5 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қалың қар түсуі мүмкін. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда жүргізушілерге сақтық шараларын сақтау ескертілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, бүгін Абай, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, жаңбыр аралас қар жауады. Кейбір аумақтарда қар қалың түсуі ықтимал.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда көру қашықтығы төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.
«Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз», – деп ескертті компания.





