықты талап етеді, әр дін қызметкері өз білімін үнемі толықтырып отыруы керек. Дегенмен, Аллаға шүкір, қазір тәжірибе қалыптасты. Ең бастысы, мұны бір реттік сынақ ретінде емес, үздіксіз ізденіске бастайтын мүмкіндік деп қабылдауымыз қажет. Дін қызметкері заман талабына сай білімін жетілдіріп, халықтың сеніміне лайық болуы керек, – дейді Керімбек Дәуітов.

Жалпы, діни білімді бағалау мен жетілдіру жұмыстары рухани саладағы жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Себебі халыққа бағыт-бағдар беретін имамның сөзі салмақты, білімі терең, ұстанымы орнықты болуы маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, облыста өтіп жатқан аттестаттау дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге және өңірдегі діни қызметтің сапасын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Фатима Сұпығалиева Сенегалда ел қоржынына алғашқы алтынды салды

Фатима Сұпығалиева Сенегалда ел қоржынына алғашқы алтынды салды

Бүгін, 13:45
Цифрландыру – заман талабы

Цифрландыру – заман талабы

Бүгін, 13:30
Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Бүгін, 13:15
«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

Бүгін, 12:45
Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.